Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы әкімдігінде 2019 жылы сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жұмысының жағдай туралы

Осы жылы қалалық комиссиямен 2 кездесу өткізілді, онда 4 мәселе қарастырылды.

Ақсу қаласында сыбайлас жемқорлыққа жат мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-мәдени іс-шараларының кешенді жоспары бекітілді, медиа-жоспар әзірленді. Аталған жоспарды іске асыру шеңберінде еңбек ұжымдары, жастар, қоғамдық бірлестіктер қатысушы болып табылатын кездесулер, дөңгелек үстелдер, мәжілістер өткізіледі.

«Нұр Отан» ХДП Ақсу филиалы жанында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес және партиялық бақылау комиссиясы жұмыс істейді. Олар сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтың алдын алуы және оны түсіндіру бойынша бірлескен мәжілістер, «дөңгелек үстелдер», орынға шығып қоғамдық қабылдаулар, бастапқы партиялық ұйымдардың жиналыстарын өткізеді және түсіндіреді.

Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімі «Нұр Отан» ХДП Ақсу филиалы есеп беру кезеңінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны орындауға бағытталған 16 іс-шара өткізді.

Анықтама:

- қала халқы арасында ақпараттық материалдарды таратумен «Сыбайлас жемқорлықсыз жастар» акциясы.

-  ағымдағы жылғы 16-17 мамырда Мәмәйіт Омаров атындағы және Евгеньевка селолық округтерінің әкімдері «Ертіс адалдық алаңы» жобасы шеңберінде азаматтардың қабылдауын өткізді.

- Ағымдағы жылғы  сәуірде барлық ауылдық мәдени-бос уақыт орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар өткізілген болатын.

-  5 шілдеде «Open Aksu» ғимаратында "Ertis - adaldyq alany" жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар басшыларының бірыңғай қабылдау күні болды.

Барлық мемлекеттік мекемелерде «Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсе плакатыілінді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған ақпараттық жадынамалар және плакаттар орналастырылды.

Өңір халқын кеңінен ақпараттандыру мақсатында қаланың ішкі саясат бөлімі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық қабылдамау ортасын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық әдеп пен моралға бейім болмау, мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа жат стандартын әдетке айналдыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.

2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақсу қаласының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы 8 билборд орналастырылды. «Пара берме / алма» баннері Ленин – Строителей көшелерінің қиылысында ілінген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «Таңдау өзіңде/Выбор за тобой» баннері Ленин – Астана көшелерінің қиылысында, «Одна взятка ДВА преступника» және «Патриот своей страны не молчит о коррупции» қалаға кіреберіс жолдағы трассада, «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының жанында, «Патриот своей страны не молчит о коррупции» Салтанат мейрамханасының жанында Әуезов көшесі бойында орналасқан.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің департаментімен ұсынылған «Таңдау өзіңде/Выбор за тобой» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы билборды «ЕЭК» АҚ бойындағы трасса бойында орналасқан.

«Ертіс адалдық алаңы» жобалық кеңсенің «Мы за честное и справедливое будущее!» 2 баннер Астана-Ленин көшесінің қиылысында және қалаға кіреберіс жолдағы трассада, «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының жанында ілінген.

2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру жұмысын ақпараттық-насихаттау топтары Кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізеді.

Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілетін жұмыс туралы есептерін жариялау кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес қала әкімдігі сайтында және қалалық газеттерде мемлекеттік органдар басшыларының 4 есебі жарияланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселесі Құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі қалалық комиссиясының мәжілістерінде қарастырылады.

Жергілікті органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының және сыбайлас жемқорлық көріністердің алдын алуына қолданған шаралар туралы халықты ақпараттандырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін 2019 жылдан бастап «Ақсу жолы», «Новый путь»  жергілікті газеттеріндегі «Сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтау» айдарында 60-тан аса мақалалар жарияланды.

Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімінің ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнйы бөлімі бар, ал ВКонтакте, Одноклассники, Facebook слеуметтік желілерінде, Instagramның «Ақсу шаңырағы» және «Aksu_news» (Аксу ньюс)  парақшаларында жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, азаматтық белсенділікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке бағытталған қалалық іс-шараларды өткізу туралы материалдар фотосуреттермен бірге жарияланады. Барлығы 120-ға жуық материалдар жарық көрді.

2018 жылғы наурыздан «Аксу – ТВ» қалалық телеарнасының желісінде өткізілген қалалық іс-шаралар туралы  хабарландыру сюжеттері шығуда. Жыл басынан бастап эфирге бір жұма аралығында қайталаумен   барлығы 10 хабарландыру блогынан аса жарық көрді.

2018 жылдан бастап Ақсу қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өңірдің тұрғындары арасында алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған іс-шаралар өткізілді.  Ағымдағы жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 600,0 мың теңге бөлінді. Берілген лоттың негізінде коррупцияға қарсы іс-шаралар циклін өткізу көзделген: семинарлар – әлеуметтік-маңызы бар мәселелер жөнінде, Ақсу өңірінің 5-9 сынып оқушылары арасында «Адал еңбек – жарық болашақ» тақырыбына суреттер сайысы, Ақсу өңірі тұрғындары арасында сауалнама ұйымдастыру, оқушылар мен студент жастары арасында сыбайлыс жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша театрлық қойылым конкурсы, «Мемлекеттік қызмет – халыққа адал қызмет ету», «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел»   дебат турнирі.

Мемлекеттік басқару органдарына сенімді арттыру мақсатында қала тұрғындарымен, сондай-ақ ауыл аймақтарының тұрғындарымен кездесулер өткізіліп тұрады.

         Ай сайын мен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында және қала әкімдігінің қоғамдық қабылдауында, бекітілген кесте негізінде, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау өткізіп тұрамын.

Әрбір мемлекеттік органда «Сенім телефоны» жұмыс істейді, өтініштер үшін пошта жәшіктері де бар. Есеп беру кезеңінде сыбайлыс жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарландыру түскен жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, сондай-ақ халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері ерекше бақылауда тұр.

2018 жылы  жеке және заңды тұлғалардың 590 өтініштері қарастырылды.

2018 жылдың 8 айында 43 980 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 5 855, электрондық форматта 32 116.

Ағымдағы жылғы маусымда Ашық әкімдік жобасы жұмысқа қосылды. Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін қызмет алушылардың қызмет берушілермен тікелей байланысы кезінде залда электрондық порталын пайдалану кезінде  залда ғаламторға қосылған   компьютерлерді орнатумен өзіне өзі қызмет көрсету залы көзделген, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу жөнінде кеңес өткізіледі. Ашық әкімдіктің қызметкерлерімен күнделікті азаматтарды Электрондық үкімет порталын пайдалану дағдыларына үйретеді.

Есеп беру кезеңінде өнір тұрғындарымен 66 кездесу өткізілді.

Коммуналдық, жер мәселелері, тұрғын үймен қамту мәселелері бойынша өтініштер жиі болып тұрады.

Жер телімдерін беру бойынша арнайы есепте барлығы 4099 азаматтар тұр, оның ішінде қала бойынша 3083. Тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 2 828 адам бар.

Ағымдағы жылғы 8 айда жер комиссиясы бойынша 18 отырыс өткізілді, онда 744 өтініш қаралды. Тұрғын үй комиссиясымен жыл басынан бастап 8 отырыс өткізілді, онда 143 өтініш қаралды.

Анықтама үшін: бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері – 107 адам, халықтың әлжуаз тобы – 67 адам және жетім балалар 20, тұрғын үйге кезекке қоюға бас тартылғандар – 36 өтініш.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беруге арнайы есепте тұрған азаматтар тізімі, сондай-ақ тұрғын үй алуға мұқтаждар тізімінде тұрған азаматтар  жыл сайын қалалық газеттерде жарияланады, қала әкімдігінің сайтында және уәкілетті мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратында ақпараттық стендте орналастырылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қала әкімдігі мәжілістерінің қорытындыларын жариялау жолымен бюджеттік қаражаттарды бөлу және жұмсаудың ақпараттық тазалығы қамтамасыз етіледі.  

Барлық мемлекеттік сатып алулар конкурс өткізу жолымен тек электрондық тәсілмен жүргізіледі.

Қаланың атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен жұмысқа ерекше көңіл аударылады.

Мемлекеттік лауазымдардың штаттық лимитінің саны 187 бірлікті құрайды.

Анықтама үшін: 2018 жылғы есеп беру кезеңінде лимит 187 бірлікті құрады, 34 мемлекеттік  лауазымның орындары ауыстырылды, штат санынан 18%  құрайды.

2018 жылы мемлекеттік қызметшілерді оқытуға 2000,0 млн.теңге бөлінді және игерілді. Есеп беру кезеңінде 26 лауазымның орны ауыстырылды, ол 44,2% құрайды.

Облыстың және Республиканың әр түрлі оқу құрылымдарында мемлекеттік қызметшілерді үздіксіз оқыту және біліктілігін арттыру тәжірибесі  жалғасуда. Сонымен, 2018 жылдың өткен кезеңінде өңірлік басқару мектебінде 32, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында 0  мемлекетік қызметшілер оқудан өтті.

Әкімшілік мемлекеттік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаларға тәлімгер бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 2018 жылы 18 мемлекеттік қызметшілерге тәлімгер бекітті.


2019-09-19 15:11:53

Сондай-ақ оқыңыз