Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

«Ертіс – адалдық алаңы» жобасы аясында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру бойынша қабылданған шаралар туралы» атты баяндама

Отанын сүйетін патриотты, жоғары адамгершілігі бар әлеуметтік құзыретті азаматты, жауапты әрі белсенді өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, мектеп ордасында сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді:

Ақсу өңірінің білім беру 24 мекемелерінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды, онда 296 оқушы қатысады. Осы клубпен дәрістер, дөңгелек үстелдер, «Адал және сатылмайтын еңбектің бейнесі» атты тақырып бойынша 1-4 сыныптар арасында сурет салу конкурсы, «Мемлекеттік қызмет – ел намысы үшін адал еңбек», «Интеллектуалдық меншік және мемлекет – 2050», сахналық қойылымдар өткізіледі. Сонымен қатар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар – акциялар, флэш-мобтар, әңгімелесу алаңдары, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдадың өкілдерімен кездесулер.

Осылайша, мысалы, 2018 жылғы 28 қыркүйекте Катаев атындағы Балалар сарайында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің Павлодар облысы білім беру басқармасымен бірге ұйымдастырылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының облыстық слеті өтті.

Конкурстардың нәтижелері бойынша Жамбыл орта мектебінің «Парасат» командасы «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» тақырыбында тұсаукесер жұмысында 2 орын алды, «Сыбайлас жемқорлықты алдын алу жолында» атты тарыптағы капитандар арасындағы шешендік өнері конкурсында Дөрбетхан Аружан 2 орынды алды. Командалық есепте Жамбыл орта мектебі облыстың үздік клубы атағын және 3 дәріжелі диплом алды.

Қазанның 15-19 аралығында жасөспірімді патриоттық тәрбиелеу және олардың шығармашылық талабын ашуға ықпал ету, сондай-ақ оқушылардың белсенді азаматтық ой-санасын қалыптастыру мақсатында «Транспарентті және есеп беруші мемлекет» тақырыбында бейнероликтердің қалалық конкурсы және «Мемлекеттік қызмет – ел намысы үшін адал қызмет ету» тақырыбы бойынша эссе конкурсы өткізілді. Бейнероликтердің облыстық конкурсында Шулембаев атындағы орта мектеп 1 орынды жеңіп алды.

2018 жылғы 7 қарашада Мәңгілік Ел азаматтық құндылықтарды (барлығының заң алдында теңдігін, еңбексүйгіштікті, адалдықты) насихаттау, оқушыларды патриоттық тәрбиелеу және олардың шығармашылық талабын ашуға ықпал ету мақсатында «Адал және сатылмайтын еңбектің бейнесі» атты тақырып бойынша сурет салу қалалық конкурсы өткізілді. Осы конкурстың қорытындысы бойынша Жамбыл орта мектебінің оқушысы Жанарбекулы Оразалы облыста 2 орынға ие болды.

2018 жылғы 23 қарашада ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясындағы 2015-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Балалар эко-техно орталығы базасында «Ақсу өңірінің халқы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыр» тақырыбында әңгімелесу алаңы өткізілді. Оның нәтижесінде Жамбыл орта мектебінің оқушылары 1 орын алды.

2018 жылғы 5 желтоқсанда өңірдің 26 мектебінің 9-11 сынып оқушыларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес халықаралық күні» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілген болатын.

«Ертіс – адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде білім беру мекемелерінің ақпараттық стендттерінде «Ертіс адалдық алаңы жобаның кеңсесі» баннері ілінді.

Оқушыларда әдептілік және адалдық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу мақсатында 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап өңірдің 24 мектебінде «Integrity Shop» («Адалдық дүкені») жобасы бастау алды, онда тәтті пісірмелер, сусындар және кеңсе тауарлары сатылды. Білім беру мекемелеріндегі «Адалдық дүкенінің» жұмыс тәртібі Фейсбук, Инстаграмм әлеуметтік желілерінде, «Аксу – ТВ» жергілікті теледидарында көрсетіледі.

2019 жылғы 17 сәуірде білім бөлімі «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының қалалық слеті өткізілді, оған 6 команда қатысты. Осы слеттің қорытындысы бойынша Ақсу қаласы № 4 орта мектептің «Мен патриот» ерікті мектеп клубы 1 орынды жеңіп алды.


2019-09-19 12:27:22

Сондай-ақ оқыңыз