Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Конкурсқа қатысу үшін

Қоғамдық кеңес құру туралы

             2015 жылдың  2 қарашасында Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңы қабылданды, ол   қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

 Қоғамдық кеңестің мақсаты азаматтық қоғамның маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру.

          Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде- коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынады, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы  мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

Конкурсқа қатысу үшін:

   1 ) кандидатураны қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

    2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі, сондай-ақ, аталған Заңның 10-бабына сәйкес  басқа да мәліметтер;

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

      Кандидатуралар бойынша ұсыныстар мен қажетті құжаттарды мына мекен-жай бойынша жолдауларыңызға болады:

Астана,52, 311 каб. тел. 8/71837/5-07-91, 6-27-96, эл. почта omua@mail.ru

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2016 жылғы 27 қаңтар сағ.18-00 дейін

Қоғамдық кеңес қалыптастыру бойынша жұмыс тобы


2016-01-21 10:19:14

Сондай-ақ оқыңыз