Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласы ішкі істер бөлімі 2017 жылғы 7 ай ішіндегі жұмысы туралы есебі

2017 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген құқық бұзушылықтар санының 7,98 % төмендеуі байқалды, 2017 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша 522 қылмыстық құқық бұзушылықты құрады, 567 қарағанда, яғни  45 фактіге.

Алайда қылмыстық құқық бұзушылықтар саны келесіде көбейді:

- денсаулыққа ауыр зиян келтіру 400% 1-ден 5-ке дейін;

сонымен қатар:

- ішімдіктен мас болған жағдайда 24,6%  73-тен 91-ге дейін;

- топпен 11,6 %  43-тен  48-ге дейін;

Әкімшілік тәжірибе жөнінде мәлімет

Ақсу қаласы ІІБ әкімшілік тәжірибе тобымен 2017 жылдың өткен кезеңінде салынған әкімшілік айыппұлды өтеп алу бөлігінде келесі жұмыстар атқарылды:

Барлығы 4587 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 42 млн. 101 мың 301 теңге айыппұл салынды, онда 3412 қаулы бойынша 28 млн. 36 мың 613 теңге айыппұл өндірілді. Айыппұл өндіріп алу 67% құрады, өткен жылмен салыстырғанда 2016 жылғы 7 айда барлығы 5051 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 39 млн. 968 мың 170 теңге сомаға айыппұл салынды, онда 3374 қаулы бойынша 25 млн. 616 мың 13 теңге айыппұл өндірілді. Айыппұл өндіріп алу 64,1% құрады.

Бұдан басқа, прокуратура қызметкерлерімен және сот орындаушыларымен бірігіп салынған әкімшілік айыппұлды төлеуден бас тартып жүрген тұлғаларды анықтау бойынша үнемі рейд іс-шаралары жүргізіліп тұрады.

2017 жылғы 24 қаңтардан 31 қаңтарға дейін Ақсу қаласының және ауыл аймақтарының аумағында «Борышкер» шұғыл-жоспарлы іс-шара өткізілді, оның барысында 153 қаулы бойынша 1 млн. 75 мың. 508 теңге айыппұл өндірілді, оның ішінде 2017 жылы және 79 қаулы өткен жылдары 914 мың 791 теңгеге салынғандар.

Сонымен қатар өткен жылдары салынған 6 млн. 696 мың 996 теңге, 2016 жылы 3 млн. 701 мың 87 теңге айыппұл өндірілді.

ҚР ӘҚК туралы 669-бабы бойынша 129 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жергілікті полиция қызметі

2017 жылғы маусым айында Ақсу қаласы ІІБ ЖПҚ бөлімшелерімен Ақсу өңірінің аумағында қылмыстың алдын алу, ашу жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторларының жеке іздеуімен 549 (537), ювенальды полиция тобының учаскелік полиция инспекторларымен 22 (20), учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 111 (117), жол-патрульдеу полициясының қатысуымен 141 (128), ППН пат.қызметімен 275 (272) учаскелік  қылмыс ашылды.

Қоғамдық құрылымдар жөнінде

2017 жылға «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды марапаттау»  003 бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық тәртіпті қорғауға белсенді қатысатын азаматтарды марапаттау үшін 1.000.018 теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінді, оның ішінде игерілгені 624.000 теңге.

Қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың жағдайына бақылау күшейтілді, мекенжайы, ойын-сауық мекемелері онда есептегі тұлғалардың болмауына тексеріледі, ҰБК ҚР мемлекеттік шекарасын есепте тұрғандармен заңсыз өту фактісі бойынша сұрау салулар жіберіледі.

Сондай-ақ Ақсу қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 335/3 қаулысы негізінде және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсету, азаматтардың кейбір санаттарының тізілімін анықтау және көлемін белгілеу Үлгілік ережесін бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, бас бостандығынан айырылған тұлғалардың, Ақсу қаласы ІІБ ЖПҚ қылмыстың қайталануын және әлеуметтік бейімдеуді төмендету мақсатында, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды Ақсу қаласы ІІБ есепке қойғаннан кейін Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыс орындары квоталарына, сондай-ақ қалалық бюджет арқылы қаланың кәсіпорындарында талап етілетін жұмыс орындарына қайта оқытылады.

Босатылған тұлғаның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барғанын бақылау үшін босатылу туралы анықтамада Ақсу қаласы ЖҚ және ӘББ маманы күнін және қолын қояды. Осындай белгі болмаған жағдайда босатылған тұлғаға қатысты жоғарыда көрсетілген ұйымға келуі талап етіледі.  Сондай-ақ босатылған тұлғаларды жіберуді және оларды жұмысқа орналастыруды   бақылау үшін ай сайын Ақсу қаласы ЖҚ және ӘББ тексеру жүргізіледі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі бойынша.

Қызмет көрсетілетін аумақта ағымдағы жылғы 7 айда барлығы 25 жол- көлік оқиғалары тіркелді, онда 4 адам қаза болды және 42 адам әр түрлі ауыр дене жарақаттарын алды. 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 26-2-45. ЖКО бойынша 3,8% және зардап шеккендер бойынша 6,6% төмендеуі, алайда қайтыс болғандар бойынша 200% өсуі байқалады.

Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда 11 жол-көлік оқиғалары жасалды, онда 1 адам қайтыс болды және 26 адам дене жарақаттарын алды, 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 8-0-22. Жол-көлік оқиғалары бойынша тұрақты, қайтыс болғандар бойынша өсу 100 % және жаппа шеккендер 15,3 %-ға төмендеді.

         Ақсу қаласында 8 жол-көлік оқиғалары жасалды, онда 1 адам қайтыс болды және 7 адам жарақат алды, 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 11-0-13. Жол-көлік оқиғалары 27,2 %-ға  және жаппа шеккендер 15,3 %-ға төмендеді, алайда қайтыс болғандар бойынша 100 % өсу  байқалады.

         Облыстық және жергілікті автожолдарда 6 жол-көлік оқиғалары жасалды, онда 2 адам қайтыс болды және 10 адам дене жарақаттарын алды, 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 7-2-10. Жол-көлік оқиғалары 14,2 % төмендеді, жаппа шеккендер және қайтыс болғандар бойынша тұрақты.

         Кәмелетке толмағандармен 6 жол-көлік оқиғалары тіркелді, 2 бала қайтыс болды және 9 бала дене жарақатын алды, 2016 жылдың ұқсас кезеңінде 5-1-5.

         Жол-көлік оқиғаларда жасаудың негізгі себептері жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режімін арттыру, қиылыстарды және жаяу жүргіншілер өтпесінде өту болып табылады.

         Өңірдің жолдарында аварияларды төмендету мақсатында жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтау жұмысы үнемі өткізіледі.

         Автомобиль жолдарында жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық шаралары өткізілді, оның барысында жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілермен 26 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды.

         Сонымен қатар, «Такси» жедел-профилактикалық шаралары өткізілді, оның барысында 54 такси жүргізушілері анықталды және  әкімшілік жауапкершілікке тартылды, «Қауіпсіз жол» шарасы бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған 58 жүргізуші анықталды және жауапкершілікке тартылды, «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шараларының сәуірдің 10-ынан 20-ына дейін бірінші кезеңі өткізілді, оның барысында  163 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды және оның жолы кесілді, «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шараларының мамырдың 15-інен 25-іне дейін екінші кезеңі өткізілді, оның барысында  142 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 19 мамырда «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалымен бірге жолда қабылдау акциясы өткізілді, акцияның барысында  № 7 ОМ жоғары сынып оқушыларымен сынып сағаты ұйымдастырылған болатын, одан кейін қала бойынша жүргізушілер арасында сауалнама өткізілді, онда жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша кітапшалар мен жадынамалар таратылды.

         «Новый путь» жергілікті газетінде 7 мақала жарияланды және «Автобус» және «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шараларын өткізу және оның қорытындылары туралы ақпарат орналастырылды.

Жергілікті полиция қызметі ЮПТ желісі бойынша

2017 жылғы ағымдағы кезеңінде, сонымен қатар 2016 жылғы ұқсас кезеңде кәмелетке толмағандармен бір қылмыс жасалды.

Ағымдағы жылғы өткен кезеңі ішінде Ақсу қаласының ішкі істер бөліміне 130 (237) кәмелетке толмағандар, 45 (68) қадағалаусыз балалар әртүрлі құқық бұзушылықтармен жеткізілді, алкоголь ішімдіктерін ішкен үшін – 15 (21). 110 (118) ата-аналар және оны алмастыратын тұлғалар ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналық құқығынан айыру үшін 2 материал сотқа жіберілді. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 29 (38) материал жіберілді. ҚР ӘІЖК 133-бабы бойынша – 11 (11), дүкендердің сатушыларына. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде жүру 5 (7) фактісі, заңды өкілдердің ойын-сауық мекемелеріне кіргізуге жол берген 6 (8) факті анықталды.

№ р/с

 ПОЗИЦИЯНЫҢ АТАУЫ

2016 жыл-ғы         7 ай

2017 жыл-ғы

7 ай

+-

 

127-бабы  (балаларды тәрбилеу бойынша міндеттерді орындамау)

66

62

-4

132-бабы (түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемелерге жіберді)

7

5

-2

133-бабы(кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдарын сату)

11

11

0

2,3-бөлімі 442-бабы ( баспанадан тыс)

168

158

-10

1-бөлімі 442-бабы(ойын-сауық мекемелерде болу)

8

6

-2

440-бабы  (кәмелетке толмағандармен алкоголь ішімдіктерін ішу)

21

15

-6

Мектептердің және басқа оқу орындарының қимасында алкоголь заңнамасы бұзушылықтарын жасаған кәмелетке толмағандардың саны 2017 жылғы 7 айда мынадай түрде болды:

ҚМ колледжі -4;    Шүлембаев ОМ -0;   Жаяу-Мұса атындағы колледж - 2;  лицей – 0, №7 ОМ  -1; № 8 ОМ -2;  № 4 ОМ - 0; оқушылар емес - 0.

Оқу орындарында әртүрлі құқықтық тақырыптарға сөз сөйлеулер ұйымдастырылды - 267(538).

ТҚТ желісі бойынша

Ақсу қаласының ІІБ табиғатты қорғау тобы 2017 жылғы 7 ай ішінде браконьерлікке қарсы күрес, аңшылық және балық аулау ережесі, сондай-ақ орманды заңсыз кесу бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алуға, жолын кесуге және анықтауға бағытталған жалпы және жеке профилактикалық жөніндегі нақты жұмыс өткізілді.

Осылайша, табиғатты қорғау заңнамасы саласында көрсетілген кезең ішінде келесі құқық бұзушылықтар анықталды:

- ҚР Қылмыстық Кодексінің 340-бабы – 1 факті, қылмыстық іс тексеру жүргізу сатысында тұр.

- ҚР ӘІЖК (аңшылық ережесін бұзу) – 15 факті, ескерту түрінде әкімшілік жазалар салынды

- ҚР ӘІЖК (балық аулау ережесін бұзу) – 33 факті, 374385 теңге сомаға әкімшілік айыппұл салынды, 283625 теңге өндіріп алынды, 60 %.

         Барконьерлікпен күрес, орманды заңсыз шабуды, балық аулау ережесін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында 2017 жылғы 7 ай ішінде Ақсу қаласы ІІД табиғатты қорғау тобы және басқа ведомствоға бағынысты органдардың қызметкерлері бірлесіп  тізімдегі аңшылық жайылымдарына және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барумен 51 рейдтік іс-шаралар өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 31.08

 

 

 

 

 

 

 


2017-08-31 10:27:17

Сондай-ақ оқыңыз