Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Халыққа қызмет көрсету орталығы

                                                  Павлодар облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалы Ақсу қаласы бөлімі

басшысы бос орын

 

Мекен жайы: Ақсу қаласы Ленин көшесі 10 үй

Байланыс телефоны: 8/71837/69060,69066

           Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында» деп аталатын жолдауын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы №1 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарын – мемлекеттік мекемелерін құру туралы» қаулысының негізінде облыстарда, Алматы және Астана қалаларында «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылған болатын.

           Осылайша, Қазақстанның барлық облыстық және аудан орталықтарында, соның ішінде «Казпочта» АҚ жергілікті бөлімшелерін қосқанда 256 ХҚКО ашылды.

            Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтарының үлгісін әзірлеу кезінде дамыған елдерде, соның ішінде Германия, Ұлыбритания, Нидерланды сияқты елдерде сәтті жұмыс жасап тұрған баламалы ұйымдардың шетелдік тәжірибесі есепке алынып, қолданылды. Осылайша, шетелдік әріптестердің үздік тәжірибелері біздің экономикалық және әкімшілік жүйені ескере отырып пайдаланылды.

            ХҚКО-н құру идеясы прогрессивті идея ретінде тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де ыңғайлы болғандығын дәлелдеп, өзін-өзі ақтап отыр. Мемлекеттік қызметті алуға жүгінген әрбір азамат өзіне қажетті барлық анықтамалар мен құжаттарды «бір терезеден» алып, соның нәтижесінде келесі қандай органға жүгіну қажет, қандай құжаттарды жинау керек, сондай-ақ ең бастысы қажетті құжаттардың әрқайсысын алуға қанша уақыт қажет деген ойда болмайды.

            ХҚКО қызметінің бірінші жылдары тұрғындарға барынша жайлы жағдай жасау, әкімшілік кедергілерді және сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын себептерді, бюрократизм мен әуре-сарсаңға салынуды жою  бойынша қойылған міндеттерді орындаудағы олардың тиімділігін көрсетті.

          ХҚКО-ның басты оң қасиеттері ретінде барлық тұрғындар үшін тең қолжетімділіктің қамтамасыз етілуі, түрлі органдардың құжаттарын әзірлеу бойынша қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжатты әзірлеушілер мен тұрғындар арасында тікелей байланыстың болмауы сияқты маңызды аспектілер болып отыр.

            Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндегі екі жыл жұмыстан кейін, Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2012 жылғы 15 қаңтарда №11 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комиетінің халыққа қызмет көрсету орталықтарын – мемлекеттік мекемелерді жергілікті атқарушы органдардың жүргізуіне тапсыру туралы» қаулысы қабылданды. Уәкілеттікті тапсыру жергілікті биліктің тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болуына және олардың қажеттеліктерін жақсы білуіне байланысты жүзеге асырылған еді. Осылайша, оған қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін атқаратын ХҚКО-ның мемлекеттік басқару органы облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері болды.

            ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы №249 Қаулысына сәйкес ХҚКО-ры ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің жүргізуіне тапсырылды (бұдан әрі - Комитет).

              ҚР Үкіметінің  «Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2011 жылғы 11 қарашадағы №1325 Қаулысының негізінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

          Осылайша, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 25 республикалық мемлекеттік мекемелері оларды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына біріктіру жолымен қайта құрылды.

              Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін бұдан әрі жетілдіру туралы» 2012 жылғы 20 қаңтардағы №226 жарлығымен Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне біріктірілді.

              Көлік және коммуникация министрлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ХҚКО-н бұдан әрі дамыту мақсатында оларды жаңғырту, мемлекеттік қызметтерді ұсынудың бизнес-үдерістерін оңтайландыру және оларды автоматтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырылды.

        Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 7-тармағын орындауда Алматы, Астана қ. қ., Қарағанды, Манғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарымен бірігіп автокөлік құралдарын тіркеу/қайта тіркеу және жүргізушілік куәліктерін беру бойынша мамандандырылған ХҚКО жобаларын іске қосу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 18.10


2015-06-06 08:47:40

Сондай-ақ оқыңыз