Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесі.

                                        

Абдыкалыкова

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесі

 

           Басшы – Мугулсум Болатовна Абдыкалыкова 1976 жылы Ресей Федерациясы Новосібір облысында дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.    Павлодар кооперативтік техникумын 1995 жылы «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық ісінің сараптамасы» мамандығы бойынша аяқтады. 2007 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады.

 

Еңбек жолын Ақсу аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің зейнетақыны және жәрдемақыны жеткізу бөлімінде аға кассир ретінде 1996 жылдың ақпан айынан бастады. 1997 жылы Ақсу қалалық тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөліміне аға маман ретінде жұмысқа қабылданады. 1998 жылы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Ақсу аудандық бөлімшесіне зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша (соңғы бақылау) маман ретінде жұмысқа қабылданып, аталмыш бөлімшеде ұзақ жылдар бойы үздіксіз абыройлы қызмет атқарды. 2016 жылғы 17 наурызда «ЗТМО» Ақсу аудандық бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды.

Үкіметтің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы № 39 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың  7 сәуірінде  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

2016 жылғы 8 сәуірде «ЗТМО» Ақсу аудандық бөлімшесі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесі болып қайта құрылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-тың 2016 ж. 29.06. № 01-04-04-н/қ  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалдарының атауын өзгерту туралы» бұйрығымен  Павлодар облысы бойынша «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті атауы Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті атауына өзгертілді.

2016 жылғы 12 шілдесінде «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесінің атауы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-тың Павлодар облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті болып өзгертілді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту үшін 2016 жылдың 01 шілдесінен бастап «ЗТМО» департаменті бөлімшелерінің мамандарын «ХҚКО» департаменті бөлімдеріне тапсыру арқылы құжаттарды қабылдау тек қана ХҚКО бөлімдерінде жүзеге асыру сынамалы жобасы іске қосылды.

2017 жылғы 16 қаңтардан бастап «ӘТВЕО» департаменті Ақсу аудандық бөлімшесінің фронт-офис функциялары Ақсу қ. «ХҚКО» департаментінің бөліміне тапсырылды. ӘТВЕО» департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесі 2017 ж. 16.01. бастап «Back-office» функциясын орындайды.

Павлодар облысы бойынша «ӘТВЕО» департаменті бөлімшелерінің «Back-office» функциясы Мемлекеттік корпорациясының ХҚКО бөлімдерінде, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде қабылданған істердің макеттерін өңдеуден және бекіту үшін құзырлы мекемелерге жолдаудан құрылады.

Департамент қызметінің мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Департамент қызметінің мақсаты – халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, міндеттері мен басымдықтарын іске асыру.

Департаменттің негізгі борышы – әлеуметтік қорғау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

Департаменттің негізгі функциясы зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды, балалы отбасыларға баланың тууына және оны күтуге байланысты төленетін жәрдемақыларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік бiржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді уақытылы төлеу болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері:

- зейнетақы, жәрдемақы және өзге төлемақылардың төленуін ұйымдастыру;

- зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындауға және төлеуге халықтан құжаттар қабылдау бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру;

- сұраныс бойынша зейнетақы және жәрдемақы төлеу істерінің жағдайы жөнінде, зейнеткерлер, жәрдемақы алушылар саны туралы жедел ақпараттарды (статистикалық мәліметтерді) және өзге де ақпараттарды дайындау;

- зейнетақы және жәрдемақы тағайындау үшін іс үлгілерін қалыптастыру, алушылардың орталықтандырылған дерекқорын жаңарту бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Кәсіпорыннан зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан (бұдан әрі – «МӘСҚ» АҚ) әлеуметтік төлемдерді алушылардың іс үлгілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне бекітуге ұсыну;

- халықты дербестендірілген есепке алу мәселелері бойынша жұмысты, Зейнетақы реформасының ережесін түсіндіру бойынша ақпараттық материалдар мен нормативтік құжаттардың дайындалуын ұйымдастыру;

- мемлекеттік дерекқордағы жеке тұлғалар туралы мәліметтерге сәйкес деректемелер бойынша салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруге қатысты өтініштер мен сұраныстарды қабылдау жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру;

- әлеуметтік аударымдар мен (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі агенттен қате аударылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдарды қайтару туралы өтініштерді, қызметкерде міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттың болуын растауға өтініштерді қабылдау;

- зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің дұрыс төлену мәселелері бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің қызметін бақылау;

- іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, соның ішінде азаматтардың зейнетақы және жәрдемақы төлеуге қатысты өтініштерін, арыздарын, хаттарын қарастыру;

- Кәсіпорынның жарғылық мақсаттарына сәйкес басқа ұйымдар мен жеке тұлғаларға кеңес беру және өзге де қызмет түрлерін көрсету.

Департаментке екінші деңгейлі банкілерден іс жүзінде жүргізілген зейнетақы және жәрдемақы төлемдері туралы есептерді қабылдау, зейнетақы және жәрдемақы төлеуге аударылған қаражатты жұмсау туралы мәліметтерді банкілермен салыстыру жұмысын жүргізу құқығы беріледі.

Департамент келесі қаржылық жылға болжалды инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы төлеміне құқығын алған кездегі салымшы іс жүзінде аударған міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін анықтайды.

Біздің мекенжаймыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 26-үй.

 

Тұрғындардың назарына!

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қызмет алушылардың бала тууына байланысты берілетін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақылар (бұдан әрі – бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақылар) жөнінде өтініштерін электронды Үкімет порталы (ЭҮП) арқылы қарастыру енгізілді. Бұл ретте мемлекеттік қызмет (МҚ) жұмыссыз қызмет алушыларға және әлеуметтік сақтау жүйесінің қатысушыларына да көрсетіледі.

Жәрдемақыларды тағайындау жөнінде өтініштерді ЭҮП арқылы берудің басымдылықтары:

- өтініш беруші үшін ыңғайлы уақыт, яғни өтініш беруші Интернетке  қолжетімділік пен электрондық сандық қолтаңбасының (ЭСҚ) болуы арқылы «үйден шықпай-ақ» қызмет ала алады;

- қызмет алу үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік органдар инстанцияларына жолықпай-ақ жинастыру;

- материалды шығындардың орын алмауы.

ЭҮП арқылы өтініш пен талап етілетін қызметті таңдаған кезде мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіндегі сұраныстар автоматты түрде орындалады.  Бұл мәліметтер жәрдемақы тағайындау үшін қажет. Өтініш берушіге ЭҮП-те электронды өтінішті толтыру жеткілікті болады. Сондай-ақ қызмет алушы жіберген сұранысының алыну және өңделу мәртебесін қарастыру жолымен талқылану бағытын өздігінен қадағалау мүмкіндігін алады.

Электронды Үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында қарастырылатын келесі қызмет түрлері көрсетілуі мүмкін:

1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»; 

2. «Жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»;

3. «Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;

4. «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау»;

5. «Бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны тағайындау».

Сондай-ақ келесі қызмет түрлеріне бір уақытта өтініш беру мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн: «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

Толық ақпарат пен ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде оқыту роликтері «электронды Үкіметтің» Интернет-ресурсында  www.egov.kz орналасқан.    

ЭСҚ-ны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелерінде төмендегі мекенжайлар бойынша алуға болады: Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Ленина көшесі, 10-үй.

                                                1. Жұмыс тәртібі

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тұрғындарды қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап сенбі қоса алғанда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, жексенбі және Қазақстан Республикасы еңбек кодексіне сәйкес мереке күндер демалыс.

Қабылдау ХҚКО-да қызмет көрсету электрондық «кезек тәртібі» бойынша іске асады,  қызмет алушының жергілікті тіреклу орнынан жеделдете қызмет көрсетусіз, электрондық кезекпен портал арқылы да тұруға мүмкін бар. 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  http:// www.enbek.gov.kz, Мемлекеттік корпорация бөлімшелердің ақпараттық стендтерінде және ақпараттың ресми көздерінде орналасқан.

                2. Көрсетілетін қызмет түрлері

Мемлекеттік қызметтің атауы

бір қызмет алушының күтуіне барынша рұқсат етілген уақыт

бір қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілген уақыт

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемін тағайындау»

15 минут

30 минут

10 жұмыс күні

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»

15 минут

20 минут

8 жұмыс күні

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»

15 минут

20 минут

8 жұмыс күні

«Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау»

15 минут

20 минут

8 жұмыс күні

«Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу»

15 минут

20 минут

8 жұмыс күні

«Баланың тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау»

15 минут

20 минут

7 жұмыс күні

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

15 минут

20 минут

8 жұмыс күні

«Мүгедек-баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау»

15 минут

20 минут

7 жұмыс күні

«Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»

15 минут

20 минут

3 жұмыс күні

«Банкроттық салдарынан тартылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау»

15 минут

20 минут

10 жұмыс күні

 

Қаржыландыру көздері және төлем түрлері

Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының негізгі міндеті –  зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу. Қаржыландыру Республикалық бюджеттен (бұдан әрі – РБ) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жүргізіледі.

РБ-дан:

- зейнетақы;

базалық зейнетақы төлемі;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар:

- мүгедектiгi бойынша;

- асыраушысынан айырылуына байланысты;

- жасына байланысты;

-мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы:

- жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№ 1 тізім бойынша);

- еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№2 тізім бойынша);

- бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы;

- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақы;

- мүгедек-баланы (мүгедек-балаларды) тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы;

- арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы:

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

- ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердiң жесірлері;

- Қайтыс болған ҰОС мүгедектері мен мүгедектік тобы бар қатысушыларының әйелдері (ерлері);

- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ, үш дәрежелi Еңбек Даңқы ордендерiнiң иегерлерi, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»  құрметтi атағына ие болған адамдар;

- Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;

- ҰОС жылдарында ордендермен және медальдармен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) тұлғалар;

- ЧАЭС апат салдарын жоюға қатысушылар;

- 1, 2, 3 топтың мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;

- Алтын алқа, Күміс алқа белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын иеленген және І, ІІ дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- Бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

- Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы алатын тұлғалар.

Жерлеуге арналған біржолғы төлемақы.

- Банкроттық салдарынан тартылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

 

 

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2017 жылға арналған әлеуметтік индикаторлар

 

2017 ж. 01.01. бастап:

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 269 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы – 28 148 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 24 459 теңге;

Базалық зейнетақы төлемі – 12 802 теңге;

Жалақының ең төменгі мөлшері – 24 459 теңге.

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 25-VI «2017–2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап тағайындалған зейнетақы төлемдері 9 пайызға өсті.

2016 жылғы 01 қаңтардан бастап барлық зейнеткерлердің, соның ішінде жасына қарай зейнетақы төлемдерін алатындардың зейнетақы мөлшері алып отырған зейнетақы төлемдері көлемінен 9 пайызға көтерілді.

2017 ж. 01.01. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі 2016 жылы алынған төлемнен 7%-ға көтерілді және  12 802 теңгені  құрады.

№ 1 және № 2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың мөлшері, тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты көтерілді.

Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы (мүгедек-балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын жәрдемақы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,05 * ЕТЖМ, яғни 25 682 теңгені құрайтын болады.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс мөлшерінің ең жоғарғы шектеуі 41 АЕК (2 269 теңге х 41 = 93 029 теңге).

Облыс бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (қарулы күштер ді есепке алғанда) 48 479 теңгені құрайды, ең төменгі мөлшер 28 148 теңгеге дейін көтерілді, ең жоғары мөлшер 69 772 теңгеге өсті.

Жалпы саннан алып қарағанда, ең төменгі зейнетақыны 97  адам немесе 0, 08 %  алады.

Еңбек өтілі толық емес жағдайда – 9 116 адам немесе 8,1% .

Ең жоғары мөлшердегі зейнетақыны 24 адам немесе жалпы санның 0,02 %-ы алса, 18 853 адам ең жоғары зейнетақы мөлшерінен жоғары немесе 16,6 %-ын, зейнетақының орташа және жоғары мөлшерін 55 354 адам немесе 48,8%-ы алады.

Базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 12 802 теңгені құрады, бұл төлемді облыс бойынша – 113 567 адам алады.

Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері – 71 270  теңгеге, ал төртінші және одан да көп бала туған жағдайда – 118 783 теңгеге өсті.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақы мөлшері:

- бірінші балаға – 13 070  теңге;

- екінші балаға – 15 452  теңге;

- үшінші балаға – 17 812  теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 20 195 теңге.

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 25-VI «2017–2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2017 жылғы 01 шілдеден бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдарына байланысты төленетін зейнетақыны 11 %-ға ұлғайту қарастырылды.

2017 жылғы 01 шілдеден бастап:

Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 31 245 теңге;

Базалық зейнетақы төлемі – 14 466 теңге болып белгіленсін.

 

Әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысы МӘСҚ-тан әлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемге құқылы болып есептеледі.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi:

- еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайында;

- асыраушысынан айырылу жағдайында;

- жұмысынан айырылу жағдайында;

- жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайында;

- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайында;

- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу жағдайында.

2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты тағайындалған әлеуметтік төлемдер мөлшері 7 %-ға ұлғайды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 0 қарашадағы № 752 «2016 жылғы 01 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі туралы» қаулысы.

 

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда тағайындалатын әлеуметтік төлем

 

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайларда тағайындалатын әлеуметтік сақтандыру 2008 жылдың 01 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдерге ана мен баланы қолдау үшін енгізілді. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің (МӘСЖ) қатысушысы  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдар жүргiзген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) қаражатынан бөлінген әлеуметтік төлемақыларды алуға құқылы.

Әлеуметтік төлемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдау «ХҚКО» департаменттерінде жүргізіледі.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

2) тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы) –(түпнұсқасы);

3) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парағы (парақтары);

4) банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банкілерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банкілік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20 белгілік есепшот туралы хабарламаның түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;

5) өздігінен қызмет атқаратын тұлғалар үшін қосымша:

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

- салық органдарымен берілген бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі.

 

 

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем

 

Ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін енгізілді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзім аралығына дейін тағайындалады. Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер қайтыс болған айға қоса төленеді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (МӘСЖ) қатысушысы  тұрғылықты мекенжайы бойынша Мемлекеттік бөлімшелеріне жүгіне алады (бұдан әрі – ХҚКО).

 Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

2) тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы) – (түпнұсқасы);

3) баланың (балалардың) туу туралы куәліктерінің көшірмесі немесе туу туралы актілер жазбасының көшірмесі, сондай-ақ салыстыруға қажетті түпнұсқалары (түпнұсқасы мен көшірмесі);

4) банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банкілерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банкілік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20 белгілік есепшот туралы хабарламаның түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;

5) егер бір жасқа дейін ұл баланы (қыз баланы) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша функцияны жүзеге асыратын органмен берілген баланы (балаларды)  асырап алу туралы сот шешімі үзіндісінің көшірмесі;

«ӘТВЕО» департаменті бөлімшесінің атауы

«ӘТВЕО» департаменті бөлімшесінің орналасқан мекенжайы

Қала коды және байланыс телефондары

Жұмыс кестесі

«ӘТВЕО» департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесі

 

Ақсу қ., Астана көш. 26

pavlodar01@gcvp.kz

8 718 374 99 40

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-дан 14.30-ға дейін түскі ас үзілісімен бірге сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру ХҚКО бөлімдерінің ғимараттарында төмендегі мекенжай бойынша дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады: Ақсу қ., Ленин көш., 10.


Қызмет алушылардың назарына!
 

www.egov.kz«Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз келесі мемлекеттік қызметтерді ала аласыз: 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»;

«Бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды тағайындау»;

«Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»

Сондай-ақ www.egov.kz«Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз мемлекеттік қызмет көрсетулердің нәтижелері бойынша ақпарат ала аласыз:

- зейнетақы төлемдерін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту).

Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған кезде, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

--------------------------------------------------------------------------------------------

Сенім телефоны 

Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінде зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысты ұйымдастыру, зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу жөніндегі сұрақтар бойынша сенім телефоны ұйымдастырылған, сондай-ақ «ӘТВЕО» департаменті жұмыскерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы  8 718 270 44 01, 8 718 270 44 07 сенім телефондары арқылы сенбі, жексенбіден басқа күндері күн сайын 15.00-ден 18.00-ге дейін байланысуға болады.  

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар тізбесі туралы толық ақпаратты:

- Министрдің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығынан;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң www.enbek.gov.kzИнтернет-ресурсынан;

- «ӘТВЕО» дирекциясының (Астана қаласы) www.gcvp.kz Интернет-ресурсынан;

- «ӘТВЕО» департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық стендiлерiнен табуға болады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – «Әлеуметтік төлемдерд ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының Жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқармасы

Бірыңғай 1411 шағын гөмірі бойынша Байланыс орталығына ақысыз қоңырау шалу арқылы Сіз өзіңізге мүдделі келесі мәселелер жөнінде кеңес ала аласыз:

  • еңбек қатынастары;
  • халықты жұмыспен қамту;
  • зейнетақымен қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру;
  • мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға психологиялық онлайн кеңес беру үшін өтінімдерді қабылдау.

Бұдан басқа Байланыс орталығына  электрондық пошта ( е-mail – info@info.mintrud.kz)  арқылы немесе Интернет (www. info.mintrud.kz – web-порталы) аркылы өтуге болады.

  Жұмыс іздеп жүрсіз бе? 1411 нөміріне тегін SMS-хабарламаны жолдап, өзіңіздің елді мекеніңізде  бос жұмыс орындары  бойынша ақпарат алыңыз. 

Сұрау салғаннан кейін Сіздің ұялы телефоныңызға қажетті мамандық бойынша бос жұмыс орындары  бар жұмыс берушілер жөніңде ақпарат жіберіледі.

SMS-хабарламаның үлгісі:  *жұмыс*қала коды*мамандық#

Мысалы:                                       *жұмыс*7172*жүргізуші#

*жұмыс*7282*мұғалім#

*жұмыс*72834*мейірбике#

Сіз Жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқармаға сенбі және жексенбіден басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласа аласыз. Сізге міндетті түрде жауап береді.

SMS хабарламаны  жiберу және қабылдау – тегін.

---------------------------------------------------------------------------------------------------- 

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету үшін білікті мамандардың уақытылы және қолжетімді қызметтеріне қатысты мүгедек балаларды асыраушы ата-аналарға психологиялық көмек көрсету және кеңес беру үшін онлайн қолдау қызметі жұмыс жасайды (бұдан әрі – Қызмет).

Қызметтің негізгі міндеті психологиялық саулықты сақтау, отбасыда қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды тудыру мен мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға психологиялық көмек көрсету болып табылады.

Қызмет жұмысын ұйымдастыруда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК (қазіргі таңда «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы») мен «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» ҰҚУ-дың қолдауымен Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) басшылық етті.

Қызмет тек қана мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналармен жұмысты жүзеге асырады.

Университет неврология, жалпы психологиялық  және педагогикалық медицина курстарымен бірге психиатрия, наркология кафедрасының білікті мамандарын тарту жолымен психологиялық көмек пен кеңес беру қызметтерін ұсынады.

Қызмет жұмысы «Skype» бағдарламалық жасақтамасы арқылы Интернет-ресурстарының мүмкіндіктерін қолдана отырып ұйымдастырылды.

Бірыңғай 1411 шағын нөміріне тегін қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек пен кеңес алу  үшін кезекке тұру мүмкіндігі бар.

Мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру Қазақстан–Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз қалалық және ұялы телефон арқылы  қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.

Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін:

Интернетке қосылған компьютер;

Веб-камера

Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;

Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

Қосылу үшін Skype (скайп атауы) адресі: krmu1411

Ұялы телефонға SMS-хабарлама жіберу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес уәкілетті органмен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшелері  өтініш берушінің өзі жолыққан кезде тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны ұсынады немесе өтініш берушінің ұялы телефонына SMS-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның аудандық немесе қалалық бөлімшелеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген кезде SMS-хабарлама келетін ұялы телефон нөмірін көрсетуге құқылы.

2015 жылдың 01 шілдесінен бастап азамттарға қызмет көрсету сапасын жақсарту шеңберінде Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті зейнетақы және жәндемақы тағайындау үшін құжаттар тапсырған азаматтардың ұялы телефондарына аталған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) жөнінде SMS-хабарламалар жіберу арқылы ақпараттандыру көзделгенін хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес үш немесе одан да көп ай бойы банк шотында шығыс операцияларын жүргізбеген зейнетақы және жәрдемақы алушылар үшін (яғни азаматтар шотқа аударылған зейнетақы мен жәрдемақыны алмайды) төлем тоқтатылады.

Бұл жағдайда қызмет алушы зейнетақы (жәрдемақы) төлемдерін алмау себептерін анықтау үшін Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жолығу қажеттілігі туралы да SMS-хабарлама алады. 

ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН СЫНАМАЛЫ ЖОБАЛАР

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен 2017 жылғы 16 қаңтардан бастап сынамалы жобалар іске қосылды:

2 айлық мерзіммен Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде Павлодар облысы ішінде бұрынғы аумақтық дағды бойынша республикалық бюджеттен және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан бала туғанда берілетін жәрдемақы және бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшін өтініштер қабылдау сынамалы жобасы енгізілді.

Мысалы, Н.П. Иванова Екібастұз қаласында тіркелді, ал баласы Павлодар қ. перзентханасында туды делік. Н.П. Иванова жәрдемақы тағайындау үшін өтінішті Павлодар облысы бойынша кез келген ХҚКО бөлімшелерінде бере алады. Жәрдемақыларды тағайындау және төлеу нақты тіркелу орны бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшелерімен, яғни Екібастұз қаласында жүзеге асырылады.

1. 6 айлық мерзіммен «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге байланысты біржолғы төлемді тағайындау» композиттік қызметінің сынамалы жобасы енгізілді. Қайтыс болған адамның қайтыс болуын тіркеуге жүгінген тұлға бір уақытта қайтыс болуды тіркеуге, сондай-ақ егер қайтыс болған адам осы елді-мекенде зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдерін алушы болып табылса (қызмет өткерген жылдар бойынша зейнетақы алушылардан басқа) жерлеуге байланысты біржолғы төлемақы тағайындауға өтініш бере алады.

Қайтыс болуды тіркеу және жерлеуге байланысты біржолғы төлемді тағайындау үшін келесі құжаттар қажет:

1) өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес медициналық ұйыммен берілген қайтыс болу туралы құжат;

3) тіркеуші органның қайтыс болу орны мен қайтыс болған адамның тұрғылықты жері жөніндегі анықтамасы, тіркеуі жоқтығы туралы, қайтыс болу туралы актілік жазба (Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейін қайтыс болған адамдардан басқа);

4) заңды күшке енген қайтыс болу дерегін анықтау туралы немесе  тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, сот шешімінің негізінде тіркеу жағдайында;

5) қайтыс болған адаммен туыстық қатынасты растайтын құжат (түпнұсқа), сәйкестендіру үшін;

6) қайтыс болған адамның әскери билеті (бар болған жағдайда);

7) қайтыс болған адамның жеке куәлігі (түпнұсқа);

8) шетелге шығу төлқұжаты (бар болған жағдайда);

9) екінші деңгейлі банкілерде, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын банк операцияларының сәйкес түрлеріне қарай реттеу және қадағалау бойынша уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде ашылған банкілік шоттың нөмірі туралы құжат.

Бұрынғы аумақтық қағида бойынша құжаттарды қабылдауға қатысты, сондай-ақ «Қайтыс болуды тіркеу» және «Жерлеуге байланысты біржолғы төлемді тағайындау» композиттік қызметі бойынша барлық сұрақтар жөнінде Ақсу қ., Ленин көш. 10 үй мекенжайы бойынша орналасқан Ақсу қ. ХҚКО бөліміне жолығу қажет.

Құрметті қызмет алушылар!

Егер Сіз сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәгері, пара бопсалаушылыққа тартылған болсаңыз немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  (бұдан әрі – Қоғам) жұмыскерлері Сізді материалдық игіліктерді алуға итермелесе, Сізден Қоғамның басқарма аппаратының немесе Қоғамның филиалдары – Дирекциялардың басшылығына келесі байланыс телефондары бойынша қоңырау шалып, жүгінуіңізді сұраймыз:

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  басқарма аппараты: тел. 8 (7172) 27-23-14 (ішкі 117), 8 (7172) 27-06-58 (ішкі 128), 8 (7172) 27-06-53 (ішкі 100), мекенжайы: Астана қ., Орынбар к-сі, 20/1.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептек орталығы» дирекциясы: тел. 8 (7172) 55-21-00 (ішкі 10295), 8 (7172) 55-21-00 (ішкі 10236), мекенжайы: Астана қ., Кравцов к-сі, 18.

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Павлодар облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті: тел. 8 (7182) 70-44-00, 8 (7182) 70-44-01,

 мекенжайы: Павлодар қ., Жеңіс алаңы көш., 17.

 

2017 ж 13.06

 


2015-06-03 15:23:10

Сондай-ақ оқыңыз