Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Қала әкімі Балғабай Жұмағұлұлы Ыбыраевтың 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан ішіндегі Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есебінің тезистері

 

Өнеркәсіп

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарымен 497,5 млрд. теңге сомаға немесе 2018 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 4,4%-ға жоғары өнім өндірді.

Мына:

- өңдеу өнеркәсібінде өндірісінде 6,5% - ға.

- тау-кен өнеркәсібінде 37,5% - ға.

- сумен жабдықтау және су бұруда 6,4% - ға өсім байқалады. 

        

Инвестиция

Есептік кезеңдегі негізгі капиталға инвестициялар көлемі 115,8 млрд. теңгені құрады немесе 2018 жылғы ұқсас кезеңнен 26,3% жоғары.

 

Құрылыс 

Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,3% - ға айтарлықтай өсті.

Жыл басынан бері барлығы жалпы ауданы 44,3 мың шаршы метрден астам тұрғын үй ғимараттары пайдалануға берілді.

 

Бюджет

2019 жылға арналған қала бюджеті 20,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттердің трансферттері мен кредиттері – 13,6 млрд. теңге.

2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің игерілуі 99,9% құрады. Орындалмау бюджет қаражатын үнемдеу есебінен қалыптасты.

 

Ауыл шаруашылығы

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 21,3 млрд. теңгені құрады (өсім 9,5%).

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқабы 7% - ға артты және 33367 га-ны құрады.

 

Мал шаруашылығында ІҚМ басы – 31,0 мың басқа (102,4%), қой – 44,5 мың басқа (100,9%), ешкі – 6,1 мың басқа (105,6%), жылқы – 11,3 мың басқа (111,0%), шошқа – 1,6 мың басқа (104,1%), құс – 419,7 мың басқа (115,5%) артты.

Барлығы 32660,8 тонна сүт (101,8 %), таза салмақта 10459,1 тонна ет (100,3 %), 2481,2 мың дана жұмыртқа (100,1%) өндірілді.

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 352 бас ІҚМ, 358 бас ҰҚМ сатып алынды.        

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша жалпы 1,1 млрд. теңге инвестиция көлемімен 7 жоба іске асырылды.

 

         Сауда

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда айналымы 26,2 млрд.теңгені құрады (2018 жылы – 24,2 млрд. теңге).

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі 3% - ға өсті.

 

Кәсіпкерлік

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімі 0,9% құрады. Бүгінгі күні қалада 3151 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрған - 2760.

«Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында 1580,1 млн.теңге сомасына 48 жоба мақұлданды.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету

Жұмыспен қамтумен 2525 адам қамтамасыз етілген, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарымен – 1092 адам, маусымдық жұмыспен – 1010 адам, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстармен - 423 адам қамтылған.

2020 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздар есебінде тұрғандар саны 301 адамды құрады.

 

         Білім беру

Ақсу өңірінде 26 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 22 - жалпы орта білім беретін мектеп, 2 - негізгі мектеп, 2 - бастауыш мектеп, 14 - балабақша, 3 - қосымша білім беру ұйымы.

1-3 жастан бастап балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 561 немесе 73%, 3-6 жастан бастап 3327 бала немесе 100%, 2-6 жастан 3864 бала немесе 100%, 1-6 жастан 3888 бала немесе 94,9%. Мектепалды даярлықпен қамту 100%.

 

Денсаулық сақтау

Ақсу өңірінің емдеу-алдын алу желісі:

Ақсу орталық ауруханасы, емхана, 7 АДА, 5 ФАП, 15 медициналық пункт және туберкулез ауруханасын құрайды.

Жалпы өңір бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 14% – ға (100 мың адамға 53,1) төмендегені байқалады.

Сонымен қатар, қатерлі ісіктерден сырқаттану 26% - ға және нәресте өлімі 28% - ға артты.           

2019 жылы ана өлімі тіркелген жоқ.

 

Мәдениет және спорт

Мәдениет мекемелерінің жалпы саны – 38, оның ішінде 17 кітапхана, 18 клуб мекемелері, автоклуб, тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және демалыс саябағы.

2019 жыл ішінде мәдениет мекемелерінде 2685 іс-шара өткізілді.

Ақсу қаласы мен ауылдық аймақта дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде 22000 адам айналысады, бұл халықтың барлық санының 31,4% құрайды.

2019 жыл ішінде дене шынықтыру және спорт мекемелерінде 255 іс-шара өткізілді, оның 101-і ауылдық жерлерде.

 

         ТҮКШ

Өңір бойынша өтетін автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 692,8 ш құрайды. 

2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 0,4 млрд. теңге сомасына шамамен 8,6 ш. қала жолдары жөнделді (Уәлиханов, Народная, Б. Момышұлы, Больничная және 1,2,3,4 (воргородок) желісі, Металлургтер, 1, 2, 3 проезд, Школьный тұйық көшесі, Набережная, Терешкова, Степная, Абай, Октябрьская, Шевченко, Победа, 8 март, Энгельс көшелері).

2019 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 93,3% құрады.

 

         Қылмыс деңгейі

2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында 569 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді (2018 жылдың ұқсас кезеңінде 806), бұл өткен жылдың көрсеткішінен 29,4% төмен.

2019 жылы 25 ЖКО тіркелді, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 37,5% - ға төмен.

 

       

 


2020-01-27 18:19:16

Сондай-ақ оқыңыз