Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекетті көрсетілетін қызмет регламенті

 

Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы "7" сәуірден
№ 116/3 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекетті
көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі "Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және "Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" № 184 қаулысымен бекітілген үлгідегі куәлік немесе оның телнұсқасы болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы өтiнiшінің болуы және Стандарттың 9-тармағымен көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің маманына куәлік беру туралы өтінішімен немесе оның телнұсқасы жоғалған/бұзылған жағдайда жүгінеді.
      Көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушымен қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап қабылдау немесе тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын қою үшін құжаттарды жібереді – 4 сағат;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштамасымен мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жауапты маманды анықтайды – 1 жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы куәлікті немесе оның телнұсқасын ресімдейді – 2 жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің маманына мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді – 1 жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің маманы тіркеуді және мемлекеттік қызмет нәтижесін беруді жүзеге асырады – 4 сағат.
      Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті немесе оның телнұсқасын беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      7. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өту рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен
(бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылған жоқ.

 

"Ақталған адамға куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы және байланыс деректері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1

"Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8 (7182) 323332
opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz

2

"Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,
Ленин көшесі, 36 б-үй,
телефон: 8 (71877) 70455
zan_ekibastuz@mail.ru

3

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Советов көшесі, 10-үй
телефон: 8 (71837) 50105
zanak@yandex.ru

4

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,
Абай көшесі, 118-үй
телефон: 8 (71841) 21173
aktogai_sozprog@mail.ru

5

"Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,
Сәтбаев көшесі, 56-үй
телефон: 8 (71840) 91481
pavlzan@yandex.ru

6

"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,
Квитков көшесі, 7-үй
телефон: 8 (71831) 22146
gelez_oszn@mail.ru

7

"Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,
Бөгембай көшесі, 97-үй
телефон: 8 (71832) 21474
irtyshk@yandex.ru

8

"Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,
Елгин көшесі, 139-үй
телефон: 8 (71833) 21371
kachirrouz@mail.ru

9

"Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,
Мир көшесі, 7-үй
телефон: 8 (71839) 21399
OZiSP@yandex.kz

10

"Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы,
Уәлиханов көшесі, 34-үй
телефон: 8 (71838) 91434
center5556@rambler.ru

11

"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй
телефон: 8 (7182) 533133
defence6@mail.ru
defence6@rambler.ru

12

"Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,
10 лет Независимости көшесі, 27-үй
телефон: 8 (71834) 91400
zanusp@mail.ru

13

"Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
1 Май көшесі, 18-үй
телефон: 8 (71836) 21354
sherb_zanet@mail.ru

 

 

"Ақталған адамға куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Көрсетілетін қызметтті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметі беруші басшысының бұрыштамасын қою үшін құжаттарды жібереді

бұрыштамасымен мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жауапты маманды анықтайды

куәлікті және оның телнұсқасын ресімдейді

мемлекеттік қызмет нәтижесіне қол қояды 

тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

өтінішті тіркеу

мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жауапты маманды анықтау

куәлікті және оның телнұсқасын ресімдеу

қол қойылған мемлекеттік қызмет нәтижесі

мемлекеттік қызмет нәтижесін беру

5

Орындау мерзімдері

4 сағат

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні

4 сағат

6

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

5 күн

 

 

"Ақталған адамға куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 74

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 10.08


2017-08-10 16:47:45

Сондай-ақ оқыңыз