Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" шілдедегі
№ 222/8 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына
әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:
      "Халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.02.2016 N 82/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші;
      2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
      3) мүгедектер мен әлеуметтік маңызды аурулары бар адамдар – www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Порталда әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынумен ерікті түрде жазылған өтініш мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызмет алушыға оның тіркелу күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны дайындайды – 5 (бес) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны өзі келгенде береді немесе көрсетілетін қызмет алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
      әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда – 20 (жиырма) жұмыс күні.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау қарастырылмаған.
      10. Ауылдық округ әкіміне өтініш білдірген кезде:
      көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін береді.
      Көрсетілетін қызметті алушыға тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
      Әкімдіктің бас маманы өтінішті кіріс құжаттар журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге береді – 1 (бір) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы әкімдіктің бас маманы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны дайындайды – 3 (үш) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы әкімге әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны береді – 1 (бір) жұмыс күні.
      Әкімдіктің бас маманы көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны береді – 1 (бір) жұмыс күні.
      Рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) көрсетілген.
      Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген не олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің қажетті құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайларда – 20 (жиырма) жұмыс күні.
      11. Көрсетілетін қызметті алушылар Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсына отырып, көрсетілетін қызметті алу үшін порталға жүгінеді.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап – 8 (сегiз) жұмыс күнi.
      Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген не олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды беру мүмкiндiгi болмаған жағдайда – 20 (жиырма) жұмыс күнi.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну тәртібінің және рәсімнің реттілігі:
      1-процесс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік қызметті алу үшін жеке сәйкестендіру номірін (бұдан әрі ЖСН) және парольді (авторландыру процесі) порталға енгізу процесі;
      1-шарт – порталда тіркелген мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;
      2-процесс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының деректеріне бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      3-процесс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
      4-процесс - толтырылған нысанға (енгізілген деректерге, қоса берілген сканерленген құжатқа), мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қол қою;
      2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) және порталда алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;
      5-процесс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      6-процесс – мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжат қызметін (қызметті алушының сұрауын) ЭҰШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және жауапты маманның электрондық мемлекеттік қызметті өндеуі;
      7-процесс көрсетілетін қызметті берушінің бас маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны) қалыптастыруы. Электрондық құжатты бөлімнің жауапты маманы ЭЦҚ-ны пайдалана отыра қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" порталға жібереді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатыстырылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында (диаграмма) берілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерде пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

          Көрсетілетін қызметті берушінің атауы және байланыс деректері

Р/с №

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Байланыс деректері

1

"Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8(7182) 323332
opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz

2

"Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,
Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,
телефон: 8(71877)70455
zan_ekibastuz@mail.ru

3

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Советов көшесі, 10-үй
телефон: 8(71837)50105
zanak@yandex.ru

4

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,
Абай көшесі, 118-үй
телефон: 8(71841)21173
aktogai_sozprog@mail.ru

5

"Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,
Сәтбаев көшесі, 56-үй
телефон: 8(71840)91481
pavlzan@yandex.ru

6

"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,
Квитков көшесі, 7-үй
телефон: 8(71831)22146
gelez_oszn@mail.ru

7

"Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,
Бөгембай көшесі, 97-үй
телефон: 8(71832)21474
irtyshk@yandex.ru

8

"Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,
Кравченко көшесі, 85а-үйі
телефон: 8(71833)21371
kachirrouz@mail.ru

9

"Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,
Амангелді көшесі, 57-үй
телефон: 8(71839)21399
OZiSP@yandex.kz

10

"Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі
 

Май ауданы,
Уәлиханов көшесі, 34-үй
телефон: 8(71838)91434
center5556@rambler.ru

11

"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй
телефон: 8(7182)533133
defence6@mail.ru
defence6@rambler.ru

12

"Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,
10 лет Независимости көшесі, 27-үй
телефон: 8(71834)91400
zanusp@mail.ru

13

"Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
1 Май көшесі, 18-үй
телефон: 8 (71836)21354
sherb_zanet@mail.ru

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

           Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
          қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
         (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау 1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Барлық қажетті құжаттарды қабылдайды

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді

Құжаттарды қарайды

Хабарлама беруді жүзеге асырады

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Өтініштің үзбелі талонын береді

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама жобасын дайындау

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қояды

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама береді

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

5 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2) әкімге өтініш білдірген кезде:

Процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

2

Атауы

Әкімдіктің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Әкімдіктің бас маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Барлық қажетті құжаттарды қабылдайды

Көрсетілген қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру

Әкімдік ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді

Құжаттарды қарайды

Хабарламаны беруді жүзеге асырады

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны қабылдайды

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Өтініштің үзбелі талонын береді

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын жіберу

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны дайындайды

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаға қол қояды

Әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны береді

Көрсетілетін қызметті алушыға әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарламаны береді

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

3 жұмыс күні

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

жұмыс күні

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

         Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету
          кезіндегі функционалдық іс-қимылдың диаграммасы

пор

       Шартты белгілер:

 бас

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

       Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 ме

 ро

 

 

 

2017 ж 06.06


2017-06-06 20:36:14

Сондай-ақ оқыңыз