Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
18-қосымша

 

 

 

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 18-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.01.2016 № 68 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) көрсетілетін қызметті беруші;

      3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

      ауылдық округтің әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) көрсетілетін қызмет берушіде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.

      3) көрсетілетін қызмет берушіде қызмет көрсетуді күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған;

      2) ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      3) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "портал арқылы" броньдауға болады;

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

      көрсетілген қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;

      4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтер;

      5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде қорытынды жасалған жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың бланкілері мемлекеттік қызметті көрсету орындарында көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі және олар өздері толтырады. Әлеуметтік келісімшарт салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмеде беріледі, содан кейін түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Өтініш беруші келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерде өзгерістер болмаған жағдайда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіде, ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

       10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

       10-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Стандартта белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.

      Ескерту. 2-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның
қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануда осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына шағым беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация
арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар

      13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) Мемлекеттік корпорацияның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414" Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары – www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________

      (елді мекені, ауданы, облысы)

      уәкілетті органына

      ____________________________________________

      (елді мекені, ауданы)

      ____________________________________________

      (көше, үй және пәтер №, телефон)

      мекенжайы бойынша тұратын

      ____________________________________________

      (өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты

      (ол болған кезде)

      құжат, жеке куәлік № _____________________________

      кім берген _______________________________________

      берiлген күнi ____________________________________

      ЖСН ______________________________________________

      Банк деректемелері:

      банктің атауы ____________________________________

      банк шотының № ___________________________________

      дербес шотының № _________________________________

      кәсіп түрі _______________________________________

                                 Өтініш

      Менің _____________ адамнан тұратын отбасыма атаулы әлеуметтік көмек

      тағайындауды сұраймын.

      Өтінішке 3 данада мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

      2) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;

      3) жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.

      Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Өзгерістер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20 __ жылғы "___"_____________ _____________________

      (өтініш берушінің қолы)

      20 __ жылғы "___"__________ құжаттар қабылданды

      _____________________________________________________________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты

      (бар болса) және қолы)

      Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға

      20___жылғы "__" ______берілді.

      20___жылғы "___"________ қабылданды.

       Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы _____________________;

      уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды

      қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы "__" _______, құжаттарды

      қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (бар болса), лауазымы,

      қолы __________________;

      __________________________________________________________________

      (қию сызығы)

      Өзгерістер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға міндеттенемін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтiнiш берушінің қолы ___________________

      Азамат _______________ өтініші _____ дана қоса берілген

      құжаттармен, отбасының ________ тiркеу нөмiрiмен 20 __ жылғы "___"

      _________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты

      (бар болса), лауазымы, қолы __________________

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

         Отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _________________________________ ____________________________

      (Өтініш берушінің тегі, аты, (үйінің мекенжайы, тел.)

      әкесінің аты (бар болса)

Р/с

 

ЖСН
 

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Тұрғылықты мекенжайы
 

Өтініш берушіге туыстық қатынасы
 

Туған күні және жылы
 

           
           

 

      Өтініш берушінің қолы ______________ Күні _____________

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

           Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің 20__ жылғы ___ тоқсанда
                алған табыстары туралы мәліметтер

      ____________________________ _____________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (үйінің мекенжайы, тел.)

      (бар болса)

Р/с №
 

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 

Жұмыс орны (жұмыссыздар тіркелу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасымен растайды)
 

Құжаттық расталған табыстардың сомасы*
 

Өзге де мәлімделген табыстар
 

Еңбекақы төлемінен
 

Әлеуметтік төлемдер
 

Кәсіпкерлік қызметтен және өзге де қызмет түрлерінен түскен
 

Өзге де табыс түрлері
 

Зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де төлемдер
 

Шәкіртақылар
 

               

  Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      *Табыстардың сомасын растайтын құжаттар (жұмыс орнынан аударылған жалақысы туралы анықтама, зейнетақының немесе жәрдемақының сомасы жазылған зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесі не әлеуметтік төлемдердің мөлшері туралы анықтама, шарттың көшірмесі немесе табыс сомасы көрсетілген орындалған жұмыстар туралы акті; аударылған шәкіртақылар және өзге де табыс түрлері туралы ұйымның анықтамасы) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтерге қоса беріледі.

      Өтініш берушінің қолы ______________________

      Күні _______________________________________

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

           Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер
                 (табыстарды есептеу үшін)

      ______________________________ _______________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (үйінің мекенжайы, тел.)

      (бар болса)

Жеке қосалқы шаруашылық объектісі
 

Өлшем бірлігі
 

Үй мал-құсы
 

Жасы
 

Саны (бас)
 

Саяжай
 

 

Ірі қара мал:
бұқалар,
сиырлар
 

   

Бақша
 

 

Жылқы:
айғырлар, биелер
 

   

Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі
 

 

Түйелер, інгендер
 

   

Шартты жер үлесі
 

 

Қойлар,
ешкілер
 

   

Мүліктік пай (берілген жылы)
 

 

Тауықтар,
үйректер,
қаздар
 

   
   

Шошқалар
 

   

 

      Өтініш берушінің қолы _____________________________

      Күні ______________________

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе

      жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі

      туралы мәліметтерге қол қоюға уәкілетті

      органның өзге де лауазымды адамының

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______ ________________

      (қолы) (тегі)

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша

      Нысан

      ________________________________________________

      (елді мекені, ауданы, облысы)

      уәкілетті органға

      ________________________________________________

      (елді мекені, ауданы)

      ________________________________________________

      (көше, үй және пәтер №, телефон)

      мекенжайы бойынша тұратын

      ________________________________________________

      (өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты

      (бар болса)

      жеке куәлік № __________________________________

      кім берген _____________________________________

      берiлген күнi __________________________________

      ЖСН ____________________________________________

      Банк деректемелері:

      банктің атауы ___________________________________

      банк шотының № __________________________________

      жеке шотының № __________________________________

      қызмет түрі ____________________________________

      Отбасы құрамы, табысы мен жеке қосалқы шаруашылығының болуы

      туралы мәліметтерде өзгерістер болмаған жағдайда өтініш беруші

      атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінгендегі

                              өтініш

      _____________ адамнан тұратын менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды сұраймын.

      Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Мен бұдан бұрын өткен тоқсанда көрсеткен отбасымның құрамы, отбасы мүшелерінің алған табыстары, жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.

      Өзгерiстер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      20 __ жылғы "___"_____________ _______________________

      (өтініш берушінің қолы)

      20__ жылғы "___" _______құжаттар қабылданды ___________________

      (құжаттарды қабылдаған адамның тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өтініш учаскелік комиссияға

      20_ жылғы "_____" _________ берілді

      20_ жылғы "_____"________ қабылданды

       Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы _____________________;

       уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы "__" _______, құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы ____________________;

      ___________________________________________________________________

      (қию сызығы)

      Мен бұдан бұрын өткен тоқсанда көрсеткен отбасымның құрамы, отбасы мүшелерінің алған табыстары, жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.

      Өзгерiстер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

      Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

      Өтініш берушінің қолы ___________________

      Азамат _______________ өтініші отбасының _________ тіркеу

      нөмірімен 20 __ жылғы "___"_____________ қабылданды.

       Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (бар болса), лауазымы, қолы __________________________

 

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша

 

      Нысан

      ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не

      көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)

      ___________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

               Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.06.2016 № 579 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15

      сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын

      басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік

      корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №

      ____бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін

      қызмет стандартында көзделеген тізбеге сәйкес құжаттардың толық

      топтамасын, атап айтқанда:

      құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3).............................

      ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды

      ұсынуыңызға байланысты ______________________________________________

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _____________________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), қолы

      Орындаушы: ____________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Телефон__________

      Алдым: ________________________________________________________

       көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)/ қолы

      20 ____ жылғы "___" _________

 

 

 

 

2017 ж 06.06


2017-06-06 20:04:53

Сондай-ақ оқыңыз