Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" шілдедегі
№ 222/8 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

 

"Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің
және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының
қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:
      "Халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.02.2016 N 82/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну мерзiмi көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама (бұдан әрі - құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама) болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну үшiн мүгедектерге құжаттарды ресiмдеу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) қосымшасына сәйкес 9-тармағында көзделген нысан бойынша толтырылған өтiнiш және құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тiркелген күні және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон бередi - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушінің жауапты маманы көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны дайындайды - 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушінің басшысы құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) көрсетiлетiн қызметтi берушінің жауапты маманы құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға өзі келгенде береді немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жібереді - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.
      6. Рәсімнің нәтижесі жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектерге жеке көмекшiнiң және есту кемiстiгi бар мүгедектерге ымдау тiлi маманының қызметтерiн ұсыну мерзiмi көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу туралы хабарламаны беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен
өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

 

"Жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы
мүгедектерге жеке көмекшінің
және есту кемістігі бар
мүгедектерге ымдау тілі
маманының қызметтерін
ұсыну үшін мүгедектерге
құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

           Көрсетілетін қызметті берушінің атауы және байланыс деректері

Р/с №

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Байланыс деректері

1

"Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8(7182) 323332
opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz

2

"Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,
Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,
телефон: 8(71877)70455
zan_ekibastuz@mail.ru

3

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Советов көшесі, 10-үй
телефон: 8(71837)50105
zanak@yandex.ru

4

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,
Абай көшесі, 118-үй
телефон: 8(71841)21173
aktogai_sozprog@mail.ru

5

"Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,
Сәтбаев көшесі, 56-үй
телефон: 8(71840)91481
pavlzan@yandex.ru

6

"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,
Квитков көшесі, 7-үй
телефон: 8(71831)22146
gelez_oszn@mail.ru

7

"Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,
Бөгембай көшесі, 97-үй
телефон: 8(71832)21474
irtyshk@yandex.ru

8

"Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,
Кравченко көшесі, 85-үй
телефон: 8(71833)21371
kachirrouz@mail.ru

9

"Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,
Амангелді көшесі, 57-үй
телефон: 8(71839)21399
OZiSP@yandex.kz

10

"Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы,
Уәлиханов көшесі, 34-үй
телефон: 8(71838)91434
center5556@rambler.ru

11

"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй
телефон: 8(7182)533133
defence6@mail.ru
defence6@rambler.ru

12

"Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,
10 лет Независимости көшесі, 27-үй
телефон: 8(71834)91400
zanusp@mail.ru

13

"Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
1 Май көшесі, 18-үй
телефон: 8 (71836)21354
sherb_zanet@mail.ru

 

"Жүріп-тұруы қиын
бірінші топтағы
мүгедектерге жеке көмекшінің
және есту кемістігі бар
мүгедектерге ымдау тілі
маманының қызметтерін
ұсыну үшін мүгедектерге
құжаттарды ресімдеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

 го

 т1

 

 

 

 

06.06.2017 г


2017-06-06 15:36:56

Сондай-ақ оқыңыз