Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" шілдедегі
№ 222/8 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

 

"Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті
гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:
      "Халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 26.02.2016 N 82/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген нысан бойынша толтырылған көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттары мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы.
      Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi тiркелген күнi мен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон бередi - 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      Көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, хабарлама дайындайды - 7 (жеті) жұмыс күні.
      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні.
      Көрсетiлетiн қызметтi берушінің бас маманы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға өзі келгенде береді немесе көрсетілетін қызмет алушының өтінішінде көрсетілген мекенжай бойынша пошта арқылы жібереді - 1 (бір) жұмыс күні.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар беру мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің бас маманы;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін мемлекеттік берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану қарастырылмаған.

 

 

"Мүгедектерді
сурдо-тифлотехникалық
және міндетті гигиеналық
құралдармен қамтамасыз ету"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы және байланыс деректері

Р/с №

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Байланыс деректері

1

"Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8(7182) 323332
opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz

2

"Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,
Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,
телефон: 8(71877)70455
zan_ekibastuz@mail.ru

3

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Советов көшесі, 10-үй
телефон: 8(71837)50105
zanak@yandex.ru

4

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,
Абай көшесі, 118-үй
телефон: 8(71841)21173
aktogai_sozprog@mail.ru

5

"Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,
Сәтбаев көшесі, 56-үй
телефон: 8(71840)91481
pavlzan@yandex.ru

6

"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,
Квитков көшесі, 7-үй
телефон: 8(71831)22146
gelez_oszn@mail.ru

7

"Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,
Бөгембай көшесі, 97-үй
телефон: 8(71832)21474
irtyshk@yandex.ru

8

"Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,
Кравченко көшесі, 85 А-үйі
телефон: 8(71833)21371
kachirrouz@mail.ru

9

"Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,
Амангелді көшесі, 57-үй
телефон: 8(71839)21399
OZiSP@yandex.kz

10

"Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы,
Уәлиханов көшесі, 34-үй
телефон: 8(71838)91434
center5556@rambler.ru

11

"Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй
телефон: 8(7182)533133
defence6@mail.ru
defence6@rambler.ru

12

"Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,
10 лет Независимости көшесі, 27-үй
телефон: 8(71834)91400
zanusp@mail.ru

13

"Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
1 Май көшесі, 18-үй
телефон: 8 (71836)21354
sherb_zanet@mail.ru

 

"Мүгедектерді
сурдо-тифлотехникалық
және міндетті гигиеналық
құралдармен қамтамасыз ету"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

          Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

 ит

 

 ти1

 

 

2017 ж 06.06


2017-06-06 15:26:11

Сондай-ақ оқыңыз