Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "17" шілдедегі
№ 216/7 қаулысымен
бекітілген 

"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 20.12.2016 N 374/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысы аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:

      1) аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облыстық әкімдігінің 10.08.2017 № 238/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

      жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасын өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік не Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау

      4. Өтініш және Стандарттың 9-тармағымен көздеген қажетті құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды, оның ішінде тегін, азаматтық хал актісінің жазбасын өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, алынған құжаттарды тіркеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актісінің жазбасы" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАТ" ТП" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып шығарады не жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап – 6 (алты) жұмыс күні ішінде.


      Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінбереді – 20 (жиырма) минут ішінде.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.08.2017 № 238/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз тасымалдағыштағы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу туралы қайталама куәлік не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимылдардың тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өндеу ұзақтығы:

      көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімге ұзартылады;

      азаматтық хал актісі жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесін алу тәртібі:

      1-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация АЖ) Мемлекеттік корпорация операторының авторландыру үдерісі;

      1-шарт – логин және пароль немесе ЭЦҚ арқылы тіркелген Мемлекеттік корпорация операторы туралы деректердің түпнұсқалығын Мемлекеттік корпорация АЖ-да тексеру;

      2-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты Мемлекеттік корпорация АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      3-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі, сканерленген құжатты бекіту);

      4-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа) қол қою және Мемлекеттік корпорация операторының одан кейінгі іс-қимылдары туралы ақпарат алу;

      2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігін қолдану мерзімін және Мемлекеттік корпорация АЖ-дан қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

      5-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ)/"электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

      7-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және Мемлекеттік корпорация АЖ-ға жіберіледі;

      8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының қолына беру немесе электрондық поштасына жіберу арқылы Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 10.08.2017 № 238/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:

      1-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен парольді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

      1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;

      2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптастыруы;

      3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);

      4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа) қол қою;

      2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін және қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын порталда тексеру;

      5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті үндеуі;

      7-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылдың тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

            Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
              қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
           өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда Павлодар облыстық әкімдігінің 10.08.2017 № 238/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Іс-қимыл (жұмыс барысы, ағымы) №


1


2


3


4


5


Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Іс-қимылдың (үдерістің, іс-рәсімнің, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы


ЖАО АЖ-да құжаттарды қабылдау және тіркеу


Жауапты маманды анықтау


Ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды


Журналда тіркеу


Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді


Бұрыштама


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі


Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлікне Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


Нәтижені беру


Орындау мерзімдері


20 (жиырма) минут ішінде


30 (отыз) минут ішінде


6 (алты) жұмыс күні ішінде


30 (отыз) минут ішінде


20 (жиырма) минут ішінде

 


7 (жеті) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

Басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

 

"Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

             

             Электрондық мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету
               кезінде функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы

к71

                    Шартты белгілер мен қысқартулар

к2

 

"Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

            "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
         жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік қызметті
               көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда Павлодар облыстық әкімдігінің 10.08.2017 № 238/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

т1

 

 

 2017 ж 29 .09


2017-06-02 17:28:37

Сондай-ақ оқыңыз