Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "17" шілдедегі
№ 216/7 қаулысымен
бекітілген 

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама
куәліктер немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 20.12.2016 N 374/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысы аудандарының, қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Шетелден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктерді немесе анықтамаларды сұратып алдырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну қажет.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облыстық әкімдігінің 10.08.2017 № 238/5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе қағаз жеткізгіштегі анықтаманы не Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      2) порталда:

      қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап;

      электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылының тәртібін сипаттау


      4. Өтініш және Стандарттың 9-тармағымен көзделген қажетті құжаттар мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) азаматтық хал актісін 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркеген кезде ("Азаматтық хал актісінің жазбасы" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "АХАТ" ТП" АЖ) қызмет еткен сәттен бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, алынған құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "АХАТ" ТП" АЖ-да акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып шығарады немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап - 6 (алты) сағат ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

      2) "АХАЖ" ТП" АЖ-да акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, алынған құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "АХАТ" ТП" АЖ-да акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып шығарады немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде.

      Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде немесе басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 (жиырма) минут ішінде.

      3) азаматтық хал актісі басқа тіркеуші органда тіркелген кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды, алынған құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді – 20 (жиырма) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті алушының өтінішін көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жолдайды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "АХАТ" ТП" АЖ-да акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде азаматтық хал актісін тіркеу туралы тиісті куәлікті басып шығарады немесе Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап – 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 20 (жиырма) минут ішінде.

      6. Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимылдардың тәртібін, сондай-ақ
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өндеу ұзақтығы:

      көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      азаматтық хал актісін 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркеген кезде ("АХАЖ" ТП" АЖ қызмет еткен сәттен бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру – 1 (бір) жұмыс күні;

      "АХАЖ" ТП" АЖ-да акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде – көрсетілетін қызмет алушы Стандарттың 9-тармағында беліленген қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), дайын құжаттар 5 (бес) жұмыс күнінде беріледі.

      Басқа тіркеуші органға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Азаматтық хал актісі басқа тіркеуші органда тіркелген кезде – 30 (отыз) күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері Стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығы, мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесін алу тәртібі:

      1-үдеріс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация АЖ) Мемлекеттік корпорация операторының авторландыру үдерісі;

      1-шарт – логин және пароль немесе ЭЦҚ арқылы тіркелген Мемлекеттік корпорация операторы туралы деректердің түпнұсқалығын Мемлекеттік корпорация АЖ-да тексеру;

      2-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты Мемлекеттік корпорация АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      3-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі, сканерленген құжатты бекіту);

      4-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа) қол қою және Мемлекеттік корпорация операторының одан кейінгі іс-қимылдары туралы ақпарат алу;

      2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігін қолдану мерзімін және Мемлекеттік корпорация АЖ-дан қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

      5-үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ)/"электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы органның ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының электрондық мемлекеттік қызметті өңдеуі;

      7-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және Мемлекеттік корпорация АЖ-ға жіберіледі;

      8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының қолына беру немесе электрондық поштасына жіберу арқылы Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруі.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 1 (бір) жұмыс күні.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау:

      1-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен парольді енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);

      1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;

      2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптастыруы;

      3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);

      4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, бекітілген сканерленген құжатқа) қол қою;

      2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін және қайтарылып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын порталда тексеру;

      5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының түпнұсқалығы расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті үндеуі;

      7-үдеріс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші маманының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимылдың тәртібін және ақпараттық технологияларды қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары реттілігінің сипаттамасы

      1) азаматтық хал актісін 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тіркеген кезде ("АХАЖ" ТП" АЖ қызмет еткен сәттен бастап) анықтамаларды электрондық форматта беру:


Іс-қимыл (жұмыс барысы, ағымы) №


1


2


3


4


5


Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы


ЖАО АЖ-да құжаттарды қабылдау және тіркеу


Жауапты маманды анықтау


Ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды


Журналда тіркеу


Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді


Бұрыштама


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі


Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


Нәтижені беру


Орындау мерзімдері


20 (жиырма) минут ішінде


30 (отыз) минут ішінде


6 (алты) сағат ішінде


30 (отыз) минут ішінде


20 (жиырма) минут ішінде

 


1 (бір) жұмыс күні


      2) "АХАЖ" ТП" АЖ-да акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде:


Іс-қимыл (жұмыс барысы, ағымы) №


1


2


3


4


5


Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы


ЖАО АЖ-да құжаттарды қабылдау және тіркеу


Жауапты маманды анықтау


Ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды


Журналда тіркеу


Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)


Көрсетіле-тін қызметті берушінің басшысына жібереді


Бұрыштама


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі


Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


Нәтижені беру


Орындау мерзімдері


20 (жиырма) минут ішінде


30 (отыз) минут ішінде


4 (төрт) жұмыс күні ішінде


30 (отыз) минут ішінде


20 (жиырма) минут ішінде

 


5 (бес) жұмыс күні

Құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде немесе басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады


      3) азаматтық хал актісі басқа тіркеуші органда тіркелген кезде:


Іс-қимыл (жұмыс барысы, ағымы) №


1


2


3


4


5


Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің маманы


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы


Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімнің, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы


ЖАО АЖ-да құжаттарды қабылдау және тіркеу


Жауапты маманды анықтау


Ұсынылған құжаттарды қарау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды


Журналда тіркеу


Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді


Бұрыштама


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі


Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік не Стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап


Нәтижені беру


Орындау мерзімдері


20 (жиырма) минут ішінде


30 (отыз) минут ішінде


28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде


30 (отыз) минут ішінде


20 (жиырма) минут ішінде

 


30 (отыз) күнтізбелік күн

 

"Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

                      Электрондық мемлекеттік қызметті портал арқылы
             көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдар диаграммасы

 

к71

       Шартты белгілер мен қысқартулар

 к2  

 

"Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар
беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

   2) "АХАЖ" ТП" АЖ-да акт жазбаларының электрондық нұсқасы болған кезде және тіркеуші органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде:

 не

 

     3) азаматтық хал актісі басқа тіркеуші органда тіркелген кезде:

цй

 

 2017 ж 29.09

 


2017-06-02 16:35:55

Сондай-ақ оқыңыз