Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

"Отбасы және балалар саласында
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі
№ 198 бұйрығына 10-қосымша

 

 

 

 

 

 

 

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 02.11.2015 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды.

      Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындының дайындығы туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама).

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу үшін хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы қажет.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін нысанда);

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімі;

      4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

      5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі) (бала бар болғанда);

      6) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127) (бұдан әрі – № 692 бұйрық) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтама;

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

      2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

      4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі (бала бар болғанда);

      5) көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) № 692 бұйрықпен бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға немесе көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұраныстың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың

      тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде көрсетілетін қызметті берушімен дайындалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.02.2017 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының кәмелет жасқа толмауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыны соттың әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп тануы;

      3) соттың ерлi-зайыптылардың біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулі деп тануы;

      4) соттың көрсетілетін қызметті алушыны ата-ана құқықтарынан айыруы немесе ата-ана құқықтарынан шектеуі;

      5) көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының заңдарында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттету;

      6) соттың бала асырап алушылардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жоюы;

      7) көрсетілетін қызметті алушының қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруының болуы;

      8) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жерінің болмауы;

      9) көрсетілетін қызметті алушының дәстүрлi емес жыныстық бағдарды ұстануы;

      10) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы, сондай-ақ осы тармақтың 15) тармақшасында аталған адамдар;

      11) көрсетілетін қызметті алушының азаматтығының болмауы;

      12) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) ер жынысты көрсетілетін қызметті алушының өтініші;

      13) көрсетілетін қызметті алушының баланы асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысының болмауы;

      14) көрсетілетін қызметті алушының наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұруы;

      15) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда).

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.02.2017 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың

жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тиісті жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушы өтініш туралы ақпаратты "жеке кабинетінен" ала алады, ол өтініштер көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұрады (жеткізгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының "1414" телефоны бойынша алуға болады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің: www.edu.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) egov.kz порталында орналасқан.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 24.02.2017 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының "1414" телефоны арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін қызметті берушінің www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы "1414".

      16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

 

"Бала асырап алуға тілек білдірген
адамдарды есепке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

      ________________________________

      (Астана және Алматы қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы

      бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органдары)

                Бала асырап алуға үміткер(лер) болудың
                 мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы
                ҚОРЫТЫНДЫ

      Т.А.Ә. (бар болғанда) (толық) _______________________________________

      Туған күні: _ _______________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болғанда) (толық) _______________________________________

      Туған күні: _________________________________________________________

      Мекенжайы (тұрғылықты жері, индексі _________________________________

      _____________________________________________________________________

      Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған

      кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен

      қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелерінің арасындағы өзара

      қарым-қатынас, жақын туысқандардың бар-жоғы және олардың бала асырап

      алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық

      ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде

      екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін).

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Білімі және кәсіптік қызметі ________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Денсаулық жағдайы сипаттамасы (денсаулығының жалпы жағдайы, бала

      асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы)

      _____________________________________________________________________

      Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге

      түрлері) ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бала асырап алуға себеп _____________________________________________

      Бала асырап алушылардың баланың кандидатурасы бойынша тілектері

      (жынысы, жасы, мінез-құлқы, түр-әлпетінің ерекшеліктері, бала асырап

      алуға үміткерлердің дамуында ауытқушылықтары бар баланы асырап алуға

      келісімі) ___________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Азамат ______________________________________________________________

      (өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә. (бар болғанда)) бала асырап

      алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы

      қорытынды __________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________ _________________________

       лауазымы, Т.А.Ә. (бар болғанда) күні, қолы

      Мөрдің орны

 

"Бала асырап алуға тілек білдірген
адамдарды есепке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

      ________________________________

      (Астана және Алматы қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы

      бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органы)

                Бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі (мүмкін
                      еместігі) туралы қорытындыны алу туралы хабарлама

      Көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә., ЖСН __________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының туған күні ___________________________

      Бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі)

      туралы қорытынды алу үшін ___________________________________________

      мекенжайы бойынша орналасқан (Астана және Алматы қалаларының,

      аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

      органдарының мекен-жайы) ____________________________________________

      (Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар

      қалалардың жергілікті атқарушы органдары) хабарласу қажет.

      Жауапты тұлғаның ЭЦҚ расталған хабарламасы

      ____________________________________

      (жауапты тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы)

 

"Бала асырап алуға тілек білдірген
адамдарды есепке қою" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

                     Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген
               азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау
                                                         АКТІСІ

      Тексеріп-қарау жүргізілген күн ______________________________________

      Тексеріп-қарауды жүргізген __________________________________________

       (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), лауазымы, жұмыс орны)

      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын

      органның мекенжайы және телефоны: ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеріп-қарау мақсаты: _____________________________________________

      (бала асырап алу)

      1. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген

      азаматтардың жалпы мінездемесі

      Тегі ______________________________ Аты _____________________________

      Әкесінің аты (бар болғанда)_____________ туған күні _________________

      жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________

      білімі ____________________________ азаматтығы ______________________

      Тегі ______________________________ Аты _____________________________

      Әкесінің аты (бар болғанда)_____________ туған күні _________________

      жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________

      білімі ____________________________ азаматтығы ______________________

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      Некеде ________________________________ _____________________________

       (тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн)

      Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _________, ______________ аралығында

      (иә, жоқ)

      Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _________, _______________ аралығында

      (иә, жоқ)

      Балалары ____________________________________________________________

      (бар, жоқ)

      Балалары туралы мәліметтер:

      1) Тегі ____________________________ Аты ____________________________

      Әкесінің аты (бар болғанда)_______________ туған күні _______________

      Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)

      _____________________________________________________________________

      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      2) Тегі ____________________________ Аты ____________________________

      Әкесінің аты (бар болғанда)_______________ туған күні _______________

      Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)

      _____________________________________________________________________

      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      3) Тегі ____________________________ Аты ____________________________

      Әкесінің аты (бар болғанда)________________ туған күні ______________

      Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке)

      _____________________________________________________________________

      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

      Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      2. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген

      азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы

      Жалпы ауданы ______ (шаршы м.) тұрғылықты ауданы _________ (шаршы м.)

      Тұрғын бөлмелердің саны _____________________________________________

      Тіркелгендер ________________________________________________________

      (тұрақты, уақытша)

      ___________________________________________________ құқығымен тұрады

      (меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)

      Үйдің, пәтердің тиесілілігі _________________________________________

      (мемлекеттік, жеке меншік)

      Тұрғын үйдің жайлылығы ______________________________________________

       (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

      Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________

       (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

      Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер _________________________________

      _____________________________________________________________________

      Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Туған күні

      Туыстық қатынастары

      Жылдық табыс

      3. Биографиялық деректер (балалық шақтағы және жасөспірім

      кезеңдегі отбасы ахуалы, ата-анасымен, аға-інілерімен,

      апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен қарым-қатынасы):

      _____________________________________________________________________

      4. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар (отбасының бұрынғы

      ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы және қазіргі уақыттағы ахуалы,

      бала асырап алушылардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, бос уақытын

      өткізуі, дүниетанымы, дінге, тәрбиелеуге көзқарасы, балалармен

      қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы, жақын туыстарының бала асырап

      алуға көзқарасы) ____________________________________________________

      5. Бала асырап алуға себеп: ___________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Денсаулық жағдайы (бала асырап алуға үміткер болуға тілек

      білдірген азаматтар денсаулығының жағдайы туралы дәрігерлік

      қорытындыға сәйкес) _________________________________________________

      7. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар:

      Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп

      танымаған.

      Сот ата-ана құқығынан айырмаған және оны шектемеген.

      Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін

      қорғаншылар, қамқоршылар міндеттерінен шеттетілмеген.

      Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса,

      бұрынғы бала асырап алушылар болып табылмайды.

      Қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ.

      _________________ __________________________________

      (қолы) (аты-жөні, тегі (бар болғанда))

      _________________

      (күні)

 

 

 

 2017 ж 05.22


2017-05-22 09:57:05

Сондай-ақ оқыңыз