Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "24" маусымдағы
№ 181/6 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 N 40/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысы аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қала немесе аудан әкімдігінің жетім балаға (балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу немесе бас тарту туралы қаулысы не Стандарттың 10-тармағымен қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін мыналар негіз болып табылады:
      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде: Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынумен Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтініші;
      портал арқылы жүгіну кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің (іс-қимылының) құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылды) мазмұны, ұзақтығы мен оны орындау реттілігі, соның ішінде рәсімдердің (іс-қимылды) өту кезеңі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген сәттен бастап қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды басшыға бұрыштама қоюға жібереді – 30 минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырады, жауапты маманды анықтайды – 1 (бір) күнтізбелік күн;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарастырады, қаланың немесе ауданның жергілікті атқарушы органының қорғаншылық және қамқоршылық белгілеу туралы қаулы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 13 (он үш) күнтізбелік күн;
      4) әкімдік қаулыны шығарады және тіркейді, үзінді көшірмені дайындайды – 14 (он төрт) күнтізбелік күн;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы есепке алу журналына үзінді көшірмені не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін береді 1 күнтізбелік күн.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қала және аудан әкімдігінің қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы қаулысы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес кестемен беріледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылды) ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау – 15 (он бес) минут:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторына қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартынын 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұрауды жіберу;
      5) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің бар болуын тексеру;
      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің және БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына байланысты, деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің ақпараттық жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу рәсімдерін сипаттау:
      1) 6-процесс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркеу;
      2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттардың сәйкестігін және негіздемелерін тексеруі;
      3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы.
      11. Портал арқылы жүгіну кезінде жүгіну тәртібі мен көрсетілетін қызметті алушының және көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдер (іс-қимылды) реттілігін сипаттау – 15 (он бес) минут:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталдың авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ӨЭҮШ АЖО-ға жіберу;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген құжаттардың сәйкестігін және негіздерін тексеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ӨЭҮШ АЖО қалыптастырған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін толық сипаттау, сондай-ақ өзге де мемлекеттік қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

                        Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен
                    құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
                арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау

 

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағының) іс-қимылы

 

1.

Іс-қимылдың (жұмыс барысының ағынының) №

1

2

3

4

5

 

2.

Құрылымдық бөлімше (қызметкер) атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

 

3.

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оны сипаттау

Алынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады

Қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды

Құжаттарды қарастырады, әкімдіктің қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаулысын не бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді

Әкімдік қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаулыны шығарады және тіркейді, көшірме дайындайды

Әкімдіктің қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаулысын не бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді

 
 

4.

Аяқталу нысаны

Басшыға қарауға беру

Бұрыштама

Әкімдіктің қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаулысы не басшының қарауынан және қол қоюынан бас тарту туралы дәлелді жауап

Әкімдіктің қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаулысынан үзінді көшірме

Әкімдіктің қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаулысын не бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушыға жібереді

 

 

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минут

1 (бір) күнтізбелік күн

13 (он үш) күнтізбелік күн

14 (он төрт) күнтізбелік күн

1 (бір) күнтізбелік кун

 

 

 

"Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

                    Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік
              қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық
             жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      мм

 

"Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

                   Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
                         қатыстырылған ақпараттық жүйелердің
                     функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      эп

 

 

 

"Жетім балаға (жетім балаларға)
және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаға
(балаларға) қамқоршылық
немесе қорғаншылық белгілеу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

                       "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының
                   қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық
                    немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік
                  қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

      еп

          Шартты белгілер

тро

      

 

 2017 ж 05.19


2017-05-19 15:55:36

Сондай-ақ оқыңыз