Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "24" сәуірдегі
№ 112/4 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 22.12.2016 № 375/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы рұқсаты (бұдан әрі – шешім) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды және өтінішті тапсырады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттармен өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына өтінішті, құжаттарды береді – 15 (он бес) минут ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минуттың ішінде;
      3) жауапты орындаушы құжаттарды тексереді және шешім жобасын немесе стандарттың 9-1-тармағымен көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды – 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде;
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда құжаттарды алған күннен бастап өтінішті одан әрі қарау үшін – 2 (екі) жұмыс күні ішінде дәлелді жазбаша бас тартады;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 30 (отыз) минут ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шығыс хат-хабарлар журналына шешімді тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут ішінде.
      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету процедурасы (іс-қимылы) шешім немесе стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы.
      8. Шешімді беруге әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) және 3-қосымшасында (мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

"Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден
екінші түрге ауыстыруға
рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмірі

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай ауылы,
Абай көшесі, 75-үй

8-718-41
2-14-50

kense.aakr@pavlodar.gov.kz

2

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40
9-12-03

kense.abr@pavlodar.gov.kz

3

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы,
Железин ауылы,
Әуезов көшесі, 19-үй

8-718-31
2-21-40

kense.azhr@pavlodar.gov.kz

4

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Қажымұқан көшесі, 118-үй

8-718-32
2-10-68

kense.aer@pavlodar.gov.kz

5

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы,
Тереңкөл ауылы,
Елгин көшесі, 172-үй

8-718-33
2-15-70

kense.akr@pavlodar.gov.kz

6

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы,
Аққу ауылы,
Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39
2-10-32

kense.alr@pavlodar.gov.kz

7

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы,
Көктөбе ауылы,
Абылайхан көшесі, 34-үй

8-718-38
9-11-70

kense.amr@pavlodar.gov.kz

8

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар ауданы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2
32-20-89

kense.aрr@pavlodar.gov.kz

9

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы,
Успен ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34
9-19-37

kense.aur@pavlodar.gov.kz

10

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51-үй

8-718-36
2-19-91

kense.ashr@pavlodar.gov.kz

11

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы,
Астана көшесі, 52-үй

8-718-37
5-01-63

kense.aa@pavlodar.gov.kz

12

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы,
Мәшхүр Жүсіп көшесі, 45-үй

8-718-77
4-09-45

kense.ae@pavlodar.gov.kz

13

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32- үй

8-718-2
32-01-80

kense.ap@pavlodar.gov.kz

 

"Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден
екінші түрге ауыстыруға
рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

               Кесте. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып,
             құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
           арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

Негізгі процестің (жұмыс барысының) іс-қимылы

Іс-қимылдың (жұмыс барысының) №

1

2

3

4

5

1

Атауы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсенің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Жауапты орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері

2

Іс - қимылдың (процестің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініштерді, құжаттарды қабылдау және тіркеу

Өтініштерді, құжаттарды қарау

Өтініштерді қарау, ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеру

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою

Шығыс хат-хабарлар журналында тіркеу

3

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімді шешім)

Тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін, өтінішті және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру

Жауапты орындаушыны анықтау

Шешім жобасын немесе құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді бас тартуды дайындау – 2 (екі) жұмыс күн ішінде құжаттарды алған күннен бастап өтінішті одан әрі қараудан дәлелді жазбаша бас тартуды дайындау, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру

4

Орындалу мерзімдері

15 (он бес) минут ішінде

30 (отыз) минут ішінде

28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күні ішінде

30 (отыз) минут ішінде

15 (он бес) минут ішінде

5

Жалпы орындалу мерзімі

30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде

 

"Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден
екінші түрге ауыстыруға
рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

                       "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші
                       түрге ауыстыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті
                       көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

м1

 

 

 2017 ж 18.05


2017-05-18 17:07:11

Сондай-ақ оқыңыз