Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
10-қосымша

 

 

 

 

 

 

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тарту береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулы (бұдан әрі рұқсат) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1 тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және басып шығарылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан

      әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

      3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) іздестіру жұмыстарын жүргізу ауданының жоспары (схема);

      4) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың көшірмесі.

      Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

      порталға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім;

      2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасы) электрондық көшірмесі;

      3) іздестіру жұмыстарын орындауға берілген тапсырманың электрондық көшірмесі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар), жер учаскесіне сәйкестендіру және құқық растау құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері және көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады;

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      Көрсетілетін қызметті берушіге - қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      порталға - "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       10. Көрсетілген қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

               3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының,

                   Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші Министрлік басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен", көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

                       4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.economy.gov.kzинтернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

 

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер
учаскелерін пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      ______________________(облыс, қала, аудан)әкіміне

      _____________________________________________

      (облыс, қала) _______________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      _____________________________________________

      не заңды тұлғаның толық атауы)

      ЖСН (БСН)___________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның жеке

      ____________________________________________

      басын куәландыратын құжаттың

      ____________________________________________

      деректемелері, байланыс телефоны,

      ____________________________________________

      мекенжайы)

                 Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш

      ___________________________________________________________ бойынша (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

      орналасқан, алаңы____________________________________________________

      (алқап түрін көрсету)

      жер учаскесін ______________ мерзімге

      дейін____________________________________

      ______________________________________________негізінде жүргізілетін

      ___________________________________________________________жұмыстарды

      (іздестіру жұмыстарының түрін және мақсатын көрсету)

      жұмыстарды жүргізу кестесі___________________________________________

      жұмыстарын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беруіңізді өтінемін.

      Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізуге байланысты жер учаскесін пайдалану шарттарын қабылдауға міндеттенемін.

      _____________________________________________________________________

      (келісу)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Күні __________ Өтініш беруші________________________________

       (жеке тұлғаның немесе заңды

      _________________________________

       тұлғаның не уәкілетті адамның

      _______________________________

       тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

 

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу
үшін жер учаскелерін
пайдалануға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

      _________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін

      __________________________________

      қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін

      __________________________________

      қызметті алушының мекенжайы)

               Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________.

      "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

      Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________

      Телефон________________________________________________________

      Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ ж.

 

 

 

2017 ж 18.05


2017-05-18 12:30:32

Сондай-ақ оқыңыз