Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандар

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
9-қосымша

 

 

 

 

 

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкенің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін;

      көрсетілген қызметті беруші көрсетілген қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілген қызметтерді беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қатыстырудан дәлелді жазбаша бас тарту береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияның - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

      мемлекеттік қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз, "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, жер учаскесінің тұрған жері бойынша, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

      3) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі):

      көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі;

      порталға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық өтінім;

      2) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі - құжаттың электрондық көшірмесі.

      Жеке басты куәландыру құжаты туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, жер учаскесіне сәйкестендіру және құқық белгілеу құжаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      Көрсетілетін қызметті берушіге - қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      порталға - "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

                          3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне,                                               әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысы атына Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қабылданғанын растайды.

      Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорацияда қабылданғанын растайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға үшін оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлға үшін оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

                      4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       13. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуіне құқығы бар.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       14. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың, қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну жолымен Мемлекеттік корпорация жұмыскері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       16. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуына мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       17. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуына мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 55-59-33. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгертуге шешім беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      ______________(облыс, қала, аудан әкіміне)

      (облыс, қала)

      _______________________________________

       (тегі, аты, әкесінің аты)

      кімнен _______________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      _______________________________________

      не заңды тұлғаның

      _______________________________________

       толық атауы)

      ЖСН (БСН)______________________________

      _______________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның жеке басын

      куәландыратын

      _______________________________________

      құжаттың деректемелері,

      _______________________________________

       байланыс телефоны, мекенжайы)

                 Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өтініш

      Сізден маған жеке меншік (жер пайдалану құқығындағы тиесілі) ________________________________________________________________________________мекенжайында орналасқан, ауданы ____________ га, кадастрлық нөмірі_________________________, жер учаскесінің пайдалану _____________________________________________________________нысаналы

      мақсатынан___________________________________________________нысаналы

      мақсатына____________________________________________________________

       (жер учаскесінің көлемін көрсете отырып, оның нысаналы

      мақсатын өзгерту қажеттілігінің себебін көрсету)

      байланысты өзгертуді сұраймын.

      Құықығын растайтын құжаттың № ________, берілген күні "_____"______ ________ жылғы,

      Сәйкестендіру құжатының № ______ берілген күні "_________" _________ ________жылғы.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Күні __________ Өтініш беруші________________________________

       (жеке немесе заңды тұлғаның не

      _________________________________

       уәкілетті тұлғаның тегі, аты,

      әкесінің аты,

      _________________________________

      қолы)

 

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

      _________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін

      __________________________________

      қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін

      __________________________________

      қызметті алушының мекенжайы)

            Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________.

      "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

      Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________

      Телефон________________________________________________________

      Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ ж.

 

 

 2017 ж18.05


2017-05-18 12:07:22

Сондай-ақ оқыңыз