Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "24" сәуірдегі
№ 112/4 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

 

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 22.12.2016 № 375/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы (бұдан әрі – қаулы) не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" № 272 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үшін қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды тапсырады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттармен өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін өтінішті, құжаттарды береді – 15 (он бес) минут ішінде;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут ішінде;
      3) жауапты орындаушы өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, қаулы жобасын немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қарау үшін дәлелді жазбаша бас тартады - құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 30 (отыз) минут ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шығыс хат-хабарлар журналына шешімді тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлер) құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы.
      7. Шешімді беру бойынша әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет алу үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорациясына ұсынады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен салыстырады, ұсынылған құжаттардың толықтығын 15 минут ішінде тексереді және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Мемлекеттік корпорациясының курьерінен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарымен бірге өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін өтінішті, құжаттарды береді – 15 (он бес) минут ішінде;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут ішінде;
      4) жауапты орындаушы өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, шешім жобасын немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қарау үшін дәлелді жазбаша бас тартады – құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімге немесе дәлелді бас тартуға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді – 30 (отыз) минут ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шығыс хат-хабарлар журналына шешімді немесе дәлелді бас тартуды тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут ішінде.
      10. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 30 жұмыс күніне дейін.
      Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары және шешімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда мемлекеттік қызметті алуы үшін ЖСН/БСН-ді және парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
      4) 2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізуі) үшін, стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар көшірмесін электронды түрде сұрау нысанына бекіту, сонымен қатар сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрауда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің сұрауды өңдеуі үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) "электрондық үкімет" өңірлік шлюзы автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) "электрондық үкімет" шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жіберу;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің стандартта көрсетілген қызметті алушының ұсынған құжаттарына сәйкестігін тексеру және қызметті көрсету негіздері;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық құжат нысанында хабарламаны) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасындағы диаграммада келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

      1-кесте. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып,
         құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер)
      арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау

Негізгі процестің (жұмыс барысының) іс-қимылы

Іс-қимылдың (жұмыс барысының) №

1

2

3

4

5

1

Атауы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Жауапты орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері

2

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтінішті, құжаттарды қабылдау, тіркеу

Өтінішті, құжаттарды қарау

Өтінішті қарау, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру

Шешімге немесе дәлелді бас тартуға қол қою

Шығыс хат-хабарлар журналында тіркеу

3

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін, өтінішті және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысына беру

Жауапты орындаушыны анықтау

Қаулы жобасын немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындау – құжатты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде, алдағы уақытта өтінішті қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды беру, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау

Қаулы немесе дәлелді бас тарту

Қаулыны немесе дәлелді бас тартуды беру, Мемлекеттік корпорацияға беру немесе порталға жолдау

4

Орындалу мерзімдері

15 (он бес) минут ішінде

30 (отыз) минут ішінде

28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде

30 (отыз) минут ішінде

15 (он бес) минут ішінде

5

Жалпы орындалу мерзімі

30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін

 

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

д1

      Портал АЖ– Портал ақпараттық жүйесі
      ЭҮШ - "Электрондық үкімет" шлюзі
      ЭҮӨШАЖО - "Электрондық үкімет" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орны

 

"Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"
мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
  

д2

 

 2017 ж 18.05


2017-05-18 12:01:47

Сондай-ақ оқыңыз