Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 272 бұйрығына
7-қосымша

 

 

 

 

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің
кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

       1. "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап - 3 (үш) жұмыс күні;

      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін кезек күту уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты - 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі бекітілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша уәкілетті өкілі) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын есептеген жер учаскесінің бағалау құнын айқындау актісі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге - өтініш қағаз тасығышта қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады;

      Мемлекеттік корпорацияға - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат (не: уәкілеттілігін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның өкілетті өкілі) ұсынылған кезде қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған болуы болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 318 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

                       3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші Министрлік басшысының атына: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымды Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады;

      Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жөнелткен кезде, көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен", көрсетілетін қызметті алушы өтінішті өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары бойынша не порталда алуға болады.

      Портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы оны өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның - оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол беріледі.

      Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

                                                  4. Мемлекеттік, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.economy.gov.kzинтернет-ресурсында;

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.g2c.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-21-98. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы 1414.

 

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты
жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау)
құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      ______________________________________

      басшысы_______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ______________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      ______________________________________

      не заңды тұлғаның толық атауы)

      ______________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның жеке

      ______________________________________

      басын куәландыратын құжаттың

      ______________________________________

      деректемелері, байланыс телефоны,

      ____________________________________

      мекенжайы)

                                        Өтініш

      ____________________________________________________________

      мекенжайы (жер учаскесінің орналасқан жері)

      бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін бекітуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Күні __________ Өтініш беруші________________________________

       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

      немесе заңды тұлғаның не

      ______________________________________

      уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)

 

"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

                     Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі

      1. Акті азамат (ша)

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

      өтінішіне сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (мақсатын көрсету)

      ________________________ жер учаскесін бағалауға байланысты жасалды.

      2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:________________________________

      3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:_________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Жер учаскесінің орналасқан жері:__________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есебі (жер пайдалану

      құқығы)

Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауыл шаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін)

Ауданы гектар, шаршы метр

Жерге төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге

Түзету коэффициенті

Кадастрлық (бағалау) құны, мың теңге

         
         

Жиыны

       

   6. Жер учаскесінің (жерді пайдалану құқығының) кадастрлық (бағалау)

      құны_________________________________________________________құрайды.

      (жазбаша сомасы)

      Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны анықталды

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынның атауы)

      М.О. ______________ ________________________________

       (қолы) (басшының Т.А.Ә.)

      ______________________________________________________________басшысы

       (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      М.О. ____________________ ________________________________

       (қолы) (басшының Т.А.Ә.)

      Күні "____" ____________

 

"Мемлекет жеке меншікке сататын
нақты жер учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

       нысан

      _________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе көрсетілетін

      __________________________________

      қызметті алушы ұйымның атауы көрсетілетін

      __________________________________

      қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.01.2016 № 24 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:

      1) ___________________________________________________________;

      2) ___________________________________________________________;

      3) ___________________________________________________________.

      "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған кезде), қолы)

      Орындаушы Т.А.Ә. (ол болған кезде)_____________________________

      Телефон________________________________________________________

      Алдым: Т.А.Ә. (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушының қолы

      "___" _________ 20__ ж.

 

 

 

2017 ж 18.05


2017-05-18 10:56:18

Сондай-ақ оқыңыз