Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "24" сәуірдегі
№ 112/4 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

 

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты
жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 22.12.2016 № 375/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі (бұдан әрі - акт) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" № 272 бұйрығымен бекітілген "Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды тапсырады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті қабылдаған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттармен өтінішті тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі қойылған өтініштің көшірмесін береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін өтінішті, құжаттарды - 15 (он бес) минут ішінде береді;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны - 30 (отыз) минут ішінде анықтайды;
      3) жауапты орындаушы өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттарды тексереді, актіні бекітуге немесе 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына - 2 (екі) жұмыс күні ішінде береді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы актіге қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне - 30 (отыз) минут ішінде береді;
      5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шығыс хат-хабарлар журналына бекітілген актіні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыға 15 (он бес) минут ішінде береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлер) құрылымдық бөлімшелері мен уәкілетті органдардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) жауапты орындаушы.
      7. Актіні беру бойынша әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет алу үшін стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасын мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ұсынылған мәліметтермен тексереді, ұсынылған құжаттардың толықтығын 15 минут ішінде тексереді және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері Мемлекеттік корпорацияның курьерінен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттармен бірге өтінішті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына өтінішті, құжаттарды - 15 (он бес) минут ішінде береді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті қарайды және жауапты орындаушыны - 30 (отыз) минут ішінде анықтайды;
      4) жауапты орындаушы өтінішті қарайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, бекітуге актіні немесе стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді - 2 (екі) жұмыс күні;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне береді - 30 (отыз) минут ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері шығыс хат-хабарлар журналында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды беру тізілімін жасайды және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды - 15 (он бес) минут ішінде.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Мемлекет жеке меншікке
сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Р/с №

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмірі

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 49-үй

8-718-2
32-08-18

kense1.ao@pavlodar.gov.kz

2

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы,
Ақтоғай ауылы,
Абай көшесі, 75-үй

8-718-41
2-14-50

kense.aakr@pavlodar.gov.kz

3

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы,
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40
9-12-03

kense.abr@pavlodar.gov.kz

4

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы,
Железин ауылы,
Әуезов көшесі, 19-үй

8-718-31
2-21-40

kense.azhr@pavlodar.gov.kz

5

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Қажымұқан көшесі, 118-үй

8-718-32
2-10-68

kense.aer@pavlodar.gov.kz

6

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы,
Тереңкөл ауылы,
Елгин көшесі, 172 үй

8-718-33
2-15-70

kense.akr@pavlodar.gov.kz

7

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы,
Аққу ауылы,
Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39
2-10-32

kense.alr@pavlodar.gov.kz

8

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы,
Көктөбе ауылы,
Абылайхан көшесі, 34-үй

8-718-38
9-11-70

kense.amr@pavlodar.gov.kz

9

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар ауданы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2
32-20-89

kense.aрr@pavlodar.gov.kz

10

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы,
Успен ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34
9-19-37

kense.aur@pavlodar.gov.kz

11

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51-үй

8-718-36
2-19-91

kense.ashr@pavlodar.gov.kz

12

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы,
Астана көшесі, 52-үй

8-718-37
5-01-63

kense.aa@pavlodar.gov.kz

13

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы,
Мәшхүр Жүсіп көшесі, 45-үй

8-718-77
4-09-45

kense.ae@pavlodar.gov.kz

14

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2
32-01-80

kense.ap@pavlodar.gov.kz

 

"Мемлекет жеке меншікке
сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

2-кесте. Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып,
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы
рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау

Негізгі процестің (жұмыс барысының) іс-қимылы

Іс-қимылдың (жұмыс барысының) №

1

2

3

4

5

1

Атауы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Жауапты орындаушы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері

2

Іс-қимылдың (процестің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Өтініштерді, құжаттарды қабылдау, тіркеу

Өтініштерді, құжаттарды қарау

Өтінішті қарау, ұсынылған құжаттарды тексеру

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне беру

Шығыс хат-хабарлар журналында тіркеу

3

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімді шешім)

Тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін беру, өтінішті және құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші басшысына беру

Жауапты орындаушыныанықтау

Бекітуге актіні немесе стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді бас тартуды дайындау, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру, Мемлекеттік корпорацияға жолдау

4

Орындалу мерзімдері

15 (он бес) минут ішінде

30 (отыз) минут ішінде

2 (екі) жұмыс күн ішінде

30 (отыз) минут ішінде

15 (он бес) минут ішінде

5

Жалпы орындалу мерзімі

3 (үш) жұмыс күн ішінде

 

"Мемлекет жеке меншікке
сататын нақты жер
учаскелерінің кадастрлық
(бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Мемлекет жеке меншікке сататын нақты
жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

п4

 

 

 

 

2017 ж 18.05


2017-05-18 10:47:02

Сондай-ақ оқыңыз