Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "09" маусымдағы
№ 170/6 қаулысымен
бекітілген

 

 

 

 

"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2016 N 111/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын облыстың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – келесі шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:
      1) аттестатталды;
      2) қайта аттестаттауға жатады;
      3) аттестатталған жоқ.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
      Атесттау парағы электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, оған комиссия төрағасы, мүшелері мен хатшысы қол қояды.
      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аттестаттаудан өту күні мен уақыты туралы хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мен өтініш мемлекеттік қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәтінен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды және бұрыштама қояды – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы аттестаттауды аттестаттау тізбесіне сәйкес жүргізеді.
      Аттестаттау бір күнде өткізіледі және екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.
      Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден теріс нәтиже алған кезде аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесу) өтпейді. Қайта тестілеу мемлекеттік қызмет көрсету стандартында белгіленген тәртіпте, алғашқы тестілеу өткен күннен бастап алты ай өткен соң өткізіледі.
      Комиссияның шешімі бойынша – қайта әңгімелесуден өтуі тиіс. Қайта әңгімелесу алғашқы әңгімелесу күнінен бір ай өткен соң өткізіледі.
      Аттестаттаудан өтпегенде, көрсетілетін қызметті алушы аттесттау нәтижесін алғанына бір жыл өткеннен кейін қайта аттестаттауға қатыса алады;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі – келесі шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:
      1) аттестатталды;
      2) қайтта аттестаттауға жатады;
      3) аттестатталған жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлердің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілмейді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған сәтіне дейін - аттесттау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Аттестаттау бір күнде өткізіледі және екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.
      Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден теріс нәтиже алған кезде аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесу) өтпейді. Қайта тестілеу мемлекеттік қызмет көрсету стандартында белгіленген тәртіпте, алғашқы тестілеу өткен күннен бастап алты ай өткен соң өткізіледі.
      Комиссияның шешімі бойынша – қайта әңгімелесуден өтуі тиіс. Қайта әңгімелесу алғашқы әңгімелесу күнінен бір ай өткен соң өткізіледі.
      Аттестаттаудан өтпегенде, көрсетілетін қызметті алушы аттесттау нәтижесін алғанына бір жыл өткеннен кейін қайта аттестаттауға қатыса алады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4-процесс – сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқарудың "e-Agriculture" бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталынан алынған көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеуі;
      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздер бойынша тексеруі (өңдеу);
      12) 8-процесс – ББАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ББАЖ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімі осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

 

"Ветеринария саласында
кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды
тұлғаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1.

Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қамзин көшесі, 352/1-үй,
email: vet_otdel.pvl@mail.ru
тел. 8 (7182) 577784

2.

Екібастұз қаласы әкімдігінің "Екібастұз қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Екібастұзға 50 жыл көшесі, 10-үй,
email: ekibastuz_n111@ mail.ru
тел. 8 (7187) 54239

3.

Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Ленин көшесі, 27-үй,
email: VetotdelAksu@mail.ru
тел. 8 (71837) 33141

4.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы,
Авин көшесі, 97-үй,
email: vetotdel.aktogai@mail.ru,
тел. 8 (71841) 22200

5.

Баянауыл ауданы әкімдігінің "Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауылы,
Марғұлан көшесі, 1-үй,
email: bayanvetsluba@mail.ru
тел.8 (71840) 92357

6.

Железин ауданы әкімдігінің "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железинка ауылы, Чкалов көшесі, 21-үй,
emai: vetotdel.zhel@mail.ru
тел 8 (71831) 21911

7.

Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97-үй,
email: vetirt@mail.ru
тел.8 (71832) 21138

8.

Качиры ауданы әкімдігінің "Качиры ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Тереңккөл ауылы,
Байтұрсынов көшесі, 236-үй,
email: Kach_vetotdel@mail.ru
тел. 8 (71833) 24329

9.

Лебяжі ауданы әкімдігінің "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауылы, Баймолдин көшесі, 4-үй,
emai: vetotdel2010@mail.ru
8 (71839) 21503

10.

Май ауданы әкімдігінің "Май ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Көктөбе ауылы, Ветпоселок
email: Mayskiy.veterinariya@mail.ru
тел 8 (71838) 91390

11.

Павлодар ауданы әкімдігінің "Павлодар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Толстой көшесі, 3-үй,
email: Vet_otdel.pvl@mail.ru 
тел. 8 (7182) 657179

12.

Успен ауданы әкімдігінің "Успен ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успенка ауылы, Терешкова көшесі, 28-үй,
email: usp_veterynarya@mail.ru
тел. 8 (71834) 92193

13.

Шарбақты ауданы әкімдігінің "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауылы, Веткомплекс, 8/2-үй,
emai: otdel_veterinariya@mail.ru
тел. 8 (71836) 23509

 

 

"Ветеринария саласында
кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды
тұлғаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

Р/с №

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1.

Бірлік атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

2.

Іс-қимылдың (процестін, рәсімнің операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады

Жауапты орындаушыны анықтайды

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, комиссияға қарау үшін жібереді

Аттестаттау жүргізеді

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді

3.

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның А.Ж.Ә (болған жағдайда) көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін береді

Бұрыштама қояды

Аттестаттау парағына қол қою үшін аттестаттау парағын комиссияға береді

Аттестаттау парағын беру үшін кеңсеге жолдайды

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін береді

4.

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минуттан аспайды

30 (отыз) минуттан аспайды

30 (отыз) минуттан аспайды

Аттестаттау кестесіне сәйкес 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды)

30 (отыз) минуттан аспайды

 

 

"Ветеринария саласында
кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды
тұлғаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

 пп

 

Шартты белгілер

ЗЗ

 

"Ветеринария саласында
кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыратын жеке және заңды
тұлғаларды аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
4-қосымша

"Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 аа

Шартты белгілер

БЬ

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 10.08

 


2017-08-10 15:03:13

Сондай-ақ оқыңыз