Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің

 2015 жылғы "09" маусымдағы

№ 170/6 қаулысымен

Бекітілген

 

"Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2016 N 111/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
      Ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме алу қажет болған жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/ қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтініштің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық маманы көрсетілетін қызметті алушы тапсырған құжаттарды тексереді, мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чип салу) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмірін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына енгізеді, паспорт ресімдейді – көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – жүгінген күннің ішінде жүзеге асырылады;
      ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру – 30 минут ішінде;
      сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде, қайталама мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жануарға жаңа жеке нөмір бере отыра, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күнінен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      ірі қара малдың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 30 (отыз) минут.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді көшірме беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық маманы.
      8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілмейді.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ тіркеу куәлігінің (бұдан әрі - ЭЦҚ) көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4-процесс – сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқарудың "e-Agriculture" бірыңғай автомат-тандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталынан алынған көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеуі;
      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздер бойынша тексеруі (өңдеуі);
      12) 8-процесс – ББАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ББАЖ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімі осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Ауыл шаруашылығы
жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып
бірдейлендіруді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1.

Павлодар қаласы әкімдігінің Павлодар қаласы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Павлодар қаласы,
Қамзин көшесі, 352/1- үй,
email: vet_otdel.pvl@mail.ru
тел. 8 (7182) 577385

2.

Екібастұз қаласы әкімдігінің Екібастұз қаласы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Екібастұз қаласы, Гридин көшесі, 43-үй,
email: orvet 888@ mail.ru
тел. 8 (7187) 752553

3.

Ақсу қаласы әкімдігінің Ақсу қаласы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ақсу қаласы, Ленин көшесі, 27-үй,
email: Aksuvetstanciya@mail.ru
тел. 8 (71837) 68693

4.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ақтоғай ауылы,
22 Партсъезд көшесі, 14-үй,
email: vet.stanciya@mail.ru,
тел. 8 (71841) 24388

5.

Баянауыл ауданы әкімдігінің Баянауыл ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Баянауыл ауылы,
Марғұлан көшесі, 1-үй,
email: bayanvetsluba@mail.ru
тел.8 (71840) 92357

6.

Железин ауданы әкімдігінің Железин ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Железинка ауылы, Чкалов көшесі, 21-үй,
emai: vet-compani @ mail.ru
тел 8 (71831) 21558

7.

Ертіс ауданы әкімдігінің Ертіс ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97-үй,
email: vetirt@mail.ru
тел.8 (71832) 21138

8.

Качиры ауданы әкімдігінің Качиры ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Тереңккөл ауылы,
Байтұрсынов көшесі, 236-үй,
email: Kachvetstan@mail.ru
тел. 8 (71833) 24314

9.

Лебяжі ауданы әкімдігінің Лебяжі ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Лебяжі ауылы, Баймолдин көшесі, 4-үй,
emai: akkuvet@mail.ru
8 (71839) 79011

10.

Май ауданы әкімдігінің Май ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Көктөбе ауылы, Ветпоселок
email: vets12@mail.ru
тел 8 (71838) 91906

11.

Павлодар ауданы әкімдігінің Павлодар ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Павлодар қаласы,
Толстой көшесі, 3-үй,
email: kqpvetservis@mail.ru
тел. 8 (7182) 652071

12.

Успен ауданы әкімдігінің Успен ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Успенка ауылы, Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесі, 10-үй,
email:vetstancij2012@mail.ru
тел. 8 (71834) 91531

13.

Шарбақты ауданы әкімдігінің Шарбақты ауданы ветеринария бөлімінің "Ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Шарбақты ауылы, Ветпоселок, 8/2-үй,
emai: otdel_veterinariya@mail.ru
тел. 8 (71836) 23509

 

"Ауыл шаруашылығы
жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып
бірдейлендіруді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағымының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің ветеринариялық маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді

Журналда тіркейді

4

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

Мынадай тәсілдердің бірімен (сырғалау, таңба басу, чип салу) жануарға жеке нөмір береді, жануардың жеке нөмерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына енгізеді, паспорт ресімдейді

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

5

Орындау мерзімдері

30 (отыз) минут

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – жүгінген күннің ішінде жүзеге асырылады; ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру – 30 минут ішінде;
2) сырға (сырғалар) жоғалған, бүлінген (жеке нөмірін айқындау мүмкін емес) кезде, қайталама мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезінде, жануарға жаңа жеке нөмір бере отыра, көрсетілетін қызметті берушіге сырғалар келіп түскен күнінен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
3) ірі қара малдың сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге аспалы сырға телнұсқасы келіп түскен күннен бастап - 2 (екі) жұмыс күні ішінде

30 (отыз) минут

 

"Ауыл шаруашылығы
жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып
бірдейлендіруді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      ш1

Шартты белгілер:

  ш2     

 

 

 

"Ауыл шаруашылығы
жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып
бірдейлендіруді жүргізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық
паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

   ш4

 

 

 

      

 

 

 

2017 ж 18.05


2017-05-18 10:13:01

Сондай-ақ оқыңыз