Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "09" маусымдағы
№ 170/6 қаулысымен
бекітілген

 

 

 

"Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау
және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық
қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2016 N 111/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбе негізінде мемлекеттік ветеринариялық дәрігер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;
      анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электрондық нысанда ресімделеді, арнайы бланкке басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылады және мөрмен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттар мен өтініш мемлекеттік қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды және бұрыштама қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде жазбаша бас тартады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      Құжаттар топтамасы толық болған кезде жауапты орындаушы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
      объектіні тексеруге дейін бір күн бұрын құқықтық статистика органдарына хабарлайды;
      объектіге тексеру жүргізеді;
      объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкестігін тексереді;
      объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге сәйкестігін тексереді;
      акті жасайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына және мемлекеттік ветеринариялық дәрігердің қарауына шешім қабылдау үшін енгізеді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды – 30 (отыз) минут;
      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – 30 (отыз) минут.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі:
      объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды;
      анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды).

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетілмейді.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
      1) көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4-процесс – сұрау салуды куәландыруы (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6- процесс – мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы куәландыруы (қол қоюы);
      10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқарудың "e-Agriculture" бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталынан алынған көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеуі;
      11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы қоса берген, Стандартта көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және негіздер бойынша тексеруі (өңдеуі);
      12) 8-процесс – ББАЖ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ББАЖ АЖ –да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-ын пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті берушінің қадамдық іс-қимылы мен шешімі осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін толық сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-
санитариялық қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1.

Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қамзин көшесі, 352/1-үй,
email: vet_otdel.pvl@mail.ru
тел. 8 (7182) 577784

2.

Екібастұз қаласы әкімдігінің "Екібастұз қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Екібастұзға 50 жыл көшесі, 10-үй,
email: ekibastuz_n111@ mail.ru
тел. 8 (7187) 54239

3.

Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Ленин көшесі, 27-үй,
email: VetotdelAksu@mail.ru
тел. 8 (71837) 33141

4.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы,
Авин көшесі, 97-үй,
email: vetotdel.aktogai@mail.ru,
тел. 8 (71841) 22200

5.

Баянауыл ауданы әкімдігінің "Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауылы,
Марғұлан көшесі, 1-үй,
email: bayanvetsluba@mail.ru
тел.8 (71840) 92357

6.

Железин ауданы әкімдігінің "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железинка ауылы, Чкалов көшесі, 21-үй,
emai: vetotdel.zhel@mail.ru
тел 8 (71831) 21911

7.

Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97-үй,
email: vetirt@mail.ru
тел.8 (71832) 21138

8.

Качиры ауданы әкімдігінің "Качиры ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Тереңккөл ауылы,
Байтұрсынов көшесі, 236-үй,
email: Kach_vetotdel@mail.ru
тел. 8 (71833) 24329

9.

Лебяжі ауданы әкімдігінің "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауылы, Баймолдин көшесі, 4-үй,
emai: vetotdel2010@mail.ru
8 (71839) 21503

10.

Май ауданы әкімдігінің "Май ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Көктөбе ауылы, Ветпоселок
email: Mayskiy.veterinariya@mail.ru
тел 8 (71838) 91390

11.

Павлодар ауданы әкімдігінің "Павлодар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Толстой көшесі, 3-үй,
email: Vet_otdel.pvl@mail.ru
тел. 8 (7182) 657179

12.

Успен ауданы әкімдігінің "Успен ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успенка ауылы, Терешкова көшесі, 28-үй,
email: usp_veterynarya@mail.ru
тел. 8 (71834) 92193

13.

Шарбақты ауданы әкімдігінің "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауылы, Веткомплекс, 8/2-үй,
emai: otdel_veterinariya@mail.ru
тел. 8 (71836) 23509

 

"Мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-
санитариялық қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1.

Бірлік атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Жауапты орындаушы

2.

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Жауапты орындаушыны анықтайды

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, құқықтық статистика органдарына хабарлайды; объектіге тексеру жүргізеді; объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге сәйкестігін тексереді

Объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелерге, талаптарға және нормаларға сәйкестігін және сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді түрде бас тартады

Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға объектінің жай-күйі туралы тексеру актісін жасайды

3.

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдаған күні мен уақыты, құжатты қабылдаған тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетілген тіркеу туралы өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді

Бұрыштама қояды

Шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға енгізеді

Көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру үшін жауапты орындаушыға жолдайды

Көрсетілетін қызметті алушыға ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді немесе дәлелді түрде бас тартады

4.

Орындау мерзімі

30 (отыз) минут

1 (бір) жұмыс күні)

Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда - 1 (бір) жұмыс күні;
толық болмаған жағдайда - 2 (екі) жұмыс күні

30 (отыз) минут

30 (отыз) минут

5 ( бес) жұмыс күні

 

 

"Мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-
санитариялық қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

 сх1

Шартты белгілер:

сх2

 

"Мемлекеттік
ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қадағалау
объектілеріне ветеринариялық-
санитариялық қорытынды
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламетіне
4-қосымша

"Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
бақылау және қадағалау объектілеріне
ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру"
мемлекеттік қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 се4

 

      

 

 

 

 

2017 ж 17.05


2017-05-17 18:21:01

Сондай-ақ оқыңыз