Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "09" маусымдағы
№ 170/6 қаулысымен
бекітілген

 

 

 

 

 

"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға
дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге
асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық
препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау
және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін
беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 07.04.2016 N 111/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес ауданның және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ветеринария бөлімдері) арқылы;
      2) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беруді растау (бұдан әрі – растама) немесе берілген тіркеу нөмірін қайта ресімдеу, немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағымен қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну түрі: электрондық түрде.
      Растама электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, қол қойылады және мөрмен расталады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде өтініштің және стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті ұсынуға негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап, қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді және бұрыштама қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, немесе стандарттың 10-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап тіркеу нөмірін беру туралы растау шығарады және ветеринария бөліміне жібереді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      ветеринария бөлімінің жауапты орындаушысы расталған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;
      жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші тіркеу нөмірін қайта ресімдейді және растама береді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынған сәттен бастап, қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы кіріс құжаттаманы қарайды, жауапты орындаушыны белгілейді және бұрыштама қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және тіркеу нөмірін беру туралы көрсетілетін қызметті берушіге сұрау жібереді немесе стандарттың 10-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
      "Павлодар облысының ветеринария басқармасы" құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап тіркеу нөмірін беру туралы растау шығарады және ветеринария бөліміне жібереді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      ветеринария бөлімінің жауапты орындаушысы расталған сәттен бастап 6 (алты) сағаттың ішінде оны көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
      өндіріс объектісі қызметінің түрі өзгерген жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының белгіленген мерзімдерде тіркеу нөмірін берудің қайталама рәсімінен өтеді;
      сою алаңдары тіркеу нөмірлерін растау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының белгіленген мерзімдерде тіркеу нөмірін берудің қайталама рәсімінен өтеді.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беруді растау (бұдан әрі – растама) немесе берілген тіркеу нөмірін қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) ветеринария бөлімдерінің кеңсесі;
      2) ветеринария бөлімдерінің басшысы;
      3) ветеринария бөлімдерінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытының ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімінің (іс-қимылдың) реттілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік
корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл ету тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілмейді.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімі (іс-қимыл) реттілігінің сипаттамасы:
      ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшесіне – 7 (жеті) жұмыс күні;
      жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші тіркеу нөмірін қайта ресімдейді және растама береді – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған тіркеу куәлігінің көмегiмен порталда тiркелуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталда тiркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшiн жүзеге асырылады);
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға көрсетілетін қызметті алушының паролін енгізу процесі (авторландыру процесі);
      3) 1-шарт – портал тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН) мен пароль арқылы тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерiнде бұзушылықтар болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрату нысанын экранға шығару және қажетті құжаттарды электрондық түріндегі сұратуын тіркей отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу);
      6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігін таңдауы;
      7) 2-шарт – порталмен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің ішінде болмауын, сондай-ақ сұратуда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-ның дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс – қызметті көрсетуге өтініштің толтырылған нысанын (енгiзiлген деректердi) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы растауы (қол қою);
      10) 7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың бірынғай автоматтандырылған жүйесі "e-Agriculture" (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) порталына түскен өтінішті қайта өңдейді;
      11) 3-шарт – рұқсат беру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін және негіздерге сай екенін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған қызметінен бас тарту туралы хабарламаны ББАЖ АЖ-да қалыптастыру;
      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ББАЖ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын қолданыла отырып, қалыптастырылады.
      Портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қадамдық іс-қимылдары мен шешімдері осы регламенттiң 2-қосымшасында келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Жануарларды өсіруді,
жануарларды союға
дайындауды (союды),
сақтауды, өңдеуді
және сатуды
жүзеге асыратын
өндіріс объектілеріне,
сондай-ақ ветеринариялық
препараттарды, жем және
жемазық қоспаларын өндіру,
сақтау және сату бойынша
өндіріс объектілеріне тіркеу
нөмірлерін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1.

Павлодар қаласы әкімдігінің "Павлодар қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қамзин көшесі, 352/1-үй,
email: vet_otdel.pvl@mail.ru
тел. 8 (7182) 577784

2.

Екібастұз қаласы әкімдігінің "Екібастұз қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Екібастұзға 50 жыл көшесі, 10-үй,
email: ekibastuz_n111@ mail.ru
тел. 8 (7187) 54239

3.

Ақсу қаласы әкімдігінің "Ақсу қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Ленин көшесі, 27-үй,
email: VetotdelAksu@mail.ru
тел. 8 (71837) 33141

4.

Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы,
Авин көшесі, 97-үй,
email: vetotdel.aktogai@mail.ru,
тел. 8 (71841) 22200

5.

Баянауыл ауданы әкімдігінің "Баянауыл ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауылы,
Марғұлан көшесі, 1-үй,
email: bayanvetsluba@mail.ru
тел.8 (71840) 92357

6.

Железин ауданы әкімдігінің "Железин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железинка ауылы, Чкалов көшесі, 21-үй,
emai: vetotdel.zhel@mail.ru
тел 8 (71831) 21911

7.

Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97-үй,
email: vetirt@mail.ru
тел.8 (71832) 21138

8.

Качиры ауданы әкімдігінің "Качиры ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Тереңккөл ауылы,
Байтұрсынов көшесі, 236-үй,
email: Kach_vetotdel@mail.ru
тел. 8 (71833) 24329

9.

Лебяжі ауданы әкімдігінің "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауылы, Баймолдин көшесі, 4-үй,
emai: vetotdel2010@mail.ru
8 (71839) 21503

10.

Май ауданы әкімдігінің "Май ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Көктөбе ауылы, Ветпоселок
email: Mayskiy.veterinariya@mail.ru
тел 8 (71838) 91390

11.

Павлодар ауданы әкімдігінің "Павлодар ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Толстой көшесі, 3-үй,
email: Vet_otdel.pvl@mail.ru
тел. 8 (7182) 657179

12.

Успен ауданы әкімдігінің "Успен ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успенка ауылы, Терешкова көшесі, 28-үй,
email: usp_veterynarya@mail.ru
тел. 8 (71834) 92193

13.

Шарбақты ауданы әкімдігінің "Шарбақты ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауылы, Веткомплекс, 8/2-үй,
emai: otdel_veterinariya@mail.ru
тел. 8 (71836) 23509

 

"Жануарларды өсіруді,
жануарларды союға
дайындауды (союды),
сақтауды, өңдеуді
және сатуды
жүзеге асыратын
өндіріс объектілеріне,
сондай-ақ ветеринариялық
препараттарды, жем және
жемазық қоспаларын өндіру,
сақтау және сату бойынша
өндіріс объектілеріне тіркеу
нөмірлерін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      1) Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру

Р/с №

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

1.

Бірлік атауы

Ветеринария бөлімінің кеңсесі

Ветеринария бөлімінің басшысы

Ветеринария бөлімінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті беруші

Ветеринария бөлімінің жауапты орындаушы

2.

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеу

Жауапты орындаушыны белгілейді және бұрыштама қояды

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті берушіге сұрау жолдайды немесе стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы жауап дайындайды

Тіркеу нөмірін беруді растайды және ветеринария бөліміне жібереді

Расталған сәттен бастап оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді

3.

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдау және оларды облыста тіркеу

Жауапты орындаушыны белгілейді

Көрсетілетін қызметті берушіге тіркеу нөмірін беру туралы сұрау жібереді, немесе стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы жауап дайындайды

Тіркеу нөмірін растауға қол қояды, ветеринария бөліміне жібереді

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

4.

Орындау мерзімі

30 (отыз) минут

1 (бір) сағат

2 (екі) жұмыс күн ішінде

2 (үш) жұмыс күні ішінде

1 (бір) жұмыс күні

7 (жеті) жұмыс күні

      2) жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқтырмайтын өндіріс объектісі атауы және/немесе ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда

Р/с №

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

1

Бірлік атауы

Ветеринария бөлімінің кеңсесі

Ветеринария бөлімінің басшысы

Ветеринария бөлімінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті беруші

Ветеринария бөлімінің жауапты орындаушы

2

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және оларды тіркеу

Жауапты орындаушыны белгілейді және бұрыштама қояды

Ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, көрсетілетін қызметті берушіге сұрау жолдайды немесе стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы жауап дайындайды

Тіркеу нөмірін беруді растайды және ветеринария бөліміне жібереді

Расталған сәттен бастап оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді

3

Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Құжаттарды қабылдау және оларды облыста тіркеу

Жауапты орындаушыны белгілейді

Көрсетілетін қызметті берушіге тіркеу нөмірін беру туралы сұрау жібереді, немесе стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша бас тарту туралы жауап дайындайды

Тіркеу нөмірін растауға қол қояды, ветеринария бөліміне жібереді

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру

4

Орындау мерзімі

30 (отыз) минут

1 (бір) сағат

2 (екі) жұмыс күні ішінде

2 (екі) жұмыс күні ішінде

6 (алты) сағаттың ішінде

5 (бес) жұмыс күні

 

"Жануарларды өсіруді,
жануарларды союға
дайындауды (союды),
сақтауды, өңдеуді
және сатуды
жүзеге асыратын
өндіріс объектілеріне,
сондай-ақ ветеринариялық
препараттарды, жем және
жемазық қоспаларын өндіру,
сақтау және сату бойынша
өндіріс объектілеріне тіркеу
нөмірлерін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы

     ке1  

 Шартты белгілер:

      к2

 

 

 

"Жануарларды өсіруді,
жануарларды союға
дайындауды (союды),
сақтауды, өңдеуді
және сатуды
жүзеге асыратын
өндіріс объектілеріне,
сондай-ақ ветеринариялық
препараттарды, жем және
жемазық қоспаларын өндіру,
сақтау және сату бойынша
өндіріс объектілеріне тіркеу
нөмірлерін беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды
(союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын
өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды,
жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату
бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік
қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      к4

 

 

 

 

2017 ж 17.05

 

 


2017-05-17 17:57:09

Сондай-ақ оқыңыз