Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 шілдедегі
№ 226/8 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң
көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру
(оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 70/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстың, аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 4-1/379 бұйрығымен бекітілген "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті беруші уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде стандарттың 34-қосымшаларда белгіленген нысан бойынша өтініш және стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және орындалу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 11 (он бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысы өтінімді қарап көрсетілетін қызметті беруші жауапты маманын анықтайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманының бастапқы құжаттарды салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына баруы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы аудан немесе қала әкімімен бекітілген бюджеттік субсидияларды алушылардың жиынтық актісін құрастырады және жиынтық актіні облыс ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) тапсырады – 5 (бес) сағат ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті беруші жауапты мамандарын анықтайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы құжаттарды облыс әкімінің өкімімен бекітілген комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына ұсынады – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардың критерийлері мен қағида талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады, көрсетілетін қызметті алушылар мәлімдеген тиесілі субсидия көлемін анықтайды, облыс бойынша жиынтық актілерін қалыптастырады және қаражатты қайта бөлу және субсидия көлемін
      өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы құжаттарға қол қояды және басқарманың қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына береді – 5 (бес) сағат ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін төлем есеп шоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тапсырады және төлемін ұсынады – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы;
      4) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері;
      5) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілген қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығын сипаттау:
      Қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 11 (он бір) жұмыс күні.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
      Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
      1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, стандарттың 34 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қызмет алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген қолхат береді; 
      1-шарт – стандарттың 9-тармағында көзделген тізімге сәйкес толық құжаттар топтамасы ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы өтінімді қарастырады, көрсетілетін қызметті беруші жауапты маманын анықтайды;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы бастапқы құжаттарды салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына барады, аудан немесе қала әкімімен бекітілген бюджеттік субсидияларды алушылардың жиынтық актісін құрастырады және жиынтық актіні басқармаға тапсырады;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы өтінішті қарайды, көрсетілетін қызметті беруші жауапты мамандарын анықтайды;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы құжаттарды облыс әкімінің өкімімен бекітілген комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына ұсынады;
      8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің комиссиясы ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардың критерийлері мен қағида талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады, көрсетілетін қызметті алушылар мәлімдеген тиесілі субсидия көлемін анықтайды, облыс бойынша жиынтық актілерін қалыптастырады және қаражатты қайта бөлу және субсидия көлемін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      9-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы құжаттарға қол қояды және көрсетілетін қызметті беруші басқарманың қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына береді;
      10-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есеп шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін төлем есепшоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тапсырады және төлемін ұсынады;
      11-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қолхатта жазылған мерзімде қабылдағаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімінің (іс-қимылының) тізбегінің толық сипаттамасы және көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі осы регламенттің 3-қосымшасында мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

 

"Жемiс-жидек
дақылдарының және
жүзiмнiң көпжылдық
көшеттерін отырғызу
және өсiру (оның
iшiнде қалпына
келтiру) шығындарының
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Мемлекеттік қызмет көрсететін органының атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1

"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Ленин көшесі, 61-үй
телефон: 8 (7182) 32-32-30
email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

2

"Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8 (7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru

3

"Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі,
телефон: 8 (71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru

4

"Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12-үй
телефон: 8 (71837) 50572
email: 4108605@mail.ru

5

"Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77-үй
телефон: 8 (71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru

6

"Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49-үй
телефон: 8 (71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru

7

"Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Придков көшесі, 13-үй
телефон: 8 (71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz

8

"Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,
Бөгембаев көшесі, 97-үй
телефон: 8 (71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru

9

"Качир ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качиры ауданы,
Тәуелсіздік көшесі, 236-үй
телефон: 8 (71833) 21403
email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz

10

"Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы, Абылқайыр Баймулдин көшесі, 13-үй
телефон 8 (71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru

11

"Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24-үй
телефон: 8 (71838) 91380
email: may_opish@mail.ru.

12

"Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй, оф. 309
телефон: 8 (7182) 329867
email: defence6@rambler.ru

13

"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Тәуелсіздіктің 10-жылдығы көшесі, 30-үй
телефон: 8 (71834) 91300
email: usposh@yandex.ru

14

"Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
Советов көшесі, 49-үй
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru

 

 

"Жемiс-жидек
дақылдарының және
жүзiмнiң көпжылдық
көшеттерін отырғызу
және өсiру (оның
iшiнде қалпына
келтiру) шығындарының
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелердің
(қызметкерлердің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау

 

Процестің іс-қимылы 

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

 

1

2

3

4

5

6

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті беруші бөлім басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді, көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысына қарастыруға жібереді

Құжаттарды қарау, жауапты маманды анықтау

Бастапқы құжаттарды салыстырып тексеру үшін көрсетілетін қызметті алушының қызмет орнына баруы, аудан немесе қала әкімімен бекітілген бюджеттік субсидияларды алушылардың жиынтық актісін құрастырады және жиынтық актіні басқармаға тапсыруы

Бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысына қарастыруға жолдайды

Құжаттарды қарау, жауапты мамандарды анықтау

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік) шешім

Құжаттар топтамасын тіркеген күні және уақыты көрсетілген өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы

Құжаттар топтамасын тіркеген күні және уақыты көрсетілген өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

5

Орындалу мерзімі

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

5 (бес) сағат

15 (он бес) минут

15 (он бес) минут

      

 

Процестің іс-қимылдары

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

6

7

8

9

 

7

8

9

10

11

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті беруші комиссиясы

Көрсетілетін қызметті беруші басқарма басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржы бөлімінің жауапты маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы

Құжаттарды облыс әкімінің өкімімен бекітілген комиссияның қарауына ұсынады

Ұсынылған құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардың критерийлері мен қағида талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады, көрсетілетін қызметті алушылар мәлімдеген тиесілі субсидия көлемін анықтау

Құжаттарға қол қояды және басқарманың қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына береді

Одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есеп шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аудару үшін төлем есепшоттарының тізілімін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тапсырады және төлемін ұсынады

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік) шешім

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы

Облыс бойынша жиынтық актілерін қалыптастыру

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

5

Орындалу мерзімі

5(бес) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

5 (бес) сағат

2 (екі) жұмыс күні

 

 

"Жемiс-жидек
дақылдарының және
жүзiмнiң көпжылдық
көшеттерін отырғызу
және өсiру (оның
iшiнде қалпына
келтiру) шығындарының
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң
көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру
(оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

      22

      "Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығының жалғасы
       

44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 10.08


2017-08-10 16:40:00

Сондай-ақ оқыңыз