Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 238/8 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта
өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 70/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өт

кен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың және қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге ақы төлеуге төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 4-1/428 бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде стандарттың 3–қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінім және стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар мемлекеттік қызметті ұсыну үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және орындалу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің кеңсе қызметкері ұсынылған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттарды зерделейді және ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті берушінің ВАК ұсынылған құжаттарды қарайды, субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) тiзiмiн құрастырады. Себу мерзімі аяқталған соң, өскіндердің бар-жоғын тексереді, егістерді қабылдау актісін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ-тың соңғы тізімін құрастырады және оны аудан немесе қала әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жібереді - 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде;
      әкім АШТӨ тізімін қарайды және бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы әкім бекіткен тізімді, қабылдау актілерін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы құжаттардың нысанға тиістілігін зерделейді және АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ведомствоаралық комиссиясы;
      5) қала немесе аудан әкімі;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері;
      7) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы;
      9) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациясы және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін, көрсетілген қызметті алушының сұрауын өңдеу ұзақтығын сипаттау:
      қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.
      1–процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, стандарттың 3–қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді, қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
      1-шарт – стандарттың 9-тармағында көзделген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына қарастыруға жібереді;
      3–процесс – көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
      4–процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің ВАК-тың қарауына енгізеді;
      5–процесс – көрсетілетін қызметті берушінің ВАК ұсынған құжаттарды қарайды, субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) тiзiмiн құрастырады. Себу мерзімі аяқталған соң өскіндердің бар-жоғын тексереді, егістерді қабылдау актісін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ-тың соңғы тізімін құрастырады және оны аудан немесе қала әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жібереді;
      6–процесс - әкім АШТӨ-тің тізімін қарайды және бекітеді;
      7-процесс - көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы басқармаға тиісті құжаттарды ұсынады;
      8-процесс көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      9-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды;
      10-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы құжаттарды нысандарға тиістілгін зерделейді және АШТӨ-тің жиынтық тізілімін құрастырады, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына жолдайды;
      11–процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге ақы төлеуге төлем шоттарының тізілімін ұсынады;
      12–процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін толық сипаттау және көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

 

"Ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп
өсiру шығындарының
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші орган

Байланыс деректері

1

2

3

1

"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Ленин көшесі, 61-үй
телефон: 8 (7182) 32-32-30
email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

2

"Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй
телефон: 8 (7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru

3

"Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі,
телефон: 8 (71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru

4

"Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12-үй
телефон: 8 (71837) 50572
email: 4108605@mail.ru

5

"Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77-үй
телефон: 8 (71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru

6

"Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49-үй
телефон: 8 (71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru

7

"Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Придков көшесі, 13-үй
телефон: 8 (71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz

8

"Ертіс ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,
Бөгембаев көшесі, 97-үй
телефон: 8 (71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru

9

"Качир ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качиры ауданы,
Тәуелсіздік көшесі, 236-үй
телефон: 8 (71833) 21403
email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz

10

"Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы, Абылқайыр Баймулдин көшесі, 13-үй
телефон 8 (71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru

11

"Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24-үй
телефон: 8 (71838) 91380
email: may_opish@mail.ru

12

"Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32-үй, оф. 309
телефон: 8 (7182) 329867
email: defence6@rambler.ru

13

"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Тәуелсізідіктің 10-жылдығы көшесі, 30-үй
телефон: 8 (71834) 91300
email: usposh@yandex.ru

14

"Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
Советов көшесі, 49-үй
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru

 

 

"Ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп
өсiру шығындарының
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің)
рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау

 

Процестің іс-қимылдары

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

 

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы

Ведомствоаралық комиссия

Әкім

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Ұсынылған құжаттардың толықтығын зерделеу және ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

Бөлім ұсынған құжаттарды қарау, субсидиялар алуға үміткер АШТӨ-ның тiзiмiн құрастырады

АШТӨ тізімін қарау және бекіту

Әкім бекіткен құжаттарды басқармаға ұсыну

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік) шешім

Құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отыра, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

Егістерді қабылдау актісін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ-тің соңғы тізімін құрастыру

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы

5

Орындалу мерзімі

30 (отыз) минут 

15 (он бес) минут

3 (үш) жұмыс күні

25 (жиырма бес) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

      

Процестің іс-қимылдары

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

7

8

9

10

 

8

9

10

11

12

2

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы

3

Бөлім ұсынған құжаттарды қабылдау, тіркеу

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы

Құжаттарды қарау, жауапты мамандарды анықтайды

Ұсынылған құжаттардың нысандарға тиістілігін зерделеу және АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастыру, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының ауыл шаруашылығын қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына жолдау

Субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну

4

Құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отыра, тіркеу туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік) шешім

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

5

15 (он бес) минут

Орындалу мерзімі

15 (он бес) минут

2 (екі) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

 

 

"Ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп
өсiру шығындарының
құнын субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау"
мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      33


      "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығының жалғасы.
      

 99

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж.10.08


2017-08-10 16:29:17

Сондай-ақ оқыңыз