Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 257/9 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

 

"Тракторларға және олардың базасында жасалған
өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi
қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп
өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 71/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірме.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен бекітілген "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды қабылдайды. Кіріс құжаттары журналына тіркейді және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына ұсыну үшін бұрыштаманы ресімдейді – 5 (бес) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына құжаттарды жолдайды – 10 (он ) минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы үзінді-көшірмені дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 10 (он ) минут.
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік корпорацияға беру үшін орындалған құжаттарды қабылдайды – 5 (бес) минут.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді-көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Құрылымдық бөлімшелердің (көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің) арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімінің (іс-қимылдың) ұзақтығы осы регламентке сәйкес 2-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсетумен Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация операторына қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9–тармағымен көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және қолхат береді;
      3) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторының Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      4) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және Орталық операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;
      5) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенім хат деректері туралы сұрауды жіберу;
      6) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің бар болуын тексеру;
      7) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.
      10. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін Орталық арқылы алу рәсімін (іс-қимылын) сипаттау:
      1) 6-процесс – ӨЭҮШ АЖО-да электрондық құжатты тіркейді;
      2) 2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі (өңдеуі);
      3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөніндегі хабарламаны қалыптастыру;
      4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Орталық операторы арқылы ӨЭҮШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (көшірме-үзінді немесе бас тарту туралы дәлелді жауап) алуы.
      11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін сипаттау:
      мемлекеттік қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар үшін жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) көмегімен және (немесе) заңды тұлғалар үшін бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөніндегі хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) Орталық операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берілген, Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін тексеруі;
      10) 6-процесс – қызмет нәтижесін қызмет алушы ӨЭҮШ АЖО-мен қалыптастыралған түрінде алады (хабарландыру электрондық құжат формасында). Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Тракторларға және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiне,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтiк
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдеріне, сондай-ақ
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары
арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар)
екендігі туралы ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Жұмыс органының атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1

"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы бақармасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Ленин көшесі, 61-үй,
телефон: 8 (7182) 32-32-30
email: kense.dsh@ Pavlodar.gov.kz

2

"Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй,
телефон: 8 (7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru

3

"Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі,
телефон: 8 (71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru

4

"Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12-үй,
телефон: 8 (71837) 50572
email: 4108605@mail.ru

5

"Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77-үй,
телефон: 8 (71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru

6

"Баянауыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49-үй, телефон: 8 (71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru

7

"Железин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Придков көшесі, 13-үй, телефон: 8 (71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz

8

"Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,
Бөгембай көшесі, 97-үй,
телефон: 8 (71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru

9

"Качиры ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качиры ауданы,
Тәуелсіздік көшесі, 236-үй,
телефон: 8 (71833) 21403
email:kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz

10

"Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы, Әбілқайыр Баймолдин көшесі, 13-үй,
телефон 8 (71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru

11

"Май ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24-үй, телефон: 8 (71838) 91380
email: may_opish@mail.ru

12

"Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32-үй, 309-кеңсе
телефон: 8 (7182) 329867
email: defence6@rambler.ru

13

"Успен ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Тәуелсіздіктің 10-жылдығы көшесі, 30-үй,
телефон: 8 (71834) 91300
email: usposh@yandex.ru

14

"Шарбақты ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
Советов көшесі, 49-үй,
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru

 

 

"Тракторларға және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiне,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтiк
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдеріне, сондай-ақ
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары
арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар)
екендігі туралы ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

Негізгі процестің ( жұмыс барысының, ағымының) іс қимылы

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

1

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

2

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды Мемлекеттік корпорациядан қабылдау

Бұрыштама қояды

Тізілімнен үзінді-көшірмені ресімдейді

Құжаттарды тіркейді

3

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Басшыға жолдайды

Жауапты орындаушыға жолдайды

Дайын құжаттарды кеңсеге жолдайды

Мемлекеттік корпорацияға орындалған құжаттарды жолдайды

4

Орындау мерзімдері

5 (бес) минут

10 (он) минут

10 (он) минут

5 (бес) минут

 

 

"Тракторларға және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiне,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтiк
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдеріне, сондай-ақ
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары
арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар)
екендігі туралы ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
қатыстырылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

      

 ЛЛ

 

Шартты белгілер

      

 САП

 

 

"Тракторларға және олардың
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен
механизмдерге, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда,
олардың тiркемелерiне,
өздiгiнен жүретiн ауыл
шаруашылығы, мелиоративтiк
және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдеріне, сондай-ақ
жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары
арнайы машиналарға
ауыртпалықтың жоқ (бар)
екендігі туралы ақпарат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Тракторларға және олардың базасында жасалған
өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге,
монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi
қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн
ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне,
сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы
машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы
ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 ААА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 Ж 10.08


2017-08-10 16:17:27

Сондай-ақ оқыңыз