Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 тамыздағы
№ 254/8 қаулысымен
бекітілген

 

 

 

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы
мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының
және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың
құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 70/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады;
      3) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығымен бекітілген "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-және 2-қосымшаларына сәйкес нысандары бойынша көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.
      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама "жеке кабинетіне" жолданады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті ұсыну үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде стандарттың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім және стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттар негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс- қимылдың) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:
      мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін – 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы өтінішті қарап көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын анықтайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты бөлім маманы өтінімдер мен құжаттарды алғаннан кейін ұсынылған құжаттарды зерделейді және ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) қарауына енгізеді – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті берушінің ВАК бөлім ұсынған құжаттарды қарайды, субсидиялар алуға үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – АШТӨ) тiзiмiн құрастырады. Себу мерзімі аяқталған соң өскіндердің бар-жоғын тексереді, егістерді қабылдау актісін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ соңғы тізімін құрастырады және оны аудан немесе қала әкіміне (бұдан әрі – әкім) бекітуге жібереді - 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде;
      әкім АШТӨ тізімін қарайды және бекітеді – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы әкім бекіткен тізімді, қабылдау актілерін және қазынашылық органдарына ұсыну үшін оның нөмірін көрсете отырып, банктiк шоттың бар болуы туралы екінші деңгейдегі банктің анықтамасын Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басқарма басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы ұсынылған құжаттардың сәйкестігін зерделейді және АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына жолдайды - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
      көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі – банктік шоттарға тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің ведомствоаралық комиссиясы;
      5) қала немесе аудан әкімі;
      6) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері;
      7) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы;
      8) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы;
      9) көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгінудің тәртібін, өтініштің рәсімдеу ұзақтығын сипаттау:
      қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады;
      мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 41 (қырық бір) жұмыс күні;
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
      мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
      мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
      1-процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қызмет алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген қолхат береді;
      1-шарт – стандарттың 9-тармағында көзделген тізімге сәйкес толық құжаттар топтамасы ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
      2-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келген құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысына қарастыруға жібереді;
      3-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің бөлім басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті берушінің ВАК қарауына енгізеді;
      5-процесс - көрсетілетін қызметті берушінің ВАК бөлім ұсынған құжаттарды қарайды, субсидиялар алуға үміткер АШТӨ тiзiмiн құрастырады. Себу мерзімі аяқталған соң өскіндердің бар-жоғын тексереді, егістерді қабылдау актісін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ соңғы тізімін құрастырады және оны әкімге бекітуге жібереді;
      6-процесс – әкім АШТӨ тізімін қарайды және бекітеді;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы басқармаға тиісті құжаттарды ұсынады;
      8-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының кеңсе қызметкері бөлім ұсынған құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады;
      9-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы өтінімді қарайды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты мамандарын анықтайды;
      10-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы құжаттарды нысандарға сәйкестігін зерделейді және АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастырады, оларды көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманына жолдайды;
      11-процесс – көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсынады;
      12-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қолхатта жазылған мерзімде қабылдағаны жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға ЖСН және (немесе) БСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
      1-шарт – ЖСН және (немесе) БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
      2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына құжаттар топтамасының қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
      2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы) сәйкестігін порталда тексеру;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауымен байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО ) жолдау;
      3-шарт – мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің зерделеуі;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұратылып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әрекет ететін ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының, рәсімінің (іс-қимылының) тізбегінің толық сипаттамасы және көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі осы регламенттің 4-қосымшасында мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

 

Басым дақылдар
өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен
сапасын арттыруды,
жанар-жағармай
материалдарының және
көктемгi егiс
пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші орган

Байланыс деректері

1

2

3

1

"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Ленин көшесі, 61-үй
телефон: 8 (7182) 32-32-30
email: kense.dsh@pavlodar.gov.kz

2

"Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25,
телефон: 8 (7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru

3

"Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,
50-жылдық көшесі,
телефон: 8 (71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru

4

"Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,
Царев көшесі, 12
телефон: 8 (71837) 50572
email: 4108605@mail.ru

5

"Ақтоғай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы,
Абай көшесі, 77
телефон: 8 (71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru

6

"Баянауыл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы
Баянауыл ауылы,
Сәтбаев көшесі, 49
телефон: 8 (71840) 91245
Email: baiandepselhoz@mail.ru

7

"Железин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы
Железинка ауылы,
Придков көшесі, 13
телефон: 8 (71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz

8

"Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,
Ертіс ауылы,
Бөгембаев көшесі, 97
телефон: 8 (71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru

9

"Качир ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы Теренкөл ауылы,
Тәуелсіздік көшесі, 236
телефон: 8 (71833)21403
email: kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz

10

"Лебяжі ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы Лебяжі ауылы,
Абылқайыр Баймулдин көшесі, 13
телефон 8 (71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru

11

"Май ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы
Көктөбе ауылы,
Қазыбек би көшесі, 24
телефон: 8 (71838) 91380
email: may_opish@mail.ru

12

"Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32, оф. 309
телефон: 8 (7182) 329867
email: defence6@rambler.ru

13

"Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы Успен ауылы,
Тәуелсізідіктің 10-жылдығы көшесі, 30
телефон: 8 (71834) 91300
email: usposh@yandex.ru

14

"Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы Шарбақты ауылы,
Советов көшесі, 49
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru

 

Басым дақылдар
өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен
сапасын арттыруды,
жанар-жағармай
материалдарының және
көктемгi егiс
пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құрылымдық
бөлімшелердің (қызметкерлердің)
рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау

 

Процестің іс-қимылдары

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

5

6

 

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшелердің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы

Ведомствоаралық комиссия

Әкім

Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің жауапты маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Ұсынылған құжаттардың толықтығын зерделеу және ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

Бөлім ұсынған құжаттарды қарайды, субсидиялар алуға үміткер АШТӨ тiзiмiн құрастырады

АШТӨ тізімін қарайды және бекітеді

Әкім бекіткен құжаттарды басқармаға ұсынады

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік) шешім

Құжаттар топтамасын тіркеген күні және уақыты көрсетілген өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

Егістерді қабылдау актісін құрастырады, субсидия алуға АШТӨ соңғы тізімін құрастырады

Бұрыштама қою

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы

5

Орындалу мерзімі

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

3 (үш) жұмыс күні

25 (жиырма бес) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

 

 

 

Процестің іс-қимылдары

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының) №

7

8

9

10

 

8

9

10

11

12

2

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Құрылымдық бөлімдердің атауы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының басшысы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының өсімдік шаруашылығы бөлімінің жауапты маманы

Көрсетілетін қызметті беруші басқармасының қаржыландыру бөлімінің жауапты маманы

3

Бөлім ұсынған құжаттарды қабылдайды, тіркейді

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы

Құжаттарды қарау, жауапты мамандарды анықтау

Ұсынылған құжаттардың нысандарға тиістілігін зерделеу және АШТӨ-нің жиынтық тізілімін құрастыру

Субсидиялар төлеу үшін ведомость және төлем шоттарын құрастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну

4

Құжаттар топтамасын тіркеген күні және уақыты көрсетілген өтініштің көшірмесі

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік) шешім

Бұрыштама қою

Қызмет көрсету нәтижесінің жобасы

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

5

15 (он бес) минут

Орындалу мерзімі

15 (он бес) минут

2 (екі) жұмыс күні

3 (үш) жұмыс күні

 

 

Басым дақылдар
өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен
сапасын арттыруды,
жанар-жағармай
материалдарының және
көктемгi егiс
пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде
әрекет ететін ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
  

 к3

Шартты белгілер мен қысқартулар

      а7

 

Басым дақылдар
өндiрудi субсидиялау
арқылы өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң
шығымдылығы мен
сапасын арттыруды,
жанар-жағармай
материалдарының және
көктемгi егiс
пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу
үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын
субсидиялау"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы
мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай
материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау
жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын
субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Б4

      "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығының жалғасы.

      

 ша

 

      

 2017 ж 17.05

 


2017-05-17 12:32:40

Сондай-ақ оқыңыз