Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 257/9 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:
      "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылды;
      "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 N 71/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Павлодар облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен куәландырылған тіркеу құжатында (техникалық паспортта) "Ақаусыз" не "Ақаулы" деген жазба.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      Порталға жүгінген жағдайда – инженер-инспектордың машинаны техникалық байқаудан өткізу күнін, орны мен уақытын көрсете отырып, жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге дайын екендігі туралы хабарлама.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариат куәландырған сенімхат бойынша) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен бекітілген "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 (отыз) минут;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хат-хабарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды және бұрыштама қояды – 3 (үш) сағат;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын, өтініштегі мәліметтерге сәйкестігін тексереді, машинаның тиесілігін анықтайды, типінің, моделінің, шыққан жылының, машинаның, шассиінің, қозғалтқышының, рамасы мен зауыттық нөмірлік белгілерінің машинаға тіркеу құжаттарындағы жазуларға сәйкестігін тексереді, машинаның техникалық жағдайының адам өмірі, денсаулығы мен мүлкі, қоршаған орта үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді, талон жазып береді және кеңсеге жолдайды – 13 (он үш) жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері орындалған құжаттарды береді – 30 (отыз) минут.
      6. Мемлекеттік қызмет рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі – инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен куәландырылған тіркеу құжатында (техникалық паспортта) "Ақаусыз" не "Ақаулы" деген жазба.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әрбір әкімшілік рәсімнің (іс-қимылдың) орындалу уақытын көрсетумен әрбір бірліктің әкімшілік рәсімінің (іс-қимылының) реттілігін және өзара іс-қимылын сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілмейді.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін сипаттау:
      порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) күнтізбелік күн;
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады;
      2) 1-процесс – қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыруы;
      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және нысан талаптары мен оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартта көрсетілген қажетті құжаттардың электрондық түрде көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) тексеру;
      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-ның расталмауына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеуі үшін электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) жіберу;
      9) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының қоса берген Стандартта көрсетілген құжаттарының сәйкестігін және негіздерін те      ксеруі;
      10) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралыхабарламаны қалыптастыру;
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылысы
машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізу"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Уәкілетті органның атауы және оның байланыс деректері

Р/с №

Жұмыс органының атауы

Байланыс деректері

1

2

3

1

"Павлодар қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Кривенко көшесі, 25-үй,
телефон: 8(7182) 32-07-30
email: pavlodar_osh@mail.ru

2

"Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, 50-жылдық көшесі,
телефон: 8(71877) 54237
email: otdel_osh@mail.ru

3

"Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Царев көшесі, 12-үй,
телефон: 8(71837) 50572
email: 4108605@mail.ru

4

"Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы, Абай көшесі, 77-үй,
телефон: 8(71841) 21572
email: aktogai_sozprog@mail.ru

5

"Баянауыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы, Сәтбаев көшесі, 49-үй,
телефон: 8(71840) 91245
email: baiandepselhoz@mail.ru

6

"Железин ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы, Придков көшесі, 13-үй,
телефон: 8(71831) 22041
email: zhelselhoz@mail.kz

7

"Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы,
Бөгембай көшесі, 97-үй,
телефон: 8(71832) 21436
email: Ertis_osh@mail.ru

8

"Качиры ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Качиры ауданы,
Тәуелсіздік көшесі, 236-үй,
телефон: 8(71833)21403
email:kusainova.g.akr@pavlodar.gov.kz

9

"Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы, Әбілқайыр
Баймолдин көшесі, 13-үй,
телефон 8(71839) 21051
email: selhoz_akku@mail.ru

10

"Май ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Май ауданы, Қазыбек би көшесі, 24-үй,
телефон: 8(71838) 91380
email: may_opish@mail.ru

11

"Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32-үй, 309-кеңсе,
телефон: 8(7182) 329867
email: defence6@rambler.ru

12

"Успен ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы, Тәуелсіздіктің
10-жылдығы көшесі, 30-үй,
телефон: 8(71834) 91300
email: usposh@yandex.ru

13

"Шарбақты ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,
Советов көшесі, 49-үй,
телефон: 8 (71836) 21191
email: opsxsharbakty@mail.ru

 

"Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылысы
машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізу"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

Негізгі процестің ( жұмыс барысының, ағымының) іс қимылы

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

1

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

2

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, оларды тіркеу

Хат-хабарды қарастырады, жауапты орындаушыны анықтайды

Ұсынылған құжаттардың толықтығын, өтініштегі мәліметтерге сәйкестігін тексереді, машинаның тиесілігін анықтайды, типінің, моделінің, шыққан жылының, машинаның, шассиінің, қозғалтқышының, рамасы мен зауыттық нөмірлік белгілерінің машинаға тіркеу құжаттарындағы жазуларға сәйкестігін тексереді, машинаның техникалық жағдайының адамдар өмірі, денсаулығы мен мүлкі, қоршаған орта үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексереді

Орындалған құжаттарды беру

3

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Басшыға жолдау

Бұрыштама қояды

Талон жазып береді және кеңсеге жолдайды

 

4

Орындау мерзімі

30 (отыз) минут

3 (үш) сағат

13 (он үш) жұмыс күні

30 (отыз) минут

 

"Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылысы
машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізу"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде
қатыстырылған ақпараттық жүйелердің
функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

 с55

Шартты белгілер

 с77

 

"Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар
тіркемелерді қоса алғанда,
олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылысы
машиналары мен
механизмдерін, сондай-ақ
жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жыл
сайынғы мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізу"
мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы
жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік
және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 с88

 

 

 

 

 

2017 ж 17.05


2017-05-17 11:40:59

Сондай-ақ оқыңыз