Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
3-қосымша

 

 

 

 

"Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы,
мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер,
сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу
құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру"
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. "Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті беруші берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде заңды және жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді.

      Мемлекеттік баж мөлшері:

      1) машинаға техникалық паспорт бергені үшін – 50 пайыз;

      2) тіркеу (қайта тіркеу) үшін – 25 пайыз;

      3) машинаға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін бергені үшін – 100 пайыз.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) тіркеу пункттеріне мыналарды ұсынады:

      осы стандартқа 1 немесе 2 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке тұлғалар үшiн – өтiнiш берушiнiң жеке басын және мекенжай анықтамысы куәландыратын құжаттың көшiрмесi және түпнұсқасы;

      заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін немесе мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін алымдар төленгені туралы құжат;

      мынадай жағдайларды қоспағанда, машина:

      кәдеге жаратылса (жарамсыз болса, есептен шығарылса);

      машиналарды тіркеу пунктіне байқауға алып келуге кедергi болатын объективті жағдайлар болса (бұзылып қалу, габариті және (немесе) техникалық сипаттамасы мүмкіндік бермесе), машинаның тұрған жерi бойынша инженер-инспектор жасаған машиналарды техникалық байқау актісін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте мұндай актiнiң жарамдылық мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды;

      шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру) түпнұсқасы немесе көшірмесі, соттың шешiмi немесе меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар немесе мәміленің қарапайым нысаны, ал шаруа (фермерлік) қожалықтарын қоспағанда, жеке тұлғалар арасында жасалған мәміле жағдайында – мәміленің қарапайым нысаны.

      машинаның тiркеу құжаты және нөмiрлiк белгiсi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенін растайтын құжат;

      жаңа және қолдан құрастырылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген машиналарға берiлген Қазақстан Республикасының сәйкестiк сертификаты немесе оның қауiпсiздiк техникасының белгiленген талаптарына сәйкестiгiн растайтын басқа да құжат;

      мемлекеттік кіріс органы куәландырған тауарға арналған декларациясының қөшермесі (кедендік декларация).

      Меншiк иесiнің немесе иеленушiнің атынан тiркеу іс-әрекеттерін олардың өкiлдерi жүзеге асырған жағдайларда, тiркеу пунктiне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiруге өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттар ұсынылады.

      Егер мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда тіркеу пунктіне осы тармақта белгiленген құжаттармен бірге бұрынғы тіркеу құжаттары ұсынылады, алайда аталған құжатты ұсынбау мемлекеттік тіркеуді жүргізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.

      Меншік иелері болып табылмайтын тұлғаларға машиналарды мемлекеттік тіркеуді қоса алғанда, тіркеу іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары жеке және заңды тұлғаларға белгіленген құжаттардан басқа тіркеу пунктіне шарттардың (жалға беру, қосалқы жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру және басқалар) және машинаны қабылдау-беру актiсiнің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе машинаға иелену құқығын растайтын өзге де құжатты ұсынады. Сондай-ақ тіркеу іс-әрекетінің бастамашылары тиісті тіркеу іс-әрекетін жасауға меншiк иесi (жеке тұлғалар үшін) немесе мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін) заңды тұлғаның бірінші орынбасары қол қойған машина иесінің жазбаша келісімін ұсынады.

      Егер тiркеу iс-әрекеттерiне ұшырайтын машина ортақ меншiк иелiгiнде болған жағдайда, тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар барлық меншiк иелерiнің атынан берiледi. Жеке тұлғаларды ортақ меншіктен ажыратуға негіз болып нотариалды куәландырылған мәміле саналады.

      Егер меншік иелері 14 жасқа толмаған кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтар болса, олардың атынан тiркеу әрекеттерін ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдар жасайды.

      Меншік иелері 14-18 жастағы тұлғалар болған жағдайда, тіркеу іс-әрекеттерін ата-аналарының (бала асырап алушылардың) немесе туу туралы куәлікті ұсына отырып, қорғаншы және қамқоршы органдардың жазбаша келісімімен осы тұлғалар жасайды.

      Жеке және заңды тұлғалардың аукциондардан және сауда биржаларынан сатып алған машиналарын тіркеу, тіркеу пункттеріне уәкілетті адамның қолы және мөрімен расталған аукционның хаттамасын және сату-сатып алу шартын ұсынғаннан кейін жүргізіледі.

      Машиналарды тіркеген (уақытша тіркеген), қайта тіркеген, есептен шығарған кезде қажетті құжаттар тіркеу пунктіне ұсынылады, онда осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеріс жүзеге асырылады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазбалар енгізіледі.

      Құжаттарды қабылдау аяқталған соң өтініш берушіге қажетті құжаттарды қабылдау туралы белгісі бар өтініш көшірмесі беріледі.

      2) портал арқылы жүгінген кезде:

      осы стандартарының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;

      машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;

      2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға қызметті алушы қол қояды.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почталық байланыс арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін
ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттар дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтіп-отыруға арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге арналған пандустар көзделген.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі жоқ.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі жоқ.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

 

"Тракторлар және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдер, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналары мен механизмдер,
сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы
машиналар үшін тіркеу құжатын
(телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік
белгі беру" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

      Нысан

      _________________________________________

      қызмет берушінің атауы

      _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда)

      _________________________________азаматан

      Туған жылы_________,_____________________

      __________________________________тұратын

      _________________________________________

      (тұрғылықты жерінің мекенжайы көрсетіледі)

      паспортының (жеке куәлігі) №_____________

      ЖСН/БСН _________________________________

                                                    Өтініш

      ____________________________________________________________ сұраймын

      (өтініштің мәнi және негізі баяндалады)

      _____________________________________________________________________

      Машинаның типі__________________________маркасы______________________

      Шығарылған жылы___________________ жасап шығарған зауыт _____________

      зауыттық № _______________________

      нөмірлік белгісі___________________, техникалық паспорттың №_________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:____________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Заңмен қорғаланатын құпиядан туратын, ақпараттық жүйелерде қамтылған

      мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      20 жылғы "___" __________________________

       (жеке қолы)

 

 

 

2017 ж 17.05


2017-05-17 10:56:05

Сондай-ақ оқыңыз