Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-3/421 бұйрығына
1-қосымша

 

 

 

 

"Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін
шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды
жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) тракторшы-машинист куәлігін, куәліктің телнұсқасын алған, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 2 (екі) жұмыс күні;

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша бас тартады.

      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәлікті (бұдан әрі – тракторшы-машинист куәлігі), куәліктің телнұсқасын беру, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен бюджетке мемлекеттік баж төлейді (бұдан әрі – Салық кодексі).

      Мемлекеттік баж мөлшері мемлекеттік бажды төлеу күніне белгіленген көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

      Мемлекеттік бажды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем жүргізу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ), екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      "А", "В" және "Г" санаттарындағы куәліктерді алу үшін:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" немесе тракторист-машинист біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі (түпнұсқасы салыстырылып тексеру үшін беріледі);

      "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген, куәлік бергені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы құжат;

      өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фонды фотосурет;

      жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын ("ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторист-машинист" мамандығы бойынша арнайы оқу орындары, орта кәсіптік оқу орындары) бітірген адамдарды қоспағанда, білім беру ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының көшірмесі;

      "Б" немесе "Д" санаттары бар куәлік алу үшін осы тармақшаның талаптарына сәйкес келуі қажет;

      "Б" және (немесе) "Д" санаттары "А", "В" немесе "Г" бағандарында рұқсат ету белгісі бар куәлік иеленген (тиісті машиналарда жалпы жұмыс өтілі алты айдан кем емес) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған тракторист-машинистерге беріледі.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады;

      "Ерекше белгілер үшін" бағанында "қаршаналар, квадроциклдер жүргізуге рұқсат" деген жазуы бар тракторист-машинист куәлігін алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде емтихан пунктіне мынадай құжаттар ұсынылады:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      рұқсат ететін "А" және "В" немесе "Б" және "В" санаттары бар куәліктің көшірмесі немесе рұқсат ететін "А" немесе "А1" немесе "В1" санаты бар жүргізуші куәлігі;

      тракторист-машинист куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың төлегені туралы түбіртек;

      өлшемі 3,5х4,5 сантиметр, ақ немесе түрлі-түсті фонды фотосурет.

      Тракторист-машинистің куәлігін ауыстыру (алмастыру) емтихан пункті құжаттар қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде және осы Стандартқа 9-тармақта көрсетілген талаптардың негізінде жүргізіледі.

      Емтихан пунктінің жауапты орындаушысы өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда, емтихан пункті өтініш берушіге өтінішті қарастырудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жолдайды.

      Ескі үлгідегі куәлікті ауыстырған (алмастырған) кезде жаңа куәлікке рұқсат ету санаттары мынадай тәртіпті есепке ала отырып, көшіріледі және қойылады:

      ескі үлгідегі тракторист-машинист куәлігіндегі "А", "Б", "В", "Г", "Д", "Е" санаттары жаңа куәліктегі "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарына сәйкес келеді;

      3-сыныпты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі "А", "В", "Г" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;

      2-сыныпты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі "А", "Б", "В", "Г" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;

      1-сыныпты тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттары бар куәлікке сәйкес келеді;

      К-701 "Кировец" тракторист-машинист куәлігі жаңа үлгідегі "Б" санатты куәлікке сәйкес келеді;

      "комбайншы" мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа үлгідегі "Г" санатты куәлікке сәйкес келеді;

      "тракторшы" мамандығы көрсетілген ауыл шаруашылығы механизаторының куәлігі жаңа "А", "В" санаттары бар үлгідегі куәлікке сәйкес келеді.

      Куәлікті ауыстырған (алмастырған) кезде жаңадан берілген куәліктің "Ерекше белгілер үшін" деген бағанына бұрынғы куәліктің сериясы, нөмірі және берілген күні жазылады.

      Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгісі бар жаңа куәлік беріледі:

      тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдарға осы Стандарттың 9-тармағының 1) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, осы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар және ішкі істер органдарынан сот шешімінің негізінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін алынған куәліктердің арасында жоқ екендігі туралы анықтама негізінде өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде;

      өтініш берушінің жүгінген орны бойынша куәлік берілгені туралы мәлімет болмаған жағдайда, куәлік берген емтихан пунктінің куәлік беру кітабындағы жазба негізінде осы Стандарттың 9-тармағының талаптарын 1) тармақшасының төртінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, 9-тармақтың талаптарын сақтай отырып, өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде беріледі.

      Куәлік беру кітабындағы жазбаларды нақтылауды куәлік берген емтихан пунктіне сұрау салу арқылы өтініш берушінің өтініші бойынша емтихан пункті жүзеге асырады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарында куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған кезде, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.

      Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерін алмастыру емтихан пунктіне куәліктердің түпнұсқасы мен оның мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасын, ішкі істер органдарында тіркелген жеке басты куәландыратын құжаттарды (паспорт, жеке куәлік) (түпнұсқа салыстырып тексерілгеннен кейін қайтарылады) ұсыну негізінде, медициналық куәландырудан өткеннен, тракторист-машинист куәлігін беру үшін мемлекеттік бажды төлегеннен және теориялық емтихандарды тапсырғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте тракторист-машинистің ұлттық куәлігінде рұқсат берілген және осы тармақтың талаптарына сәйкес келетін машиналар санаттарын жүргізу құқығына арналған куәлік келу құжаттарының қолданылу мерзіміне беріледі. Тракторист-машинистің ұлттық куәлігі емтихан пунктінде сақталады және иесінің өтініші бойынша оған бұрын берілген Қазақстан Республикасының куәлігін тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде қайтарылып беріледі.

      Шетел азаматтарында және азаматтығы жоқ адамдарда тракторист-машинистің ұлттық куәлігі болмаған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі алты айдан асатын болса, Қазақстан Республикасының куәлігі жалпы негіздерде беріледі;

      2) порталға жүгінген кезде:

      "А", "В" және "Г" санатты куәлік алу үшін:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

      тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;

      медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

      жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын (арнайы оқу орындарын, кәсіптік орта оқу орындарын) "ауыл шаруашылығын механикаландыру" мамандығы бойынша бітірген адамдарды қоспағанда, оқу ұйымының емтихан комиссиясы хаттамасының электрондық көшірмесі;

      көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

      "Б" және "Д" санатты куәлікті алу үшін қосымша:

      тиісті машиналарда алты айдан кем емес жалпы жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстырған (айырбастаған) кезде:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

      тиісті санаттар бағдарламасы бойынша оқудан өткені туралы куәліктің электрондық көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі;

      медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

      көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

      куәліктің телнұсқасын алу үшін:

      себебін көрсете отырып, осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында өтініш;

      медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі;

      ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, куәлікті беру үшін Салық кодексінде белгіленген мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;

      көлемі 3,5х4,5 сантиметр фотосурет (ақ-қара немесе түрлі-түсті) (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады);

      сот шешімінің негізінде куәліктерінен айырылғандардың арасында жоқ екендігі туралы ішкі істер органның анықтамасының электрондық көшірмесі.

      Ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін куәлікті алып қойғаны немесе сот шешімінің негізінде айырылғаны анықталған жағдайда, телнұсқа беру жүргізілмейді, ол туралы жазбаша дәлелді бас тарту ұсынылады.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттік бажды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген кезде), бұрын берілген тракторшы-машинист куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркеу туралы қойылған белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.04.2016 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.01.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттiк көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шын еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

      Ескерту. Стандарт 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.01.2017 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі, шағымға қызметті алушы қол қояды.

      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

      Портал арқылы жүгінен кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда
көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар мен оларды толтыру үлгілерінің тізбесі бар стендтермен жабдықталады), сондай-ақ мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетілуі үшін пандустар көзделген.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында

      2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электронды нысанда түрде алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығында (1414) көрсетілген.

 

"Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және
жол-құрылыс машиналарымен механизмдерін,
содай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары
арнайы машиналарды жүргізу құқығына
куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша

      Нысан

      Ескерту. Қосымшаның оң жақ бұрышының орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.04.2016 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       ________________________________________

      (қызметт берушінің атауы)

      азамат__________________________________

      ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған

      жағдайда)

      Туған жылы және күні ___________________

      Туған жері _____________________________

      (республикасы, облысы, қаласы, ауданы)

      _________________________________тұратын

      Паспортының сериясы (жеке куәліктің)

      __________________№_____________________

      берген (кім және қашан)

      ЖСН ____________________________________

Өтініш

      Тракторшы куәлігін беруді, ауыстыруды, телнұсқасын беруді сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (себебі көрсетіледі, керек емесін сызып тастау керек)

      Куәлікті ауыстырған (айырбастаған), телнұсқасын берген кезде қосымша

      мәліметтер:

      Тракторшы-машинист куәлігінің нөмірі_________________________________

      Тракторшы-машинист куәлігінің сериясы________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1 _____________________________________________________________

      2 _____________________________________________________________

      3 _____________________________________________________________

      4 _____________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      20____ жылғы "____" __________________

      (жеке қолы)

 

 

2017 ж 16.05


2017-05-16 17:54:58

Сондай-ақ оқыңыз