Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 2 маусымдағы
№ 163/6 қаулысымен
бекітілді

 

 

                                                    "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға
тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй
қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы
орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы
(болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламенттің барлық мәтіні бойынша:
      "халыққа қызмет көрсету орталығымен" сөздері "Мемлекеттік корпорациямен" сөздерімен ауыстырылды;
      "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы" сөздері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 N 91/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру (бұдан әрі – Анықтама).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті алушының (не оның сенімхат бойынша өкілінің) өтініші және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 03.10.2016 № 298/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері белгілі бір ұзақтықпен, реттілікпен орындайтын келесі рәсімдер (іс-қимылдар) жатады:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы алынған құжаттарды қабылдайды және тіркейді – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарайды, бұрыштама қояды және жауапты маманға орындау үшін жібереді;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 2 (екі) күнтізбелік күн ішінде құжаттарды өңдейді, дайындайды және тұрғын үй комиссиясының қарауына жібереді;
      тұрғын үй комиссиясы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде құжаттарды қарайды, қорытынды шығарады, хаттамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде Анықтаманың жобасын ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде Анықтамаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің маманына тіркеуге береді;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі Анықтаманы тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға (не оның сенімхат бойынша өкіліне) береді – 1 (бір) күнтізбелік күннен аспайды.
      6. Мыналар мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы үшін – құжаттарды тіркеу, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу, Анықтаманы беру;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үшін – бұрыштама, Анықтама;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы үшін – хаттаманың, Анықтаманың жобалары;
      тұрғын үй комиссиясы үшін – қорытынды (хаттама).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық бөлімшелер қатысады:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;
      4) тұрғын үй комиссиясы.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін
қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

"Мемлекеттік кәсіпорынның
не мемлекеттік мекеменің
тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге мұқтаж азаматтарға
тұрақты пайдалануында
коммуналдық тұрғын үй
қорынан берілген тұрғын үйдің
немесе жергілікті атқарушы
орган жеке тұрғын үй қорынан
жалдаған тұрғын үйдің болуы
(болмауы) туралы анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші атауының тізбесі

Р/н

Мемлекеттік қызмет көрсететін жергілікті атқарушы органның атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы

1

2

3

4

1

"Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25-үй

8 (718 2) 32-04-66

2

"Екібастұз қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Строительная көшесі, 72-үй

8 (718 7) 77-59-30,
gu_ojkh@mail.ru

3

"Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21 "А"-үй

8 (718 37) 5-02-56,
aksujkh@mail.ru

4

"Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлин көшесі, 97-үй

8 (718 41) 2-13-58,
otd_zkh-aktogai@mail.ru

5

"Баянауыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй

8 (718 40) 9-12-08,
bayan_jkh1@mail.ru

6

"Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19-үй

8 (718 31) 2-12-19,
zhelez_zkhptad@mail.ru

7

"Ертіс ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Исы Байзақов көшесі, 13-үй

8 (718 32) 2-22-59,
irt.zhkh13@mail.ru

8

"Качир ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Качиры ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172-үй

8 (718 33) 2-18-85,
ozh.akr@pavlodar.gov.kz

9

"Лебяжі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Вс.Иванов көшесі, 92-үй

8 (718 39) 2-13-09,
zhkh_leb@mail.ru

10

"Май ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Әйтеке би көшесі, 18-үй

8 (718 38) 9-17-19,
gkh.maisk@mail.ru

11

"Павлодар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8 (718 2) 32-08-43,
otd_jkh@mail.ru

12

"Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 70-үй

8 (718 34) 9-17-41,
gkh2012@mail.ru

13

"Шарбақты ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттіқ мекемесі

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советтер көшесі, 51-үй

8 (718 36) 2-11-72,
gkhcserb@mail.ru

 

"Мемлекеттік кәсіпорынның
не мемлекеттік мекеменің
тұрғын үй қорынан тұрғын
үйге мұқтаж азаматтарға
тұрақты пайдалануында
коммуналдық тұрғын үй
қорынан берілген тұрғын үйдің
немесе жергілікті атқарушы
орган жеке тұрғын үй қорынан
жалдаған тұрғын үйдің болуы
(болмауы) туралы анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

"Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын
үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты
пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген
тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй
қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы)
туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

 

 

ке

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 16.05

 


2017-05-16 16:56:24

Сондай-ақ оқыңыз