Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" мамырдағы
№ 149/5 қаулысымен
бекітілді

 

 

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 42/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады ("Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МТ АЖ) ақпарат болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдіреді).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру:
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру (МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылайды, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 15 (он бес) минут;
      2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып, мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны МТ АЖ-да міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, МТ АЖ-да міндетті тіркеумен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 5 (бес) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды – 15 (он бес) минут.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, беру, жою жөніндегі анықтама.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшада (кестеде) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы:
      Қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады:
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
      қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру:
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихсыз нақтылау бойынша анықтама беру – 15 (он бес) минут;
      жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру (МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының өзгеруі туралы мұрағаттық мәліметтер болмаған кезде) – 3 (үш) жұмыс күні;
      1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;
      2-процесс – жинақтау секторының қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттарды штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне Мемлекеттік корпорация курьері арқылы жолдайды;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді және МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылайды, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
      курьер дайын нәтижені жинақтау секторының қызметкеріне ұсынады;
      8-процесс – жинақтау секторының қызметкері нәтижені штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді, беру секторына тапсырады;
      9-процесс – беру секторының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
      2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып, мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны МТ АЖ-да міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру – 7 (жеті) жұмыс күні;
      1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;
      2-процесс – жинақтау секторының қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттарды штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне Мемлекеттік корпорация курьері арқылы жолдайды;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексереді, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою кезінде мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, МТ АЖ-да міндетті тіркеумен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне баруды жүзеге асырады, анықтаманы дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы дайындалған анықтаманы тексереді, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын анықтаманы қол қойылған күні тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
      курьер дайын нәтижені жинақтау секторының қызметкеріне ұсынады;
      8-процесс – жинақтау секторының қызметкері нәтижені штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді, беру секторына тапсырады;
      9-процесс – беру секторының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді.
      10. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға ЖСН және (немесе) БСН мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
      1-шарт – ЖСН және (немесе) БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
      2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуымен байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұраныс нысанына құжаттар топтамасының қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұранысты куәландыру (қол қою) үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы;
      2-шарт – ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет мерзімін және қайтарылып алынған (күшін жоғалтқан) тіркеу куәліктері тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы) сәйкестігін порталда тексеру;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауымен байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "электрондық үкіметтің" аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына жолдау;
      3-шарт – мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтардың бар болуымен байланысты сұралып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал қалыптастырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) алуы.
      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қатыстырылатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

"Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету
жөніндегі уәкілетті органдар

Р/с№

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмері

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75-үй

8-718-41
2-14-50

kense.aakr@ pavlodar. gov.kz

2

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40
9-12-03

kense.abr@ pavlodar. gov.kz

3

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19-үй

8-718-31
2-21-40

kense.azhr@ pavlodar. gov.kz

4

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118-үй

8-718-32
2-10-68

kense.aer@ pavlodar. gov.kz

5

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172-үй

8-718-33
2-15-70

kense.akr@ pavlodar. gov.kz

6

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы, Аққу ауылы,
Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39
2-10-32

kense.alr@ pavlodar. gov.kz

7

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34-үй

8-718-38 9-11-70

kense.amr@ pavlodar. gov.kz

8

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-20-89

kense.apr@ pavlodar. gov.kz

9

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34 9-19-37

kense.aur@ pavlodar. gov.kz

10

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51-үй

8-718-36 2-19-91

kense.ashr@ pavlodar. gov.kz

11

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52-үй

8-718-37 5-01-63

kense.aa@ pavlodar. gov.k

12

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй

8-718-77 4-09-45

kense.ae@ pavlodar. gov.kz

13

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-01-80

kense.ap@ pavlodar. gov.kz

 

"Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша

Құрылымдықбөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері
(
іс-қимылдары) реттілігініңсипаттамасы

      1) жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру

 

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды тексеру және МТ АЖ-да жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау, анықтама дайындау және басшыға қол қою үшін жолдау

Анықтаманы тексеру, қол қою және кеңсе қызметкеріне жолдау

Анықтаманы тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Басшыға қарау үшін жолдау

Бұрыштама қою

Анықтама жобасы

Қол қойылған анықтама

Дайын анықтаманы Мемлекеттік корпорацияға жолдау

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

15 (он бес) минут

Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері
(іс-қимылдары) реттілігінің сипаттамасы

      2) жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне барып және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны МТ АЖ-да міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру немесе жою туралы анықтама беру

 

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттарды тексеру, мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, МТ АЖ-да міндетті тіркеумен жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару, анықтама дайындау және басшыға қол қою үшін жолдау

Анықтаманы тексеру, қол қою және кеңсе қызметкеріне жолдау

Анықтаманы тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Басшыға қарау үшін жолдау

Бұрыштама қою

Анықтама жобасы

Қол қойылған анықтама

Дайын анықтаманы Мемлекеттік корпорацияға жолдау

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

5 (бес) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

15 (он бес) минут

 

 "Қазақстан Республикасының

аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қатыстырылатын
ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

па

Шартты белгілер мен қысқартулар

 

 Баспа

 

"Қазақстан Республикасының
аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын
айқындау бойынша анықтама
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
4-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік
объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру"
мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

    шар   

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж16.05


2017-05-16 15:40:21

Сондай-ақ оқыңыз