Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "28" мамырдағы
№ 149/5 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

 

 

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды

(жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 19.02.2016 № 42/2 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі (бұдан әрі – шешім).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, 10 (он) жұмыс күні:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесін көрсетілетін қызметті алушыға береді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды тексереді, шешім жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды – 7 (жеті) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды – 30 (отыз) минут;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс корреспонденция журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді – 15 (он бес) минут.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      8. Әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшада (кестеде) келтірілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы.
      Қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут;
      көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.
      Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      1-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді;
      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды қабылдайды және тіркейді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды тексереді, шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
      6-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты шығыс корреспонденция журналында тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
      7-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарын толық сипаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

 

  "Тіреу және қоршау

конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертпей, қолданыстағы
ғимараттардағы үй-жайларды
(жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі уәкілетті органдар

Р/с№

Атауы

Мекенжайы

Байланыс нөмері

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75-үй

8-718-41 2-14-50

kense.aakr@ pavlodar. gov.kz

2

Баянауыл ауданының әкімдігі

Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі, 45-үй

8-718-40 9-12-03

kense.abr@ pavlodar. gov.kz

3

Железин ауданының әкімдігі

Железин ауданы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 19-үй

8-718-31 2-21-40

kense.azhr@ pavlodar. gov.kz

4

Ертіс ауданының әкімдігі

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Қажымұқан көшесі, 118-үй

8-718-32 2-10-68

kense.aer@ pavlodar. gov.kz

5

Качир ауданының әкімдігі

Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172-үй

8-718-33 2-15-70

kense.akr@ pavlodar. gov.kz

6

Лебяжі ауданының әкімдігі

Лебяжі ауданы, Аққу ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 92-үй

8-718-39 2-10-32

kense.alr@ pavlodar. gov.kz

7

Май ауданының әкімдігі

Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34-үй

8-718-38 9-11-70

kense.amr@ pavlodar. gov.kz

8

Павлодар ауданының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-20-89

kense.apr@ pavlodar. gov.kz

9

Успен ауданының әкімдігі

Успен ауданы, Успенка ауылы, Ленин көшесі, 71-үй

8-718-34 9-19-37

kense.aur@ pavlodar. gov.kz

110

Шарбақты ауданының әкімдігі

Шарбақты ауданы, Шарбақты ауылы, Советов көшесі, 51-үй

8-718-36 2-19-91

kense.ashr@ pavlodar. gov.kz

11

Ақсу қаласының әкімдігі

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52-үй

8-718-37 5-01-63

kense.aa@ pavlodar. gov.k

12

Екібастұз қаласының әкімдігі

Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй

8-718-77 4-09-45

kense.ae@ pavlodar. gov.kz

13

Павлодар қаласының әкімдігі

Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй

8-718-2 32-01-80

kense.ap@ pavlodar. gov.kz

 

 "Тіреу және қоршау

конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертпей, қолданыстағы
ғимараттардағы үй-жайларды
(жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға
(қайта жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Құрылымдықбөлімшелер (қызметкерлер) рәсімдері (іс-қимылдары)
реттілігініңсипаттамасы

 

Процестің іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

6

7

2

Құрылымдық бөлімшенің атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы

Келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдау

Құжаттарды қарау, жауапты орындаушыны анықтау

Ұсынылған құжаттарды тексеру, шешім жобасын дайындау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау

Шешім жобасын не бас тарту туралы дәлелді жауапты қарау, қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдау

Шығыс корреспонденция журналында тіркеу

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, тіркелгені туралы белгісі бар өтініштің көшірмесі

Бұрыштама қою

Шешім жобасы не бас тарту туралы дәлелді жауап

Шешім не бас тарту туралы дәлелді жауап

Шешімді не бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушыға беру

5

Орындау мерзімдері

15 (он бес) минут

30 (отыз) минут

7 (жеті) жұмыс күні, дәлелді бас тарту жағдайында – 1 (бір) жұмыс күні

30 (отыз) минут

15 (он бес) минут

 

"Тіреу және қоршау
конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды
өзгертпей, қолданыстағы
ғимараттардағы үй-жайларды
(жекелеген бөліктерін)
реконструкциялауға (қайта
жоспарлауға, қайта
жабдықтауға) шешім беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша

"Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)

реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру"мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

ус

 

 

 

 

 

2017 ж 15.05


2017-05-15 17:46:06

Сондай-ақ оқыңыз