Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ АЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Қазақстанда жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту саясаты мемлекеттік органдармен қарым-қатынас кезінде азаматтарды қанағаттандырудың  ең көп деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру Қазақстанның  2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мақсаттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту және шенеуліктердің азаматтармен тікелей байланысын қысқартатын, сыбайлас жемқорлық көріністері жағдайларын азайтатын мемлекеттік органдар жұмысын ақпараттандыру бойынша кешенді шаралар қабылданады.

Электронды түрде мемлекеттік қызметтер алудың басымдылығы бұл:

- порталдың тәулік бойы қол жетімділігі – мемлекеттік қызмет алуға тәуліктің қай уақытында болсын, мереке және демалыс күндері, Ғаламтор желісіне қол жетімді компьютер, планшет немесе ұялы телефон арқылы да кез келген уақытта жүгінуге;

- қызметтерді Сіз үшін әр түрлі ыңғайлы жерлерден алуға;

- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қол жетімділік түрінде толық және сенімді ақпарат алуға;

- кезектің болмауы;

- уақытты үнемдеу, қызметтерді көрсету мерзімінің қысқаруы;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болмауы, өйткені мемлекеттік органмен өзара әрекет «жеке кабинет» арқылы болады;

-  мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде бюрократизм және сөзбұйдашылық көріністерінің болмауы;

- рәсімнің ашықтығы, мемлекеттік қызметті орындау сатысы туралы қызмет алушыны ақпараттандыру.

Оның ең басты басымдылығы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жеңіл және ыңғайлы алу болып табылады.

Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін қызмет алушы электрондық сандық қолтаңбаны алу және «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелу қажет (www.egov.kz). Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін).


2017-11-08 15:14:48

Сондай-ақ оқыңыз