Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУЛАР.

                                                         2016 жылы мемлекеттік қызметтің сапасын жоғарылату жөніндегіжұмыс туралы

    ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 қаулысымен (өзгертулер және толықтырулармен 15 желтоқсан 2016 ж. № 816) Тізілімге сәйкес Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 82 түрі көрсетіледі.

 2016 жылы Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қызметтің 82 түрін көрсетті.

  2016 жылы Ақсу қаласы әкімдігінің атқарушы органдары 53604 қызмет көрсетті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 10178.

  Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзу бойынша 2016 жылы 2 бұзушылық анықтады. Аталмыш фактілер бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

   Ақсу қаласы әкімдігінің құрамына кіретін мемлекеттік мекемелердің басшыларына мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар жұмысын қызмет алушылардың мүдделеріне бағыттау туралы тапсырма берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды анықтау бойынша жұмыс «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрақты бақылауында тұр.

 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке 100% тарту үшін жұмыс жүргізілуде.

  Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін жұмыскерлердің кәсіби деңгейлерін арттыру үшін, АҚ мамандары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу  электрондық форматта жүйелі түрде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 05.04


2017-04-05 20:14:50

Сондай-ақ оқыңыз