Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласы Қоғамдық кеңесінің мәжілісі

  

31 қаңтар күні Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев, қалалық мәслихат хатшысы Мәдениет Омарғалиев, полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Айтмұхамбетов қалалық қоғамдық кеңес алдында есеп берді. Жиын Ақсу қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтті.

 

Балғабай Жұмағұлұлы атқарылған жұмыстар жайын жіпке тізіп, барлық салаға жеке-жеке тоқталып өтті.

 

- Ақсу қаласы тұрақты дамып келеді және жыл қорытындысы бойынша экономикалық индикаторлар өсудің оң динамикасын көрсетті. Ақсу қаласының  индустриалды және аграрлық бағыттары бар. Бір жағынан, бұл даму әлеуеті жоғары, ірі қала құраушы кәсіпорындары бар моноқалалар, екінші жағынан - болашағы зор ауылдық аймақ. Өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары 497,5 миллиард теңгеге өнім өндіріп, өсім 4,4% құрады, - деді ол.

 

Сондай-ақ, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 10 млрд. теңгеге бірқатар бюджеттік жобалар аяқталуға жақын. Бұл жобалық қуаты 180 (Гкал/сағ) қалалық жылыту қазандығының құрылысы. Жоба 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Объектіде бас және әкімшілік корпустардың құрылысы бойынша жұмыстар аяқталып, 6 жылыту қазандығы монтаждалды. Жаңа қазандықты іске қосу ағымдағы жылы жоспарланып отыр. Оның қуаты алдағы жылдарға арналған даму перспективасымен бүкіл қаланы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өткен жылы Алғабас және Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдарда су құбырлары салынды. Биыл Еңбек ауылында аяқталмақ. Осы жобаларды іске асыру ауыл халқын 3,5 мың адамды орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге және қолжетімділік көрсеткішін 45%-дан 55%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

Келесі кезекте қалалық мәслихат хатшысы Мәдениет Қабылдаұлы сөз алды.

 

- Бүгінгі таңда Ақсу қалалық мәслихатында 12 депутат бар. Мәслихат өз қызметін мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес іске асырады. Жоспарға бюджет, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, бағдарламаларды, ережелерді бекіту, жылыту маусымына дайындық, халыққа қызмет көрсету мәселелері және депутаттардың зерделеуін талап ететін халықтың проблемалық мәселелерін көрсететін басқа да мәселелер енгізілген, - деді ол.

 

Жалпы, 2019 жылы 38 депутаттық сауал жіберілді, оның 28-і ТКШ мәселелері болды. "Nur Otan" партиясының қоғамдық қабылдауында депутаттар 27 қабылдау өткізді. Бұл - көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, электрмен, сумен жабдықтау, абаттандыру, тұрғын үй-тұрмыстық мәселелер, жұмысқа орналастыру мәселелері. 2019 жылы қалалық мәслихат 18 сессия өткізді. Оның ішінде  97 шешім қабылданған. Айта кету керек, 2019 жылдың ақпан айында Ақсу өңірінің көп балалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілді. Көп балалы аз қамтылған отбасыларды пәтер бойынша аралап, әр отбасына әлеуметтік паспорт жасалды, депутаттар, кәсіпкерлер бекітілді және т.б. жұмыстар атқарды.

 

Бұдан соң қалалық  полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Айтмұхамбетов 2019 жылғы жұмыс нәтижелері туралы хабардар етіп, бірнеше сәттерге тоқталып өтті. Ол өз сөзінде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы жаңа енгізілімдерді айтты.

 

- Ақсу қаласында кезекші бөліміне шығарылатын 46 бейнебақылау бар. Камералардың көмегімен 12 қылмыс ашылды. Сондай-ақ, 140-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Полиция бөлімінің аумағында қосымша 50 бейне бақылау камерасын енгізу жоспарланған жедел басқару орталығының құрылысы аяқталды. Үй тұрғындарымен, ПИК өкілдерімен сигнализация, терезе торлары, жарықтандыру, домофондар, подъездерде және аулаларда бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша пәтер ұрлығы 26,2%-ға, мал 75%-ға, ұялы телефон 17,8%-ға төмендеді, - деді ол.

 

Жалпы, күн сайынғы мониторинг жүргізу, өтініш білдірушілерге қоңырау шалу және оларға сұрау жүргізу жолымен шақыруларға қызмет көрсету сапасы бойынша халықпен кері байланыс орнатылды. Нәтижесінде азаматтардың қызмет көрсету сапасына шағымдарының саны айтарлықтай қысқарған. Полиция бөлімі білім беру және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, жас ұрпақтың құқықтық санасын, салауатты өмір салтын және патриотизмді қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар мен акциялар өткізді. Өткен кезеңде бейнебақылау камераларынан бастап балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты барлық проблемалық мәселелерді талқылай отырып, 3 жұмыс кеңесі өткізілді.

 

 2019 жылдың 20 қазанынан бастап "Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі" жұмыс істейді, онда барлық азаматтар полицияға қатысты сұрақтар бойынша кеңес ала алады. Ашылған күннен бастап 28 азамат қабылданды, олар білікті көмек алды.

 

Жиын соңында депутаттар тарапынан бейнебақылау, такси жүргізушілерін тәртіпке келтіру, азаматтарды қабылдауға қатысты сауалдар қойылды.

 

 

 


2017-06-05 11:39:50

Сондай-ақ оқыңыз