Ақсу қаласының әкімдігі
Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сізді ең көп қандай қаладағы мәселе алаңдатады?

Сұрақтар мұрағаты

Жалпы ережелер.

  1)  Қызмет беруші туралы мәлімет: Ақсу қаласының әкімдігі.

  2)   2016 жылы Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қызметтің 82 түрін көрсетті.

  2016 жылы Ақсу қаласы әкімдігінің атқарушы органдары 53604 қызмет көрсетті, оның ішінде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 10178.

  Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзу бойынша 2016 жылы 2 бұзушылық анықтады. Аталмыш фактілер бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақсу қаласы әкімдігінің құрамына кіретін мемлекеттік мекемелердің басшыларына мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдар жұмысын қызмет алушылардың мүдделеріне бағыттау туралы тапсырма берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуды анықтау бойынша жұмыс «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ тұрақты бақылауында тұр.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке 100% тарту үшін жұмыс жүргізілуде.

   2. Қызмет алушылармен жұмыс.

  Ақсу қаласы әкімдігінің http://aksu.pavlodar.kz ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» айдарының  ішінде «Халыққа қызмет көрсету» бөлімі  бар, онда мемлекеттік мекемелерінің стандарттары, регламенттері, паспорттары орналастырылған, сонымен қатар Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің әрқайсысында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат орналасқан стендттер бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары:

- «бір әйнек» принципі бойынша мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсету;

- мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру;

- халыққа мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде мерзім мен заңдылықты бұзуға жол бермеу.

Қазіргі күні «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі Ақсу қаласы әкімдігінің білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде енгізілген.

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру қызметі 

  Мемлекеттік қызметтердің әлеуетті тұтынушыларын толығымен хабардар ету мақсатында атқарушы органдар интернет ресурстарында ақпаратты жаңарту және өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

  Осылайша, Ақсу қаласы әкімдігінің Web – сайтында «Халыққа қызмет көрсету» бөлімінде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі, стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, мемлекеттік қызметті көрсету бойынша атқарушы органдардың жұмысы туралы есептері орналасқан және қажет болған жағдайда жаңартылып отырады.

2016 жылы қағазға жазылған өтініштер мен электрондық үкімет порталы арқылы келіп түскен өтініштерді тіркеумен байланысты бұзушылықтар болған жоқ.

Аталмыш жұмыс тұрақты бақылауда тұр. 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау

   Ақсу қаласының әкімдігі Павлодар облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар бөліміне мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына ішкі мониторинг бойынша тоқсан сайын есеп беріп отырады. Сондай-ақ, есеп берудің аталмыш түрі Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне ұсынылып отырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Ақсу қаласы әкімі аппаратының тұрақты бақылауында тұр.

  5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының одан әрі тиімділігінің перспективалары және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру

  Түсіндіру жұмысын белсендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақсу қаласы әкімдігінің құрамына кіретін мемлекеттік мекемелер мынадай  іс-шаралар жүргізуде:

  1) тұрғындарға кеңестер беру;

  2) «Мемлекеттік корпорация»  (ХҚКО) филиалдарымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет сапасы мәселелері бойынша семинарлар, жиналыстар, «дөңгелек үстелдер»,  конференциялар өткізеді;

  3) нормативтік- құқықтық актілер зерттеліп зерттеледі;

  4)  мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Ақсу қаласы әкімідігінің барлық мемлекеттік мекемелерінің стендтерінде және мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің сайттарына орналасқан.

  Электрондық үкіметтің түрлі жүйелерін интеграциялаумен байланысты мәселелерді шешу үшін «НИТ» АҚ қызметкерлерімен тығыз жұмыс жүргізілуде.

  «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде «ИИС Мониторинг» және «Е-Лицензирование» бағдарламалары енгізілген. «ИИС Мониторинг» бағдарламасы мемлекеттік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін басқа жүйелермен тамаша бірлескен. Аталмыш бағдарлама мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне қатысты есеп берудің барлық нысандарын дайындау бойынша жұмысты толығымен жеңілдете түсті.

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 13.01


2017-01-13 18:58:49

Сондай-ақ оқыңыз