Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдарымен 2017 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуі туралы ақпарат

Ақсу қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарымен халыққа мемлекеттік қызметтердің 87 түрі көрсетіледі.

2017 жыл ішінде Ақсу қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарымен 54886  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 

1) қызмет көрсетушілермен қағаз түрінде (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) – 3851;

2) қызмет көрсетушілермен қағаз түрінде (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), бірақ  «электроды үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болатын) – 20 847;

3) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген – 14 264;

4) қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген – 15 924.

Мемлекеттік қызмет көрсетулер тегін негізде көрсетіледі - 82, ақылы – 17, қағаз түрінде - 87, электрондық түрде - 48.

Неғұрлым талап етілетіндері келесі мемлекеттік қызметтер болып табылады:

1)  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім берушілік бағдарламалары бойынша ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және бекіту» – 9 740;

2)  «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау» – 5 166;

3)  «Ветеринарлық анықтаманы беру» - 3 654.

Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің қолжетімділігі мен ашықтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсететін барлық мемлекеттік органдарда әкімшілік ғимаратының фойесінде орналастырылған ақпараттық стендтар бар, онда мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік қызмет көрсетулердің тәртібі туралы өзекті ақпарат орналастырылған. Ғимараттарда мемлекеттік қызмет көрсетулердің өтініштері көзделген қызмет көрсетуді алушылармен құжаттарды толтыруға арналған орындар көзделген. 

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін  бөлімдерге жүгінген кезде қолжетімділіктің қажетті жағдайлары жасалған, арбада отыратын мүгедектерге пандустар, мүгедектерге арналған шақыру бастырмасы  орнатылған, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектерге мемлекеттік қызметтерді көрсететін кабинетке тактильді кішкене жол, ақпараттық белгілер қосымша орнатылған. 

Қаланың жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы халықтың ақпараттандырушылығы мақсатында Ақсу қаласы әкімдігінің ресми сайтында кіші бөлімдері бар «Халыққа қызмет көрсетулер» бөлімі жұмыс істейді, онда кірушілер мемлекеттік қызмет көрсетулерді көрсету мәселелері бойынша оларды қызықтыратын ақпаратты таба алады. Дәл осындай бөлімдер халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсететін Ақсу қаласының мемлекеттік органдарының сайтында да жұмыс істейді.

Түсіндірушілік іс-шараларды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы түсіндірушілік іс-шаралардың 2017 жылға арналған Жоспары әзірленді және бекітілді, соған байланысты көрсетілген іс-шаралар тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсететін жеке бөлімдермен жүргізіледі (2017 жыл ішінде – 24 түсіндірушілік іс-шаралары өткізілді).

Соған сәйкес БАҚ-да, сайттарда және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі туралы науқан ұйымдастырылған Медиа-Жоспар әзірленіп бекітілді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі туралы облыс халқын ақпараттандыру бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Ақсу қалалық «Новый путь» газетінде 2018 жылғы 19 қаңтарда №3(1452) Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КАҚ филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ақсу қаласы бөлімінің басшысы А.Рахметовамен «Халыққа проактивті форматтағы қызметтер» атты тақырыпта сұхбат жарияланды.  

«Новый путь» қалалық газетінде 2018 жылғы 26 қаңтарда №4(1453) бала туу туралы куәлік табыс етілген азаматша Ю. Бисембаева туралы мақала жарияланды. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ол электронды түрде алғашқы рет алды. Сонымен бірге мақалада электрондық түрде оған мемлекеттік қызметтің тағы үш түрі балабақшаға кезекке қою және бала туу бойынша жәрдемақының екі түрін тағайындау туралы қызмет көрсетілгені туралы жазылады.

2018 жылғы ақпанда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселелері бойынша екі мақала жарияланды. «Новый путь» қалалық газетінде 2018 жылғы 9 ақпанда №6(1455) «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» және  «Онлайн-режиміндегі қызметтер» атты мақалалар жарияланды.

«Электронды үкімет» порталын әйгілеу мақсатында жергілікті атқарушы органмен тұрақты негізде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша баннерлерді әзірлеу және орнату бойынша жұмыс жүргізіледі. Сонымен 2017 жылы мөлшері 3*6 метр екі баннердің нобайы келісілді, олар Павлодар қаласы жағынан Ақсу қаласына кіреберіс жерде Астана көшесінде және М.Мәметова мен Ленин көшелерінің қиылысында орналастырылды.       

Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 2018 жылға баннерлерді әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алулардың конкурстық рәсімдері жүргізілді, оның нәтижелері бойынша «Цитадель» ЖШС конкурс жеңімпазымен жалпы сомасы 5 млн. теңгеге шарт жасасылды.

Қызметті алушылар  мемлекеттік қызметтер стандарттары жобаларын көпшіліктің талқылауы туралы ақпаратты Ақсу қаласы әкімдігінің, Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайттарынан және «электронды  үкімет» веб-порталынан алуына болады.

Түсіндірме іс-шараларын жүргізу үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы 2017 жылға арналған түсіндірме іс-шараларының Жоспары әзірленді және бекітілді. Есеп беру кезеңі ішінде 20 түсіндірмелік іс-шаралар (семинарлар, газеттерде мақалаларды жариялау) өткізілді.

 «Ашық әкімдік» жобасын іске асыру мақсатында қазіргі уақытта электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсететін селолық округтер әкімдерінің барлық аппараттарында және бөлімдерінде ұйымдастыру техникасын (компьютер, сканер, принтер) орнатумен және «электронды үкімет» веб-порталына қолжеткізумен «электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетімен алуға арналған бұрыштар» құрылды.   

Сонымен бірге Ақсу қалалық Ардагерлер үйінде қажетті ұйымдастырушылық техниканы орнатумен «электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетімен алуға арналған бұрыш» ашылды. Сондай-ақ Ардагерлер үйінің базасында қарт адамдарды оқыту көзделген, ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары аптасына екі рет шығуларды және оқытуды ұйымдастырады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің маңызды элементі кедергісіздік, қолжетімділік қағидаттары болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді кедергісіз алу бойынша халыққа қажетті жағдайларды жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетулерді алу кезінде азматтар үшін барынша қолайлы жағдайларды құру мақсатында Ақсу қаласында «Ашық әкімдік» жобасын енгізу тұжырымдамасы әзірленді, сонымен бірге осы жобаны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары бектілді.

Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің қолжетімділігі мен ашықтылығы үшін  Астана көшесі, 21 «А» («Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бұрынғы ғимараты) орналасқан үй-жайдың трансформациясы жүргізіліп жатыр және онда халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсететін жеке бөлімдердің қызметкерлерінен тұратын майдан-офис орналастырылды.

Қазіргі уақытта «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  «Қазахтелеком» АҚ филиалының ғимаратына көшті. Босталған ғимаратты жөндеу үшін конкурстық рәсімдер өткізілді, оның қорытындылары бойынша  «СМК2017» ЖШС-мен 1 599 990 теңге сомаға шарт жасасылды. Жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі 2018 жылғы сәуірге жоспарланған. «Ашық әкімдік» жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттің есебінен 5,8 млн. тенге ұйымдастыру техникасы мен жиһазды сатып алуға бөлінді, оның бөлігі сатып алынды.

2017 жылғы қарашада Ақсу қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін  қала мен ауыл өңірі әкімдіктерінің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін «электронды үкімет» веб-порталымен жұмыс бойынша  семинар-оқыту өткізілді.

Оқытудан өткен қызметкерлер халыққа олардың жүгінген кезінде электрондық мемлекеттік қызмет көрсетулерді өз бетімен алу бойынша кеңес бере алады.

«Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жағдайларында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру» тақырыбына біліктілігін арттырудан 2017 жылы 6 маман өтті.  

Халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында 2017 жылғы 25 қазанда Ақсу қаласы әкімдігінің жергілікті мемлекеттік органдары Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК» НАО филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Ақсу қаласының бөлімімен бірлесіп, Павлодар ауданы әкімдігінен эстафетаны қабылдап, «Мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі – теңге тең!» өткізді.

Жәрмеңке С. Дөнентаев атындағы Мәдениет сарайында өткізілді, онда Ақсу қаласы тұрғындары мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың қызметімен бейнероликтер, брошюралар тарату және баннерлерде көрнекі ақпараттар орналастыру арқылы танысуға, сондай-ақ электронды-цифрлық қолтаңбамен мемлекеттік қызметті орнында алуға және жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі және мерзімі туралы түсініктеме алуға мүмкіндік алды.

Сәулет, жер қатынастары және білім бөлімдерінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер айрықша сұранысқа ие болды.

Жәрмеңке аясында мемлекеттік органдар басшылары қабылдауының Бірыңғай күні ұйымдастырылды, қабылдауды Ақсу қаласы әкімдігі ішкі істер, ЗТМО, Ақсу орталық ауруханасы бөлім басшылары жүргізді.

Шараны аяқтау бойынша эстафета Екібастұз қаласы әкімдігі өкіліне табысталды. 

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсетулердің мерзімін оңтайландыру бойынша ұсыныстар облыстық уәкілетті органдарға жіберілді.

Мемлекеттік қызметтердің Стандарттары мен Регламенттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу барысында, мемлкеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың интернет-рестурстарына және мемлекеттік қызмет көрсету орындарында орналастырылған ақпараттар уақытылы өзектендіріліп тұрады.

2017 жылғы өткен кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімін бұзулар болған жоқ (2016 жылы – 2 мерзімін бұзу), қызмет алушылардан шағымдар келіп түскен жоқ.

2017 жылы 10 бақылау шарасы өткізілді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында бұзушылыққа жол берген 3 маман тәртіптік жазаға тартылды.

Ақсу қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органдармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бақылау жүргізілген жоқ.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін көтеру бойынша жұмыстар үнемі бақылауда тұр.

Тікелей мемлекеттік қызметтерді көрсететін жергілікті атқарушы органдар басшылары бірінші кезекте қызмет алушылардың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

2018 жылға арналған Ақсу қаласы әкімдігі жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін қызметтерге қызмет алушылардың бұдан әрі тиімділігін және қанағаттанушылықтарын көтеру мақсатында, Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру бойынша шаралардың жоспары әзірленген және бекітілген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша жұмыс ерекше бақылауда тұр.

 

 


2018-05-22 09:43:57

Сондай-ақ оқыңыз