Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының білім бөлімі

 2017 жылғы 7 айға атқарылған жұмыс туралы есебі

Ақсуқаласы мен ауылдық аймақта 51білім беру мекемесі, оныңішінде 33 жалпыбілімберетінмектеп, 15балабақша, 3 қосымшабілім беру мекемелеріжұмысістейді (ЖНС, БШҮ, БӨМ). 

Кадрлармен қамтамасыз ету

2016-2017 оқу жылында Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың жалпы білім беру мекемелерінде 1672 педагог қызметкерлер жұмыс істейді.  Жоғарғы біліммен 1261 педагогикалық қызметкерлер (79,4%),  арнаулы орта біліммен 382 педагогикалық қызметкерлер (24,2 %) жұмыс істейді. Жоғары санатты педагогтардың барлығы -411,368 педагогикалық қызметкерлердің бірінші санатты бар. Екінші санатпен барлығы 384, санатсыз 425 педагогикалық қызметкерлер жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санаттың үлесі 48,6% құрайды.

Педагогикалық кадрларды атестаттау бойынша

2016-2017 оқу жылында 339 педагогикалық қызметкер атестаттаудан өтті, олардың ішінде жоғарғы санатқа -98, бірінші санатқа – 116 және екінші санатқа 124. Мерзімінен бұрын атестаттауға 47 педагогикалық қызметкер өтініш берді. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша 12 педагогикалық ықзметкер тестілеуден өткен жоқ және атестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмеді. Атестаттаудың қорытындысы бойынша жоғарғы және бірінші санат үлесі 865 педагог, бұл 55,0 % құрайды. Жоғарғы және бірінші санат мұғалімдерінің үлесі 7,7 % құрайды.

Жас мамандар бойынша.

Павлодар облысының білім беру басқармасының бұйрығы бойынша Ақсу қаласына 2016-2017 оқу жылында 41 жас маман, оның ішінде ауылға   28 жас маман жіберілді. 38 жас маман келді.

Бағытталған 41 жас маманның 21-і ПМПИ, 2-і С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2-ИнЕУ, 12- Б.Ахметова атындағы колледжді , 4 жас маман –музыка колледжінде оқуын аяқтаған.

 Республикалық бюджеттен 70 АЕК мөлшерінде (148,470 теңге) көтерме жәрдемақысы және 1500 АЕК дейін (3 млн. 181 мың 500 теңге) мөлшерде бюджеттік  несие беріледі. 17 адам көтерме жәрдемақысын 2 млн. 253 мың 990 теңге сомасына алды.

Курстық қайта даярлау

2016 жылғы қыркүйектен 2017 жылғы тамыз айына дейінгі кезеңдекурстық іс-шараларға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша Павлодар облысы бойынша "Өрлеу" педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында біліктіліктіарттыру қысқа мерзімді курстардан жоспар бойынша -39 адам өтті.

Павлодар облысы бойынша "Өрлеу" педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында біліктіліктіарттыру ақылы курстарынан  барлығы – 29 пән мұғалімдері өтті. Мектепке дейінгі мекемелердің 50 тәрбиешісі Ақсу қаласында "Өрлеу" педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында біліктіліктіарттыру шығып аралау  ақылы курстарынан өтті.

Білім мазмұнын жаңарту бойынша курстардан барлығы 267 мұғалім өтті. Сондай-ақ білім мазмұның жаңарту бойынша білім бөлімінің әдіскерлер курсынан -8 адам, критерийлік бағалау  бойынша -37, мектеп тренерлары курсын- 60, мектеп директорлары курсын- 16, оқу жұмысы бойынша директордың орынбасарлары курсын -52 адам өтті.

Ағылшын тілін қолданумен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің тілдер курсынан 8 мұғалім өтті.

Алматы қаласындағы БҚБАРИ базасында 1 бастауыш сынып мұғалімі және 1 оқу ісі жөнінде директордың орынбасары инклюзивті білім беру бойынша курстан өтті. Мектепке дейінгі ұйымның 5 басшысы Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында курстан өтті.

 Павлодар қаласының  НЗМ АҚ Педагогикалық шеберлік орталығында жаңа форматтағы деңгейлік курстарды барлығы -13 адам, оның ішінде 10 педагог – үшінші (базалық) деңгейден, 3 педагог – екінші (негізгі) деңгейден өтті.

3 мектеп директоры (Айнакөл ОМ, Сарышығанақ ОМ, Спутник ОМ)«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ педагогикалық шеберлік орталығыАстана қаласындағы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе  отырып әзірлеген Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша пилоттық курстарды аяқтады.

2016-2017 оқу жылына арналған оқу әдебиеттерін сатып алу

2016-2017 жылы Ақсу қаласының оқушыларын оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК) қамтамасыз ету үшін қала әкімдігімен 34,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен17,0 млн. теңге бөлінді. Оқу әдебиетіне жалпы қажеттілік 51,0 млн. теңге, оның ішінде тасымалдауға 1,700 мың теңге.

Білім беру бөлімімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы"Корпорация "Атамұра" ЖШС, "Алматыкітап баспасы" ЖШС, "Мектеп" баспасы ЖШС,  "Бөбек " ҰҒПБСО, "Арман-ПВ" ЖШС, "Көкжиек-Горизонт" ЖШС, "Білім" ЖШС, "Едустрим" ЖШС баспалармен 50,0 млн. теңге сомасына шарттар жасалды.

8-сыныптарға арналған оқулықтар (100%), 4-сыныптарға арналған "Ағылшын тілі" оқулығы (100%),9-сыныптарға арналған "Зайырлылық және дінтану" оқулығы (100%), бірінші сынып оқушылары үшін тұңғыш Президентінің "Менің Отаным Қазақстан"кітаптары (100%),1-сынып оқушыларына арналған 12 жылдық оқыту бағдарламасы  бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне тапсырыс берілді (100%).

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК)тапсырыс шарттары бойынша 50 267 337, 40 теңгені құрады, сатып алынатын оқу әдебиеттерінің саны 57035 дана.

1-ші, 8-ші сыныпқа арналған оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен (ОӘК), 4-ші сыныпқа арналған "Ағылшын тілі" оқулығымен,  9-сыныптарға арналған "Зайырлылық және дінтану"  оқулығымен қамтамасыз етілу 100% - ды құрайды.Жетіспейтін оқулықтар бойынша өзара мектептер арасында айырбастау жүргізіледі.

Мектепке дейінгі білім беру

Бүгінгі күнгі жағдай бйынша Ақсу қаласы мен ауылдық аймақ бойынша 2968 баланы қамтумен 15 балабақша,  оның 12-і қалада және 3 ауылдық аймақта және ауылдық аймақта 482 баланы қамтумен 22 шағын орталықтар жұмыс істейді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі 3710 бала тіркелген, олардың ішінен 3450 қамтылды, бұл 93 % - ды құрайды;

2 жастан 6 жасқа дейінгі 3209 бала тіркелген, олардың ішінен 3209 қамтылды, бұл 100 % - ды құрайды;

3 жастан 6 жасқа дейінгі 2418 бала тіркелген, олардың ішінен 2418 қамтылды, бұл 100 % - ды құрайды;

1 жастан 6 жсқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыру мақсатында, «Нұры жол» бағдарламасы бойынша Камзин көшесі бойында 280 орынға арналған «Айналайын» бөбектер бақшасы» ашылды.

Бірақ ауылдарда балабақшаға деген қажеттілік бар:

1)    Евгеньевка селолық округі Үштерек ауылы 50 орынға араналған балабақша. Қазіргі уақытта кезекті мемелекеттік сараптамадан өтумен ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2)    Алғабас селолық округі Алғабас ауылы 75 балаға араналған балабақша. Бұл жұмыс әкімшілік ғимаратты босатуға байланысты  жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта онда мемлекеттік органдар орналасқан.

Орта білім

Жалпы орта білім береу саласында 33 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытылатын – 12, орыс тілінде - 5, аралас - 16 мектеп бар. 3 ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер жоқ.

2016-2017 оқу жылын 9545 оқушы аяқтады, білім сапасы-54,5 % құрады, үлгерім 99,9%, Ақсу қаласы мен ауылдық аймақ бойынша озаттар саны 1464 оқушы, жақсы оқитын оқушылар – 3638.

Ақсу қаласында №2 ЖББОМ және Лицей, екі тірек мектептер базасында ресурстық орталық жұмыс істейді, тірек мектептеріне төрт магнитті шағын жиынтықты мектептер: Ақжол орта мектебі, Достық орта мектебі, Б.Момышұлы орта мектебі және Сарышығанақ орта мектебі тіркелген.

         Ресурстық орталықты қаржыландыружергілікті бюджет қаражаты есебіненжүргізіледі.2016-2017 оқу жылында тасымалдау, тамақтандыру және білім беру қызметтеріне жергілікті бюджеттен 832,0 мың теңге бөлінді.

         Жыл бойында үш сессия өткізіледі: бекітуші, аралық және қорытынды.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен   «100 нақты қадамы» –  Ұлт Жоспарының  «Жоғарғы мектептерде- білім беру жүйесінде ағылшын тіліне кезең-кезеңмен көшу» 79  қадамын іске асыру аясында аймақта 2015 жылдан бері көптілді оқытуды енгізу бойынша эксперимент жүргізіліп жатыр.

Осылайша Ақсу қаласының 2 мектебі:Б. Момышұлы атындағы ОМ және Қалқаман ОМ биология және Қазақстан тарихы пәндері бойынша облыстық экспериментке кірді. Бұл эксперимент екінші оқу жылы бойынша жалғастырылып келе жатыр.

Бұдан басқа 2016-2017 оқу жылында үштілді білім беруді енгізу бойынша экспериментке 6 мектеп: №2 ЖОМ, №4 ОМ, №7ОМ, №8 ОМ, Ю. Гагарин атындағы ОМ, К. Камзина атындағы ОМ кірді.

Алдағы 2017-2018 оқу жылында қосымша пәнде және ағылшын тіліндегі сынптар есебінен 13 мектепте, соның ішінде: Шүлембаев ОМ, Қалқаман ОМ, №7 ОМ, №1 ЖОМ, №2 ОМ, №8 ОМ, лицей, С. Дөнентаев атындағы ОМ, Жабыл ОМ, Ю.Гагарин атындағы ОМ, К.Камзин атындағы ОМ, №4 ОМ, Айнакөл ОМ-де  көптілді білім беруді кеңейту жоспарланып отыр.

Дарынды балалармен жұмыс

«Интелектуалды ұлт- 2020» Мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың облыстық конкурсы өткізіледі.

Биылғы жылы Ақсу қаласы және ауылдық аймақтың 8 мектебінен (№1 ОМ, №2 ОМ, №8 ОМ және Қалқаман, Айнакөл, Б. Момышұлы, Жамбыл, Қабылбекова ОМ) 11 жоба қатысты, және барлық 11 жоба жүлделі орындарға ие болды, олардың ішінде 2 жүлделі орынды ауылдық аймақ мектептер Жамбыл және Айнакөл ОМ алды.

2016-2017 оқу жылында ғылыми жарыстарда ауданнан облысқа 16 оқушы қатысты (№1 ОМ, №2 ОМ, №4 ОМ, №8 ОМ және Қалқаман, Жамбыл, Қабылбеков ОМ), олардың ішінде 10 жүлделі орынды №1,2,4, Қалқаман, Қабылбеков ОМ алды.

         «Зерде» зерттеу жұмыстары мен жобаларының облыстық конкурсында 10 оқушы қатысып облыста 4 жүлделі орынға ие болды: №2 ом –Ризат Шакалай, Әли Төлеутаев  3 жүлделі орын, лицей – Мирас Ерсінов 3 жүлделі орын, Б. Момышұлы – Әйгерім Мекенбек, Орал Еркінбай 2 жүлделі орын.

2016- 2017 оқу жылында облысты пәндік олимпиаданың жүлдегерлері 9 оқушы болды, оның жұлделі екі бірінші орнынын №2 ОМ оқушысы Жанғали Мошхалов және лицей оқушысы Юлия Дятлова алды. 2, 3-ші орындардың  жүлдегерлері қала мен ауылдың 7 мектеп оқушысы алды: №2 ОМ оқушылары: Әсемгүл Тілеуберді, Аделия Сейтжапарова, Іңкар Каидарова, Зарина Бабенова, лицей оқушысы Минкаил Рабаев, Қабылеков ОМ оқушысы Ансарым Құрман, Жамбыл ОМ оқушысы Бейбарыс Шұғылұлы.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада №2 Ом оқушысы Жанғали Мошхалов география пәні бойынша 3 жүлделі орынға ие болды.

Тамақтану

Ыстық тамақ асханасы жабдықталған 24 мектептерде ұйымдастырылған. Ыстық тамақпен қамту мамырдағы жағдай бойынша 9511 баланы құрайды, бұл жалпы санынан 99,7 % сәйкес келеді.

Тегін ыстық тамақпен 1698 бала қамтылды, оның ішінде халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан 11573 бала немесе жалпы оқу қоры қаражаты есебінен 100% тегін тамақпен және 125 оқушы демеушілік көмек есебінен ыстық тамақпен қамтылған.

Тамақтануға жалпыға міндетті оқу қорының қаражатын жұмсау 25.01.2008 жылғы ҚР Үкіметінің №64 Қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Тегін ыстық тамақпен қамтылған  1573 баладан, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан 987 бала, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -116, сондай-ақ білім беру жүйесін басқару ұжымымен анықталған, өзге де санаттағы балалар-406. Өзге де санаттарға тубвираж, тубконтакт және көп балалы отбасынан шыққан балалар жатады.

Бастапқы буында 4459 оқушы білім алады. Барлық балалар ыстық тамақпен қамтылған, соның ішінде 759 бала жаппай оқыту қаражаты есебінен, 60 бала демеушілік көмек  және 3630 бала ата-аналарының төлемақысы есебінен тамақтанады.

Буфеттік тамақтану ыстық тамақпен бірге 8 орта білім беру мекемелерінде ұйымдастырылғын. Тек буеттік тамақтанумен Сольветка НМ, №5 БМ және Төртқұдық БМ оқушылары қамтылған. Қалған 7 бастауыш мектеп жабылып жатыр, ғимарат әкімшілік қажеттілік үшін ауылдық округ әкімдіктерінің балансына тапсырылды.

Ыстық тамақ ұйымдастырылған 24 мектептің ішінен 22 мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет жеткізушілер жұмыс істейді, Сарышығанақ ОМ және Сольветка ОМ тамақтану аспаздар штаты есебінен ұйымдастырылған.

Халықтың әлеуметтік әлсіз санатына жататын оқушыларға көмек көрсетуге бөлінген қаражат сомасы оның ішінде ағымдағы мектептерді қамтамасыз етудегі шығыстардың жалпы сомасынан 3% кем емес соманы құрайды. 2017 жылы 80441,0 мың теңге (2,9 %) бөлінді, оның ішінде ағымдағы жылдың екі тоқсанында тамақтануды ұйымдастыруға 35402,0 мың теңге жұмсалды.

Тасымалдау

Мектептері жоқ немесе тиісті мектептері жоқ ауылдық елді мекендерден 5 ауылдық округтерге: Қызылжар с/о, Алғабас с/о, Қалқаман с/о, Достық с/о және М. Омаров атындағы с/о-тен күнделікті тасымалдау ұйымдастырылған.

17 ауылдық елді мекендерден 9 мектептке тасымалдау жүзеге асырылады, тасымалдануда 220 оқушы.

Күнделікті тасымалдауға 8 автобус және 1 шағын автобус қолданылады. Автокөліктер селолық округтер әкімінің балансында тұр. Барлық мектептерде үздіксіз оқушылар тасымалдауға жауапты тұлғалар бекітілді. Мектептердің медициналық қызметкерлері жүргізушілерді күнделікті медециналық тексеруден өткізуді жүзеге асырады. Белгіленген мерзімде әрбір көлік құралының техникалық байқаудан өтуі міндетті болып табылады. Мектептердің берген деректер баойынша ЖЖМ қамтамасыз етілуі 100% - ды құрайды, көлік құралдарының жөндеу жұмыстары уақытылы жүзеге асырылады.

Анықтамалық: мектеп автобус паркін жаңарту бойынша жұмыс жүргізілді. Мәселен, 2012 жылы «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ балансынан Алғабас селолық округі әкімдігінің балансына 2004 жылы шыққан ескі автобустың орнына 2011 жылы шығарылған автобус берілді. 2012 жылғы тамызда Жамбыл орта мектебіне балаларды тасымалдау үшін құны 7 млн. теңгеге автобус сатып алынды.

2014 жылғы желтоқсанда автокөлікті жаңарту үшін 28 млн. 626 мың теңге қаражат бөлінді. Камзин атындағы орта мектеп, Сарышығанақ орта мектебі және Қызылжар орта мектебі үшін ПАЗ-32053 маркалы 3 автобус, Енбек орта мектебі, Ақжол орта мектебі үшін ПАЗ-32054 маркалы 2 автобус, және Достық орта мектебі үшін 1  ГАЗ-322  автокөлігі сатып алынды.

Инклюзивті білім беру

Ақсу қаласы және ауылдық округтерде дамуында мүмкіндігі шектеулі 871 бала тұрады, соның ішінде мектепке дейінгі жаста 132 бала және мектеп жасында 739 бала. Мектеп жасындағы 739 баланың ішінен 722–сі оқумен қамтылған, медициналық көрсеткіштері бойынша 16 бала оқытылмайды және 1 жасөспірім Ақсу ауылының АТМ бітіргеннен кейін (Мавкин Аяболат, Пограничник ауылы) жұмыс істейді. Инклюзивті біліммен қамтылған мектеп жасындағы балалар үлесі 97,6 % -ды құрайды.

Мектеп жасына дейінгі 132 баланың 2-уі Павлодар қаласындағы арнайы түзету балабақшасына барады, 28-і №12 балабақшадағы арнайы топқа барады, 48 бала мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы топтарына біріктірілді, қалған 54 бала үйде отыр, бұл 59% құрайды.

Осылайша, дамуда мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі 93,8% құрайды.

Жалпы орта білім беру саласында 9563 оқушылардың жалпы санымен 33 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептері жұмыс істейді, олардың ішінде 4 мектепте (12 %) ПДК диагнозымен балалар үшін сыныптар бар, онда 113 бала білім алады. 8 мектепте логопедтер бар (2015 жылы -5 мектепте). Осылайша, 24% мектепте инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалды.

2017 жылғы ҰБТ

2017 жылы Ақсу өңірінің 317 мектеп түлектерінің  ішінен 188 оқушы ҰБТ-ға қатысты, бұл 59,3% құрады. ҰБТ орташа баллы – 140 балдан        82,05 балды құрады.

100 балдан жоғары 36 түлек немесе 19,1 % жинады. 7 түлек – шектік деңгейді (50 бал) жинай алмады (мәліметтер слайдта).

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша пәндер бойынша орташа бал: оқу сауаттылығы- 20 балдан 16,83 бал, математикалық сауаттылық – 20 балдан 11, 74 бал, Қазақстан тарихы – 20 балдан 14,06 бал.

Ортадан жоғары бал Үштерек ЖОМ -110,63. Сондай-ақ жақсы көрсеткішті көресткендер: лицей-92,9 және Шүлембаев ОМ – 92,33 бал.

Жалпы қалалықтан жоғары (82,05) балды 5 мектеп көрсетті: Достық ОМ, Жамбыл ОМ, Айнакөл ОМ, №2 ОМ және Еңбек ОМ.

Оқушылар арасында жоғары бал алғандар:

1)    Бекболат Құрметбек Қалқаман ОМ (мүмкін 140 балдан 131 бал);

2)    Жоламан Арганбай, Үштерек ОМ (130 бал);

3)    Шүлембаев ОМ түлегі Альбер Уразов 127 бал алды.

23 «Алтын белгі» атестатыныі иегерлерінен ҰБТ –ға 15 түлек немесе 65% қатысты. 113-тен 125 балды 4 оқушы алды:

Ксения Завалко 125 бал, лицей түлегі;

Жарас Акзам 116 бал, Үштерек мектебінің түлегі;

Айсұлу Тулегенова 115 бал №2 ЖОМ түлегі;

Полина Машанова 113 бал лицей түлегі.

Оқу үрдісінін ақпараттандыру

         Ақсу қаласы және ауылдық аймақтың білім беру ұйымдарында 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту мемелекеттік бағдарламасына сәйкес электронды оқыту жүйесі енгізілді.

2013 жылдан бастап қаланың  6 мектептерінде  Е-learning электрондық оқыту қолданылады. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен Ақсу өңірінің 25 білім беру ұйымдарында "Күнделік" электронды жобасы бастау алды, ол педагогтарға электрондық форматта құжат айналымын жүргізуге мүмкіндік береді (журнал, күнделіктер, есептер).

Ақсу қаласы және ауылдық аймақтардағы сегіз шағын жиынтық мектептерге бағдарламалық-аппараттық кешенді(интерактивтік жабдық,       16 дана) сатып алу үшін, республикалық бюджеттен 7 936000 теңге ақшалай қаражат бөлінді, сондай-ақ үнемдеуге 3 мектеп бойынша қосымша                   7 комплекті жабдық сатып алуға болады.

         Компьютерлі техниканың жалпы саны

Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде компьютердің жалпы саны  1558 бірлікті, оның ішінде оқу процесінде  1440 бірлікті құрайды, бір компьютерге шаққандағы  оқушылар саны 6,6адамды (іс жүзінде) құрайды.(1340+12+88=1440).

         24 мектептің ішінен, Сольветка негізгі мектебі және Спутник негізгі мектептерінен басқа 22 орта білім беру мектептерінде жаңа модификациялы мамандандырылған кабинеттер бар,

Қазіргі уақытта мектептерде 30 мамандандырылған физика кабинеті, оның ішінде интерактивті тақтамен 18 кабинет, 20 химия кабинеті, оның ішінде интерактивті тақтасымен 16, 24 биология кабинеті, оның ішінде интерактивті тақтамен 19 кабинет, 16 мультимедиялық-лингафондық кабинеттер оның ішінде интерактивті тақтамен 13-кабинет орнатылған.

Жаңа модификациядағы кабинеттері бар (химия, биология, физика, лингафондық және мультимедиалық кабинеттер) мектептердің жалпы санынан үлесі 93,9% құрайды. Алайда, әрбір мектепте физика, химия, биология, мультимедиялық кабинеті сияқты жабдықталған мамандандырылған кабинеттер жоқ.

Қосымша  білімі беру

Ақсу қаласында 3 қосымша білім беру мекемелері: БШҮ, БӨМ, ЖНС және 4 аула клубтары жұмыс істейді. Бұл мекемелерді 2271 бала барады, бұл қала мектептері оқушылар санының жалпы санынан 37 % құрайды.

"Балалар шығармашылық үйі" МКҚК.Ақсу қаласының балалар шығармашылық үйі қаламыздың жалпы білім беру жүйесінің бір буыны болып табылады. БШҮ 26 бағыттағы 70 топта1315 балалар мен жасөспірімдер білім алады, балансында түрған 4 аула клубына 480 бала барады.Барлық үйірмелер3 бөлімге  бөлінеді:көркем – эстетикалық, спорттық және қолданбалы шығармашылық.

 БШҮ шығармашылық ұжымдары 34 конкурстарға, фестивальдарға, жарыстарға және турнирлерге қатысты.158 жүлделі орынды иеленді:республикалық (17 жүлделі орын), халықаралық (24 жүлделі орын), облыстық (32 жүлделі орын) және қалалық конкурстарда (85 жүлделі орын).

«Балалар өнер мектебі»МКҚК-да 280 оқушы білім алады және ол өзінің білім беру қызметін 3 бағыт бойынша жүзеге асырады:

         1.Музыкалық:

-аспаптар сыныбы (фортепиано, домбра, баян, аккордеон, синтезатор, скрипка, кобыз, ұрмалы аспаптар);

-эстрадалық вокал, хор сыныбы;

2. Хореография;

3. Бейнелеу өнері.

 Мектеп жыл сайын "Птичий перезвон" бейнелеу өнерінің республикалық байқауына қатысады. Өнер мектебінің оқушыларыәр түрлі сайыстардың жүлдегерлері болып табылады:республикалық ( 10 жүлделі орын), халықаралық (51 жүлделі орын), облыстық (1 жүлделі орын) және қалалық конкурстарда (5 жүлделі орын).

"Ақсу қаласының жас натуралистер станциясы" МКҚК12 бірлестік пен клубтар жұмыс істейді, юннаттар саны 676 бала. "Ақсу қаласының жас натуралистер станциясы" МКҚК 12 бірлестік пен клубтар жұмыс істейді.ЖНС 3 бағытта жұмыс істейді:сәндік – қолданбалы, экологиялық – биологиялық және туристік-өлкетану.

Жоспарлы оқу-тәрбие қызметі оқушыларға конкурстарға белсенді қатысуға мүмкіндік берді. СЮН әр түрлі сайыстарда 29 жүлделі орын алды: республикалық (6жүлделі орын), халықаралық (18 жүлделі орын), облыстық (1 жүлделі орын) және қалалық конкурстарда (4 жүлделі орын).

Күрделі және ағымдағы жөндеу

«Үштерек ауылының ОМ» КММ - электрмен жабдықтау жүйесінің күрделі жөндеу жұмысы, 18548,0 мың теңге бөлінді. Мердігер"Альянс-Строй Стиль" ЖШС.

         «Ю.Гагарин атындағы ОМ» КММ – ғимарат шатырының күрделі жөндеу жұмыстары, 29992,0 мың теңге бөлінді. 20720,825 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігер"СанЖанАйс Павлодар"

         «Қалқаман ауылының Чайка бөбектер бақшасы» МКҚК – терезе блоктарының, кіреберіс, аумақ жабындысының күрделі жөндеу жұмыстарына 21435,0 мың теңге бөлінді. 16016,0 мың теңге сомасына шарт жасалды. Мердігер Павлодар қаласының "Строитель" ЖШС.Сондай-ақ,«М. Қабылбеков атындағы ОМ» КММ – ғимараттың терезе блоктарын күрделі жөндеу жұмыстарына 11189,0 мың теңге бөлінді.Мердігері Павлодар қаласының «Связь Деталь» ЖШС.

Барлық білім беру объектілері үй-жай ішінде ағымдық жөндеу жұмыстарын  (әктеу, сырлау) жүргізді. Сонмен қатар келесі объектілерде жұмыстар аяқталды:

-К.Камзин атындағы ОМ- құбырды монтаждау және демонтаждау;

-Б.Момышұлы атындағы ОМ- Түтінөткізгіш болат құбырды демонтаждау және монтаждау жұмыстарын жүргізді;

- Үштерек ауылының ОМ -Флянц ысырмаладры ауыстырды. Орталықтан тепкіш сорғылар, крандар, шұраларды орнатты. Тіркемелерді ауыстырды және орнатты;

- Айнакөл ауылының ОМ – ғимарат шатырының жөндеу жұмысары және есіктерді орнату;

- «Ақсу қаласының №7 ОМ» КММ - № 5 БМ электрмен жылыту жүйесінің құрылымы;

- «С.Дөнентаев атындағы ОМ» КММ – жылу жолының ағымдағы жөндеу жұмыстары;

- «М. Қабылбеков атындағы ОМ» КММ – дәліздегі едендердің ағымдағы жөндеу жұмыстары;

- «К. Камзин атындағы ОМ» КММ – есіктерді әзірлеу және орнату;

- «Ақсу қаласының №4 ОМ» КММ – 26 пластик терезелерді орнату;

- «Ақсу  қаласының № 24 бөбектер бақшасы» МКҚК - шатырдың жөндеу жұмыстары;

Жаңа оқу жылына және жаңа жылыту маусымына дайындық бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ақсу қаласының жас натуралистер станциясы және Жамбыл орта мектебін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

 

 

 

 

2017.ж 08.04

 


2016-07-29 15:36:09

Сондай-ақ оқыңыз