Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

     

     Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен оған қарасты ведомствалық мекемелердің 

2017 жылғы тамыз айына атқарған жұмыс туралы 

“Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) құрылтайшы құжаттарына сәйкес бөлімнің басты мақсаттары мен міндеттері:

1) Аймақ халқын жұмыссыздықтан қорғау бойынша әлеуметтік шараларды қамтамасыз ету, азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқытуға жәрдемдесу;

2)Жеке санаттағы  мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік

қамтамасыз ету;

3) Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру.

Бөлім 2017 жылға 522,2 млн. теңге көлемі бар 15 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Есепті кезеңге жоспарланған 259,7 млн. теңгеден игерілуі 257,5 млн. теңге немесе 99,2% құрады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету

2017 жылғы 7 ай жағдайы бойынша бөлім көрсететін 19 мемлекеттік қызмет бойынша бөліммен 8900 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 2348. 1 тамыз жағдайы бойынша  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын артыру бойынша  селолық аймақтарға 10 шығу жасалып, 13 адамға кеңес берілді, бөлім қызметкерлеріне жалпыға бірдей 5 құқықтық оқыту жүргізілді. 2016 жылға көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша көпшілікке талқылау есебі-5, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері (ЗТМО-ға, ХҚО-ға), қалалық мұрағат, арнаулы әлеуметтік саласындағы қызметтер көрсету ҮЕҰ директоры, ПИК төрағалары, мемлекеттік қызмет алушылар 8 мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен жұмыссыздарға түсіндірілді. Тұрғындармен кешенді жұмыс шеңберінде 14 ауылдық аймаққа, 5 селолық округке шығу болды. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет бойынша 178 тұрғындарға кеңестер берілді.

Шақырылғандардың тізімі қоса беріледі.

Тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімге шағымдар түскен жоқ.

2016 жылдың 7 ай ішінде 10472 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 2345.

Азаматтардың өтініштері

2017 жылғы 1тамыз жағдайы бойынша бөлімге барлығы 46 өтініш келіп түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан-45, заңды тұлғалардан-1, 19 ауызша, 27 жазбаша келесі сұрақтар бойынша келіп түсті: жұмыспен қамту-15, тұрғын үй көмегі-3, материалдық көмек көрсету-3, әлеуметтік қамсыздандыру-23.

2016 жылдың кезеңінде 52 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 22-ауызша, 30-жазбаша келесі сұрақтар бойынша келіп түсті: жұмыспен қамту-18, тұрғын үй көмегі-1, материалдық көмек көрсету-9, жалпы әлеуметтік қамсыздандыру сұрағы бойынша-24.

Оралмандардың есебі мен қозғалыс мониторингі

2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша Ақсу қаласында 1671 оралмандар отбасы, оның ішінде 7467  адам, олардан 928 отбасы (оның ішінде 4677 адам) ауылда тіркелді.

Олардың ішінде еңбекке қабілетті жастағы 3922, жалпы санынан білімі 2273 адамда бар.

2017 жылдың басынан Ақсу аймағына 3 жалғыз басты еңбекке жарамды, білімі бар этникалық қазақтар (қалаға – 2, Достық с/о - 1) қоныс аударды.

2016 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша Ақсу қаласында және оның ауылдық аймағында 1669 отбасы тіркелген, оның ішінде 7354  адам, Олардың ішінде еңбекке қабілетті жастағы 3877, жалпы санынан білімі 2324 адамда бар.

Жұмыспен қамту секторы

Ақсу өңірі халқының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар 2017 жылға арналған Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары аясында жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы іс-шаралармен 1789 жұмыссыз азаматты қамту жоспарланған. 2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 1221 адам қамтылды, бұл жылдық жоспардың 68 % құрайды.

Меморандумға сәйкес ағымдағы жылдың басынан жоспарланған 1761 (тұрақты – 616, уақытша - 1145) жұмыс орыннан 989 (56,2%) жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 504 (81,8%) тұрақты, 485 (42,3%) уақытша маусымдық.

2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орны жалпы 52,5% құрайды.

Ақсу қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Ақсу қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» № 1006/11 қаулысымен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, ұйымдарда 2 ден 4% дейін мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленді.

Заңды тұлғалар тізбесіне мүгедектер үшін 136 жұмыс орнына квота белгіленген 13 кәсіпорын мен ұйым енгізілді. 2017 жылғы 1 шілдесіне жұмыспен қамтылған қызметкерлер санатына жатқызылған мүгедектердің 69 адамы жұмыспен толықтырылды.

Жұмыс істейтін мүгедектердің жалпы саны 190 адамды құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан басынан халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 29 мүгедек тіркелді, оның ішінде 2 топтағы-3 адам, 3 топтағы-26 адам, ваканттық жұмыс орнына-2, әлеуметтік жұмыс орнына-3, 5-келу уақытын бұзғаны үшін есептен шығарылды, 3- өз еріктерімен шығарылды.

2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша есепте 16 мүгедек тұр (2 топтағы-3 адам, 3 топтағы-13 адам), оның ішінде 12 қоғамдық жұмысқа қатысады. ОЖБ бар есепте тұрған 3 топтағы мүгедектер қатарынан 1 адам жұмыспен қамтылуды мұқтаж етеді.

2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша аймақтарды дамыту бағдарламасы нысаналы индикаторларының орындалуы мынадай:

жұмыспен қамту мәселесі жөнінде жүгінген азаматтардың қатарынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі жоспарланған 75,0%-дан 59,5% (890/1496*100%) құрайды;

2017 жылғы жұмыссыздық деңгейі 5,0% жоспарланған, статистика мәліметі бойынша 2016 жылға-5,0%

арнайы әлеуметтік қызметтерді тұлғалардың үлес салмағы, (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы саны) 94% жоспар бойынша, 90,1% көрсетумен қамтылған.

Ақсу ҚІІ бөлімімен бірлесе бас бостандығынан айыру орындарынан (әрі қарай-ББАО) босатылған адамдардың қозғалыс мониторингі жүргізіледі.

Жылдың басынан бас бостандығынан айыру орындарынан шаққандар 17 адам. 2017 жылғы 1 тамыз жағдайына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарынан жұмыспен қамту мәселесі жөнінде 13 адам жүгінді. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына «УЮТ» ПИК-1, 4- адам жұмысқа орналасуынан бас тартты. «Кран машинисті»  мамандығы бойынша оқуға жазылған-1 адам. «В-санатты жүргізуші» бойынша 1 адам оқуға жіберілді ( 2016 жыл). 2-адам (2016 жылы  босатылған) Горкомхозға қоғамдық жұмысқа жіберілді. 1 адам тіркеуден шығарылды. 1-адам жұмысқа орналасу бойынша тіркеуден шығарылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққандардан жұмыссыз есебінде тіркеуде жоқ.

Ақсу қаласы ҚАҚ жолдамасымен жұмысқа орналасу және кәсіптік даярлау мәселелері жөнінде кеңес алған 43 адам жүгінді, оның ішінде 8 адам жұмыспен қамтылды. (тұрақты жұмысқа-5, ӘЖО-1, қоғамдық жұмысқа-2), 8 адам жұмысқа орналасуға бас тартты, 7 адам қайта даярлау курсына жазылды, оның ішінде «В санатты жүргізуші» курсына жіберілді.

 Пробация қызметінде есепте тұрған 2 адам жұмыссыздар есебінде тұр.

2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша  Ақсу қаласы бойынша жұмыс істейтін кәсіпордың жалпы санынан (356) 323 немесе 90,7% ұжымдық келісім шарт жасалды.

Әкімдер, жұмыс берушілер (кәсіпорындар ,мекемелер) және  кәсіподақтар, оның ішінде қаланың 2 ірі, 6 орта және 210 шағын кәсіпорындар арасында өзара түсіністік туралы (жоспар 167) 216 меморандум жасасты, бұл 129,3% құрайды.

Облыс әкімі және «Қазхром» ТҰК» АФЗ мен «ЕЭК» АҚ кәсіпорындар арасында қосымша 2 меморандум жасалды. Тұрғындардың экономикалық белсенді жұмыссыздардың үлесі халыққа шаққанда (38990) 0,57% құрайды.

Ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жөніндегі сектор

2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша Ақсу аймағы бойынша мүгедектер саны 2619 адам, (01.08.2016 жылға-2562 адам)  оның ішінде мүгедектік тобы бойынша:

мүгедектік топтармен: 1– 271(270), ІІ топтағы мүгедек – 1179(1169), ІІІ топтағы мүгедек – 950(920), бала кезінен мүгедектер – 219(203);

аурулар тұрғысында: көру қабілеті бұзылған–322(319), есту қабілеті бұзылған – 89(89), тірек-қимыл аппараты бұзылған–310(295), психоневрологиялық аурулары бар–507(500), туберкулез аурулары–24(24), жалпы аурулар–1367(1335).

Селолық округтер тұрғысында – 743 мүгедектер:, оның ішінде: Алғабас с/о – 179, Достық с/о – 98, Евгеньевка с/о – 115, М. Омаров атындағы с/о – 127, Қалқаман с/о – 127, Қызылжар с/о – 95 мүгедек.

407(357) мүгедек оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес: протездік-ортопедиялық бұйыммен 165(171) адам; кресло-арбалармен – 60(53); тифло-сурдотехникалық құралдармен – 65(48); санаторлық – курорттық емделумен –133(81) адам қамтамасыз етуді қажет етеді.

Ағымдағы жылғы медициналық - әлеуметтік сараптама органдарынан 192 мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі - ОЖБ, оның ішінде кәсіптік оңалтуға – 10, әлеуметтік оңалтуға –182 бағдарлама келіп түсті.

2017 жылғы 1 тамызға  облыстық бюджеттің қаражаты есебінен, әзірленген ОЖБ сәйкес, протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілген 68 мүгедек сурдотехникалық құралдармен, 35 мүгедек, тифлотехникалық құралдармен-31, кресло-арбалармен-21қамтамасыз етілді.

2017 жылға "Мүгедек балалардың үйде тәрбиелеу және оқытудың материалдық қамтуы" бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 45 мүгедек балаларға 2,5 млн. теңге бөлінді, игерілгені 1,2 млн. теңге.

2017 жылғы 7 ай ішінде жолданғандар:

«Ардагерлер үйі» оңалту орталығы

«Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Ақсу арнаулы әәлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

«Энергетик» шипажайы

«Спутник» шипажайы

«Мойылды» шипажайы

стационар үлгідегі МӘМ

КСЕ «Елқоныс»

Облыстық балаларға арналған психонерврологиялық МӘМ» КММ

Облыстық балаларға арналған оңалту орталығы

Мичурино Облыстық психоневрологиялық МӘМ

39 мүгедек пен 52 зейнеткер, олардың ішінде: көпбалалы ана – 8 адам, тыл ардагерлері-10

48 зейнеткер

23

5

13

4 зейнеткер

27

 

2 бала

 


Ағымдағы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 122,8 млн теңге бөлінді, оның ішінде «Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» бағдарламасы бойынша-8,8 млн,теңге оның ішінде 5,1 млн теңге игерілді. «Мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің қызметін көрсету» бағдарламасы бойынша 114,0 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 62,1 млн, теңге игерілді.

Қызмет атауы

Млн,теңге берілді,

Млн,теңге игерілді,

Адамның қамтылуы

Міндетті гигиеналық құралдар

61,1

30,8

203

Оның ішінде тех,құралдың тізбесін кеңейту

23,7

0

0

Ымдау мамандығының қызметі

8,1

3,7

40

Жеке көмекшінің қызметі

44,8

27,6

143

Барлығы

114,0

62,1

386

2017 жылдың басынан әрекет етуге жарамды және әрекеті шектеулі кәмелетке толмағандар бойынша бөлімде қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі комиссиямен 3 істі қарады.

2017 жылдың 1 тамыз жағдайы бойынша Ақсу қаласы бойынша 140 әлеуметтік объектісі (2016 жылы-138 объект) түгенделді.

Ағымдағы жылы қаланың әлеуметтік инфрақұрылымның 2 объектісіне (Алғабас ауылы фельдшерлік-акушерлік пункті, «Айналайын» бөбекштер бақшасы» КМҚК) паспорттау (түгендау)-2017 жылдың наурыз,сәуір айларында түгенделді. 2 объектте (Қалқаман ауылы «Чайка» балабақшасы» МКҚК, «Қазпошта» АҚ ПБФ)  ағымдағы жылдың наурызында бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

 

Әлеуметтік көмек тағайындау секторы

2017 жылы Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қалалық бюджет қаражаты есебінен 80,0 млн. теңге бөлінді. Есепте кезеңге жоспарланған 38,1 мың теңге толық 100% көлемінде игерілді. 2016 жылғы кезеңге әлеуметтік көмекке 2066 мұқтаж азаматтарға, 36,5 млн теңге жалпы соммасы төленді.

2017 жылғы 1тамыз жағдайы бойынша келесі төлемдер жасалды:

Жеңіс күніне біржолғы әлеуметтік көмек:

Жеңіс күніне орай 11 әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде 1017 адам  (ҰОс қатысушылар, ауған соғысының қатысушыларына, ЧАЭС апатының ликвидаторларына, ҰОС-ның мүгедектері мен теңестірушілеріне) 14,9 млн. теңге соммасы төленді.

Ай сайынғы материалдық көмек 4 санаттағы тұрғындарға, оның ішінде 53 адам (ҰОС 5 қатысушысына дәрі-дәрмек сатып алуға және коммуналдық қызметтердің төлемін өтеуге, мүгедекке мектепке дейінгі мекемеге төлем жасау үшін, «ИНТЕРНЕТ» жүйесін төлеуге, грандта оқитын студенттерге) жалпы соммасы 3,9 млн, теңге төленді.

.

Бір жолғы әлеуметтік көмек:

8 санаттағы тұлғаларға, оның ішінде 690 адам (туберкулезбен ауыратын, онкологиялық аурулармен ауыратын және адамның иммунды тапшылығы вирусына шалдыққан, тіс протезін салу үшін, ЖШҚ дамыту үшін, емделу үшін және т.б) жалпы соммасы 11,7 млн, теңге.

Емделуге арналған тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

3 санаттағы оның ішінде 86 адам, 798,6 мың теңге соммасына (ЧАЭС апатының ликвидаторына, Семей ядролық сынақ полигонының қатысушыларына, Ауған соғысының қатысушыларына).

Ақсу қаласында 3 отбасы, онда 16 адам тұратын "Өрлеу" жобасы бойынша тағайындалған, шартты ақшалай көмек сомасы 60,0 мың теңге.

МАӘКке 559,0 мың.теңге бөлінді. Жүгінген тұрғындар жоқ. (2016 кезеңі үшін МАӘК алушылар жоқ).

2017 жылға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы (бұдан әрі - МБЖ) төлеу үшін 1245,0 мың теңге қарастырылды. 2017 жылғы 1 тамызына балаларға арналған жәрдемақы 18 жасқа дейінгі 53 баладан тұратын 18 отбасына 505,0 мың теңге жалпы сомасында көрсетілді.(2016 жылғы кезеңге 56 баладан тұратын 25 отбасына 560,0 мың теңге).

Тұрғын үй көмегін тағайындау секторы

2017 жылы қалалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін төлеуге 24,3 млн. теңге бөлінді.

2017 жылғы 1 тамыз жағдайына 1147 отбасы (1466 адам) тұрғын үй көмегіне жүгінді. Ағымдағы жылдың басынан тұрғын үй көмегіне 14,9 млн.теңге көлемінде төленді, оның ішінде абоненттік төлемақы тарифтерінің ұлғаюына мынадай өтемақылар: телефонға – 111,2 мың теңге, жылуға -11,2 мың теңге, лифт – 59,0 мың тенге, ПИК қызметтеріне-1,2 млн.теңге, кондоминиум объектілердің жөндеуіне – 131,2 мың теңге, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС – 1,0 млн теңге, , «Ақсу су арнасы» МКК – 1,1 мың теңге, «Горкомхоз» ЖШС – 83,0 мың теңге  «ЕЭК» АҚ-15,6 мың теңге төленді.(2016 жылғы кезең бойынша 1181 отбасы оның ішінде 1554 адам жүгініп, 10,6 млн.теңге тұрғын үй көмегі төленді.)

 

 

Қарттар мен мүгедектерге

үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

Бөлімнің жанында 2 қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі (бұдан әрі - Бөлімше) жұмыс істейді.

2017 жылғы 1тамыз жағдайы бойынша бөлімшелерде үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін 304 адам тұр, оның ішінде Ақсу қаласы бойынша – 205, селолық округтерде – 99  қызмет алушы бар: Евгеньевка с/о – 7, Достық с/о – 10, Алғабас с/о – 15, М. Омаров атындағы с/о – 15, Қызылжар с/о – 14, Қалқаман с/о – 38, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 3 қатысушысы (оның ішінде Ақсу қаласында – 1, Қалқаман ауылында - 2) және 1-2 топтағы 5 мүгедек әлеуметтік қызметкерлер қызметін алуда

2016 жылғы былтырғы есептік кезеңге 4 ҰОС қатысушылары әлеуметтік қызметкерлердің қызметін алды, оның ішінде: қалада-2, Қалқаман ауылында-2.

2017 жылғы 1 тамызда Ақсу аймағы бойынша қарттар мен мүгедектерге үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің саны 56 адамды құрайды, оның ішінде Ақсу қаласында 31, селолық округтерде 25: (Евгеньевка с/о – 2, Достық  с/о – 4, Алғабас с/о – 4, М. Омаров атындағы с/о – 4, Қызылжар с/о – 3, Қалқаман с/о – 8) әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

Балаларға және 18 жоғары жастағы тұлғаларға

үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

2017 жылғы 1 тамыз жағдайына алғанда балалар мен 18 жастан жоғары тұлғаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 24 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде қалада 16 әлеуметтік қызметкер, селолық округтерде  - 8 (Евгеньевка с/о – 2, Достық с/о – 1, Алғабас с/о – 1, М. Омаров атындағы с/о – 2, Қызылжар с/о – 1, Қалқаман с/о – 1).

Бөлімнің есебінде үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін 95 алушы бар, оның ішінде  МӘС жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес, оның ішінде мүгедектігі бар 59 бала (қалада – 44, селолық округтерде - 15 (Евгеньевка с/о – 6, Достық с/о – 3, Алғабас с/о – 1, М. Омаров атындағы с/о – 2, Қызылжар с/о – 1, Қалқаман с/о – 2 және психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан жоғары 36 адам (Ақсу қаласы – 30, Евгеньевка с/о – 1, Алғабас с/о – 4, М. Омаров атындағы с/о - 1).

2016 жылғы кезеңде үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін көмегін 96 адам алды.

 

Нақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған

Ақсу қаласының әлеуметтік бейімделу орталығы

2017 жылдың 1 тамызында   Нақты мекенжай жоқ тұлғаларға арналған Ақсу бейімделу орталығына (бұдан әрі - Орталық) әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жөнінде 99 адам жүгінді. Қайта әлеуметтендіру туралы шарт 28 азаматпен жасалда, оның ішінде 13 адам қабылданды. Орталықтан 11 адам шығарылды. 10 қызмет алушылар орталықта тұрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жолдамасымен 21 азамат, қалалық пробация қызметі арқылы 3 азамат осы мекемеде тіркелген.

2 азаматқа бейінді мамандардан медициналық кеңес алуға жәрдем көрсетілді, 7 азамат мерзімінен бұрын, шарт талаптарының орындалуынан, 5 адам өз еркімен 1 шығарылды, 1 адам туған туыстарына орналастырылды. Ішкі тәртіп ережелерін бұзған 4 адам шығарылды. 5 қызмет алушыға құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетілді. Тұрақты жұмысқа 5 адам және уақытша маусымдық жұмысқа 10 қамқоршы жұмысқа орналасты. Пробация қызметінің жолдамасы бойынша шартты түрде сотталғандарға қатысты әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету мақсатында 43 азаматқа психологтың көмегі көрсетілді.

Ағымдағы жылға бюджеттен 19,4 млн. теңге, жоспар бойынша 7 айға-11189,0 мың теңге, игеруі- 100 %.

Халықты жұмыспен қамту орталығы

2017 жылғы қаңтардан Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын (әрі қарай-Бағдарлама) жүзеге асыру басталды.

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

2017 жылға жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша қатысушыларды қамту жоспары 78 адамды құрайды. Жергілікті бюджет (ЖБ) есебінен 2,8 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Кәсіптік оқыту келесі мамандықтар бойынша жоспарланған: аспаз – 10 адам, кран машинисі – 15 адам, тиегіш жүргізуші-5 адам, есепші-5адам, тырнақ сәндеу мастері-5 адам, слесарь жөндеуші-10 , тігінші – 12 адам; шаштараз – 10 адам; жүргізуші – 10 адам.

Оқыту топтарды жасақтауына қарай 2017 жылғы мамыр – қараша айларына жоспарланған. 1 тамыз жағдайына 49 адам оқуға кірісті, оның ішінді, аспаз-12 адам, шаштараз-10 адам, «в санатты» жүргізуші-10 адам, тиегіш жүргізуші-5 адам, тігінші-12 адам.

Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту.

ЖҚҮжӘББ алдан ала деректеріне сәйкес Ақсу аумағында микро кредит беруге 148,2 млн. теңге қарастырылған. Кешенді жоспар бойынша 14 бизнес жобасын несиелендіру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1тамыз жағдайы бойынша несие алуға ниеттілер 55 адам (оның ішінде ауылда 54 адам) 2016 жылдан бері 20 адам несиеленуді күтуде. Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 бағдарламасы бойынша 15 адам несиелендірілді, жалпы соммасы 56,4 млн. теңге.

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

2017 жылы жалақыны ішінара субсидиялауға 43,0 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет (бұдан әрі - РБ) есебінен 29,4 млн. теңге, жергілікті бюджет (бұдан әрі - ЖБ) есебінен 13,6 млн. теңге көзделді.

Қамту жоспары 180 адамды құрайды. 2017 жылы 1 тамыз жағдайы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 199 адам, оның ішінде 75 адам ауылды елді мекеннен жолданып, жұмыспен қамтылды. Жоспар бойынша 17,8 млн. теңгенің 100%  игерілді.

Ағымдағы жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыруға 16,4 млн. теңге, оның ішінде: РБ – 6,8 млн. теңге, ЖБ – 9,6 млн. теңге қарастырылған. Жастар тәжірибесінен өтегу арнайы орта және жоғару оқу орындарының 100 түлегін жолдау жоспарланған. 2017 жылдың 1 тамыз  жағдайына жастар  тәжірибесіне24 адам (оның ішінде ауылда-6). Жоспар бойынша 0,9 млн. теңгенің 100% игерілді..

2017 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 34,2 млн. теңге көзделді.

Қамту жоспары 250 адамды құрайды. 2017 жылдың 7 ай  жағдайы бойынша қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 266 адам жолданды, оның ішінде 96 адам елді мекеннен. Жоспар бойынша 19,5 млн.теңгенің 100% игерілді..

Оралмандар мен ішкі мигранттарға көшуге субсидия төлеуге ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен (РБ) 7,2 млн. теңге қарастырылған.

Сонымен қатар қоныс аударушылар мен оралмандар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге 11,1 млн. теңге сомасында (ЖБ) субсидия көзделді.

2017 жылға Ақсу қаласына оралмандарды қоныстау котасы 18 отбасы/90 адамды құрайды. 2017 жылдың 1тамыз жағдайы бойынша 1 отбасы (8 адам) көшіп келді. Көшуге 0,9 млн.теңге субсидия төленді.

2017 жылдың 1 тамыз жағдайына Халықты жұмыспен қамту орталығына 1496 адам, оның ішінде селолық округтер тұрғындарынан 349 адам жүгінді. Жұмыспен қамтылған-890 адам, оның ішінде ауылда 195. Жұмыссыздар есебінде  тіркелгендер 219 адам, оның ішінде ауылда 69 адам. М.Омаров-12, Қалқаман-7, Достық-17, Қызылжар-9, Алғабас-13, Евгеньевка-11 (01.08.2016 жыл-173/79)

 

 

                                                                                         

2017 ж 08.08


2016-07-21 10:25:12

Сондай-ақ оқыңыз