Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

“Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” ММ-нің 2017 жылғы

7 ай ішінде өткізілген мәдени-сауық жұмыс туралы есебі

  Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік мекемесінде – 38 мәдениет нысандары бар, соның ішінде 17 кітапхана (олардан 15 –ауылда), 18 клуб (16 - МБО филиалдары ауылда), сонымен қатар 1 автоклуб, 1-тарихи-өлкетану мұражай, 1 қалалық мәдениет және демалыс саябағы мен қалалық жағажайы

Мәдениет саласының қаржыландыруы. 2017 жылға бюджетпен жоспар бойынша бекітілді және бөлінгін сомасы 344268,0 м.т., 1 тамызға игерілген сомасы 216615,0 м.т.

Ағымдағы жылғы 1 тамызға мәдениет мекемелерінің төлем ақысы бойынша кірістер 6681,6 м.т құрайды, оның ішінде салықтарды ескере отырып еңбек ақысына 2494,1 м.т.

ІС-шаралар.

2017 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша “Ақсу қаласының С. Дөнентаев мәдениет сарайы” және “Ақсу қаласының мәдени-бос уақыт орталығы” МКҚК-мен 700 іс-шара өткізілді, көрермендер саны -91865 адам, оның ішінде ауылдық аймақтарында 526 іс-шара, көрермендер саны 23003 адам қамтылды. Жалпы өткізілген іс-шаралардан 178 іс-шара балалармен жасөспірімдерге арналған, 20068 адам қамтылды.

Қалалық шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар, облыстық, республикалық, халықаралық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындар алды. 2017 жылғы қаңтар-шілде аралығында шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар келесі жүлделі орындарға ие болды: Халықаралық фестиваль-сайыстар саны – 3, Республикалық фестиваль-сайыстар саны – 5, облыстық фестиваль саны – 1.

2017 жылғы қаңтар-шілде аралығында Қалалық мәдениет сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қайраткерлері, қазақ эстрадасының жұлдыздары өнерлерін көрсетті: Гульбарщин Тергеубекова, ҚР Мемлекеттік би ансамблі «Салтанат», Роза Әлқожа,  «Астана a,cappella» вокал тобы,  участник Жаңа толқын-2013 қатысушысы, Витебск қаласындағы «Славянский базар-2016» Халықаралық фестивалінде 1 орынға ие болған әнші Адам, Ардак Аликешев және «Alem band» тобы, Заттыбек Көпбосынұлы. 

Жөндеу жұмыстары

   Есеп беру кезеңіне мәдениет объектілерінде ағымдағы және күрделі жұмыстар өткізілген жоқ.

         Ақсу кентіндегі кітапханасының ЖСҚ бойынша.

Ақсу қаласы әкімінің  2013 жылғы 11 қарашадағы № 817/5 қаулысы негізінде және негізгі мүлікті тапсыру-қабылдау актіне сәйкес Ақсу кенті, Шевченко көшесі, 39А-үй мекен-жайы бойынша орналасқан,  5998000 сомасындағы, жалпы көлемі 185 шаршы метрді құрайтын ғимарат «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ балансынан «Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасы» ММ балансына  кітапхана үшін берілді.

 2014 жылдың сәуірінде «Иртыш Строй-ПВ» ЖШС-мен  жүргізген техникалық тұжырым актісі негізінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ЖСҚ дайындау туралы қорытынды шығарылды.

2017 жылы Ақсу қаласы бюджетінен Ақсу кенті ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ЖСҚ дайындау үшін 970,0 мың.теңге сомасында қаржы көздері бөлінді. 2017 жылдың сәуірінде балансынан «Ақсу қаласының Орталықтандырылған кітапханасы» ММ-мен Ақсу кенті ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ЖСҚ дайындау үшін мемлекеттік сатып алулар бойынша сайыс жүргізілді. Сайыс қорытындысы бойынша «Иртыш Строй-ПВ» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

«Иртыш Строй-ПВ» ЖШС-мен Ақсу кенті ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындау бойынша  2017 жылғы 10 мамырдан №30 896,0 мың.теңге сомасына келісім-шарт жасалды. Жоба-сметалық құжаттамасы бар.   

Күрделі жөндеу жұмыстарының бағасы 16000,0 мың.теңге.

 Жылыту кезеңіне дайындық.  Мәдениет объектілеріне жалпы 869 тонна көмір қажет, соның ішінде 464 тонна тас көмір, 405 тонна қоңыр көмір. Бүгінгі таңда барлық мәдениет объектілеріне көмірді тасымалдау бойынша  сомасы 5731,7 м.т. «Алипов Е.К.» ЖК келісім шарт жасалды.

Тас көмір тамыздан бастап қыркүйекке дейін жеткізілетін болады.

    Типтік мәдени-бос уақыт орталықтарына электрқазандықтарды сатып алу мен орнату үшін жергілікті бюджеттен 13000,0 м.т. бөлінді.

Ағымдағы жылғы тамыз айында Жолқұдық, Құркөл, Путь Ильча, Қызылжар ауылының МБО электрқазандықтарды сатып алу мен орнату үшін мемлекеттік сатып алулар порталына хабарландыру беріледі.

 

Қалалық кіші саябақты дамыту мен

 абаттандыру бойынша ұсыныстар

Новосибирск қаласынан соммасы 29,5 млн тенге құрайтын 3 түрлі монтаждандырылған аттракциондарды құру жоспарлануда. Бірінші кезекте Новосибирск қаласынан соммасы 1,0 млн теңге құрайтын әкелінетін саябақ негізгі кіреберісінде демалыс және серуендеу аумақтарын қалыптастыру қажет. Ұсынылып отырған ойын алаңдары түрлі келушілердің қызығушылығы ескерілетін болады.

Сонымен қатар, саябақ  алаңында көліктер құралдарына қызмет көрсету үшін, (жабдықтандырылған 3 трактор) шамамен соммасы 1,3 млн теңгеге бұрынғы би алаңы қоршауын орналастыру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру  жөніндегі қалалық іс-шаралар жоспарын орындау туралы ақпарат 

         Ағымдағы жылы атылмыш бағдарлама бойынша қалалық бюджеттен жыл басында 2515,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде оқыту курстары мен семинарларға 1670,0 мың теңге, сөздіктер, қазақ тілінде оқулықтар, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламалар сатып алуға 150,0 мың теңге, конкурстар мен сайыстарға мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні тілдерді дамыту мен қолдану іс-шаралар жоспарымен бөлінген қаражаттың 2146,6 мың теңге игерілді.

         Осы жылдың 29 наурыз күні Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасында Павлодар қаласы «Ана тілі» орталығымен «Мемлекеттік тілді оқыту кезіндегі жаңа технологияны қолдану және «Қазтест» жүйесі бойынша оқыту» атты семинар қазақ тілін жетік игермеген және меңгермеген 50 қызметкер үшін өткізілді. 18 мамыр күні №8 ОМ-де «Мемлекеттік тілді оқыту кезіндегі интернет ресурстарын қолдану» жүйесі бойынша оқыту» атты семинар өткізілді.

         2016 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысында (№ 20-5/07-542 хаттамалық шешімі) берілген «2017 жылдан бастап жыл сайын «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуді жүргізу» тапсырмасын орындау мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша 24-28  сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің ұлттық тестілеу орталығымен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 200-ге жуық мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері диагностикалық тестілеуден өтті. 

Бүгінгі күні Ақсу қаласында орыс тілін жетік меңгерген қазақ жастары арасындағы «Тіл – барлық білімнің кілті», қазақ тілін жетік меңгерген орыс жастары арасында «Тіл – халық жанын танудың кілті» өткізілді, наурыз айында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің облыстық конкурсына Хавлакас Азамат қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне Ақсу қаласының жаңадан туындаған 9 көшесіне тарихи тұлғалардың есімдері берілді. Оған қоса, селолық округтерде де бұл бағытта жұмыстар белсендіріліп, 1 ауыл атауы және 32 көше атауы қайта аталды.

    Бүгінгі күні жұмыстар бұл бағытта жалғастырылуда.

Ағымдағы жылғы маусым айында «Тіл керуені» клубымен бірлесіп этноауылдың салтанатты ашылуы болды.

Ағымдағы жылғы маусым-тамыз айларында “Кызмет” ЖК қаланың барлық санаттағы азаматтарына мемлекеттік тілді және ағылшын тілін тегін оқыту жүргізілуде.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 29.08

 


2017-08-29 14:44:21

Сондай-ақ оқыңыз