Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

 “Ақсу қаласының экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімі” ММ-нің 2017 жылғы 7 ай ішіндегі атқарылған жұмыстары туралы есебі 

         Өңірді талдау, болжау және дамыту секторы:

         Ағымдағы жылғы ақпан айында Павлодар облысы әкімімен және Ақсу қаласы әкімі арасында 2017 жылы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша Меморандум жасалған болатын.

         Сонымен, Меморандуммен ағымдағы жылға 24 негізгі нысаналы индикаторлар қарастырылды (өнеркәсіптік өндірістің НКИ - 100%, негізгі капиталға инвестициялар – 112000,0 млн. теңге,өңірге тартылған инвесторлардың саны – 8 бірлік, ауыл шаруашылығының табиғи көлемінің НКИ – 103,8%, қайта өңдеуге енгізілетін нысандар саны – 2 бірлік, СПК құру – 1 бірлік, ауыл шаруашылығы айналымындағы пайдаланылмаған жерлерді тарту – 9,5 га, суармалы телімдерін енгізу – 500 га, құрылыс жұмыстарының НКИ - 109%, бөлшек сауданың НКИ – 112,8%, жалпы көлемде тіркелген ШОК жұмыс істейтін субъектілердің үлесі – 88,2%, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар бойынша іске асырылатын жобалардың саны – 32 бірлік, соның ішінде АПК – 3 бірлік, БЖК – 26 бірлік, ИИДМБ – 3 бірлік, бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсімі – 107,6%, бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы - 100%, коммуналдық меншік нысандарының жалпы көлеміне тіркелген нысандардың үлес салмағы - 100%, МЖӘ шеңберінде жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу – 2 бірлік, құрылатын жұмыс орындарының саны – 1761 бірлік, жалпы көлемдегі тұрақты жұмыс орындарының үлесі - 35%, балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамту - 93%, тұрғын үйлердің пайдалануға енгізілген жалпы алаңы – 22,1 мың ш.м.,жақсы және қанағаттанарлық жағдайда тұрған аудандық маңыздағы жолдардың үлесі – 93,1%, жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыру - 100%, көшеде жасалатын қылмыстардың үлес салмағы – 9,6%, 100 жапа шегушіге ЖКО қайтыс болғандар санын төмендету – 7,7%),  одан ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 6 нысаналы индикатор бойыншақол жеткізілмеу қаупі бар, соның ішінде:

         - негізгі капиталға инвестиция бойынша (112,0 млрд. теңге), 2016 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндіруші кәсіпорынның нақты деректері мен жоспарлы деректері арасында айтарлықтай айырмашылық болғандықтан;

         - тіркелгендердің жалпы көлеміне ШОК жұмыс істейтін субъектілердің үлесі бойынша (88,2%), ағымдағы жылғы 7 ай ішінде үлес 78,6% құрайды. Жұмыс істейтін ШОК үлесінің төмендеуі: маусымдық, жабылу, уақытша жұмысқа қабілетсіздігі, тұрақты кірістің болмау себебі бойынша қызметтерінің тоқтатылуына байланысты;

         - ББЖК-2020 бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыру – 26 жоба. 1 тамызға 11 жоба мақұлданды;

         - бюджетке салық және салық емес төлемдердің өсімі бойынша (107,6%). Ағымдағы жылғы 1 тамызға көрсеткіш 101,9% құрады. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша күтілетін көрсеткіш – 102,6% құрайды, түсімдердің негізгі түрі – ол бюджетке салық түсімдері, онымен Ақсу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жоспардан кем дегенде 3% мөлшерінде өсімді мәлімдейді;

         - бюджеттің шығыс бөлігін орындау бойынша (100%), ағымдағы жылғы 1 тамызға игеру 93,4% құрады, жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алулардың, сондай-ақ секвестрлеуге жатпайтын жалпы сипаттағы трансферттер бойынша қаражат қалдықтары нәтижесі бойынша үнемдеу мүмкін болғандықтан, 2017 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін орындалу – 99,9% құрайды;

         - пайдалануға енгізілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы бойынша (22,1 мың ш.м). Ағымдағы жылғы 7 ай ішінде 1592,1 ш.м. тұрғын алаңды енгізу күтіледі. Индикаторға қол жеткізілмеу қаупі бар. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы бойынша жобаларды іске асыру нәтижелері бойынша тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 18289,66 ш.метр енгізу жоспарланады (Молодежная, 30 – 5138,96 ш.м., Строителей, 40 құрылысын АФЗ жүзеге асырудағы - 5138,96 ш.м. және Строителей, 42 құрылысын ЕЭК жүзеге асырудағы – 5611,74 ш.м, жеке тұрғын үй құрылысы – 2400,0 ш.м.). Ағымдағы жылы сондай-ақ жалпы 5138,96 ш.м. алаңымен Молодежная, 28 көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйді енгізу жоспарланады, бірақ-та ағымдағы жылы жоғарыда тұрған бюджеттен қаражат толық көлемде бөлінбеуіне байланысты үйдің құрылысы 2018 жылы аяқталады. 

         Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Ақсу қаласының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі АДБ) нысаналы индикаторларына қол жеткізу мақсатында Меморандумға енгізілмеген нысаналы индикаторлар бойынша талдау жүргізілді, ол: халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.

         Анықтамалық:

            - жұмыссыз деңгейі бойынша – 5,0%. 2016 жыл ішінде статистикалық деректерге сәйкес жұмыссыздар деңгейі 5% құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу 2018 жылдың басында статистикалық деректерге сәйкес белгілі болады;

            - жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген тұлғалар санынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі - 75%. Ағымдағы жылғы 1 тамызға көрсеткіш 59,5% құрады, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 1496 адам жүгінді, одан 890 адам жұмысқа орналастырылды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу күтіледі;

            - атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан жұмысқа қабілеттілердің үлесі – 0. Ағымдағы жылдың басынан МАӘК белгілеуі үшін азаматтардың өтініші түскен жоқ;

            - арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оны алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санына) - 94%. 2017 жылғы 7 ай ішінде көрсеткіш 90,1% құрады. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу күтіледі.

         Білім саласында 5 нысаналы индикатор бойынша қол жеткізу жоспарланады, одан 1 индикатор бойынша қол жеткізілмеу қаупі бар.

         Анықтамалық:

            - жұмыс істеп тұрған апаттық және үш ауысымдық мектептердің саны – 0. Индикаторға қол жеткізілді.

            - жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылардың үлесі – 70%. 2017 жылғы 1 тамызға түлектердің саны 7826 құрады, одан табысты меңгерген – 5223 немесе 66,7%. ҰБТ жаңа үлгісінен колледждерде емтихан тапсыруға дейінгі оқушылардың жақсы оқығандардың жылыстауына байланысты қол жеткізілмеу қаупі бар;

            - мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы– 92,7%. Бүгінгі таңда мүмкіндіктері шектеулі балалардың барлығы 838, одан оқумен қамтылғандар 806 немесе 96,2%, индикаторға қол жеткізілді;

            - 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 100,0%. Бүгінгі таңда индикаторға қол жеткізілді;

            - мемлекеттік нормативке сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету - 100 %. Бүгінгі таңда индикаторға қол жеткізіл

         Денсаулық сақтау саласында 4 нысаналы индикаторға қол жеткізу қарастырылған, одан 2 индикатор бойынша қол жеткізілмеу қаупі бар:

         - 100 мың бала тірі туылған жағдайға ана өлімін төмендету – 0 %. Қол жеткізілмеу қаупі бар. Ағымдағы жылғы 7 ай ішіндегі көрсеткіш 84,2 құрады, 1 жағдай тіркелген (патолого-анатомиялық диагнозы: сепсис, инфекциялық-токсистік шок);

            - 1000 мың тірі туылғанға нәресте  өлімін төмендету–7,2%. Ағымдағы жылғы 7 ай ішіндегі күтілетін көрсеткіш 3,6% құрайды. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу күтіледі;

            - 100 мың тұрғынға қатерлі ісік ауруларынан өлімді төмендету – 128,0%. 2017 жылғы 7 ай ішіндегі көрсеткіш 105,0% құрады, жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізу күтіледі;

            - 15-49 жас ересек тобында иммун тапшылығының вирусы инфекциясының таралуы - 0,44%. Ағымдағы жылғы 7 ай ішіндегі күтілетін көрсеткіш 0,82% құрады. Көрсеткіштерге қол жеткізбеу қаупі бар.

         Мәдениет саласында 3 нысаналы индикаторға қол жеткізу қарастырылған, жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізу жоспарланады:

         Анықтамалық:

            - мемлекеттік тілді меңгеретін ересек тұрғындардың үлесі – 79%. 2016 жыл ішінде көрсеткіш 77% құрады. Бүгінгі таңда көрсеткіш 77,0% құрады;

            - ағылшын тілін меңгеретін ересек тұрғындардың үлесі – 26%. 2016 жыл ішінде көрсеткіш 21% құрады. Бүгінгі таңда көрсеткіш 22,5% құрады;

            - үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгеретін ересек тұрғындардың үлесі – 22%. Бүгінгі таңда көрсеткіш 9,1% құрады.

            Индикаторларға қол жеткізу мақсатында 2017 жылғы маусым-тамыз айларында мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту бойынша курстар өткізілетін болады. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторларға қол жеткізу күтіледі.

         Дене шынықтыру және спорт саласында2 нысаналы индикаторға қол жеткізу қарастырылған, жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізу жоспарланады:

         Анықтамалық:

            - дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту – 30,2%. Ағымдағы жылғы 7 ай ішінде көрсеткіш 30% құрады, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың жалпы саны 21226 адамды құрады. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторларға қол жеткізу күтіледі.

            - дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданатын 7 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді қамту – 23,4%. Ағымдағы жылғы 7 ай ішінде көрсеткіш 26, 9% құрады, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалардың жалпы саны 2573 құрады. Индикаторға қол жеткізілді.

         Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 7 нысаналы индикаторға қол жеткізу қарастырылған, жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізу жоспарланады:

         Анықтамалық:

            - жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың   үлесі – 93,1%. 2017 жылғы 1 тамызға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың   үлесі – 93,1% (129,5км) құрады немесе индикаторға қол жеткізілді. Индикаторға қол жеткізу мақсатында 38,0 млн. теңге сомағаСарышығанақ ауылына 1,5 км және Айнакөл ауылына 3 шақырым кіреберіс жолдарына орташа жөндеу жүргізілді;

            - жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі – 0. Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер жоқ. Индикаторға қол жеткізілді;

            - күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту – 20%. Бүгінгі таңда үлес 20% құрады. Индикаторға қол жеткізілді;

            - қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу – 87,5%. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 84%құрады. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу күтіледі;

            - қалаларда орталықтандырылған суды бұруға қол жеткізу – 79%. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 77% құрады. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу күтіледі;

            - елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу – 28,1%. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 28% құрады. Жылдың қорытындысы бойынша индикаторға қол жеткізу Евгеньевка ауылында су құбырын салуды аяқтау бойынша 28% күтіледі;

            - елді мекендерде орталықтандырылған суды бұруға қол жеткізу – 22,2%. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 22,2% құрады. Индикаторға қол жеткізілді;

            - жаңғыртылған жылумен жабдықтаудыңжалпы ұзындығы – 0,2 ш. Ағымдағы жылы 0,2 ш. жылу желісін жаңарту “Жылусервис – Ақсу” КМК өз қаражаты есебінен жүргізілетін болады. Жұмыстар жүргізілді, индикаторға қол жеткізілді;

            - жаңғыртылған электрмен жабдықтаудың жалпы ұзындығы – 10 ш. Ағымдағы жылы ПРЭК АҚ өз қаражаты есебінен жұмыстар жүргізілді, 10 ш. электр желілері жөнделді;

            - жылумен жабдықтаудың жалпы ұзындығынан жаңғыртылған желілердің үлесі – 0,3%. 1 тамызға үлес 0,3% құрады (0,2ш/78,8 ш жалпы) немесе индикаторға қол жеткізілді;

            - электрмен жабдықтаудың жалпы ұзындығынан жаңғыртылған желілердің үлесі – 0,2%. 1 тамызға үлес 0,8% құрады (10 ш./1253,4 ш. жалпы) немесе индикаторға қол жеткізілді.

         Ақсу қаласында 3 тірек ауылдық елді мекендер: Евгеньевка ауылы, Қалқаман ауылы және Қызылжар ауылы бар. Тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың Кешендік жоспары ұйымдастырылған іс-шараларды, экономикалық қызметтерді, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды, өткізу нарығына дейін көлік дамытуға және жабдықтауға мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын құру және дамытужолданған іс-шараларды қарастырады.

         Тоқсансайын Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына АДБ сәйкес тірек ауылдық елді мекендердің кешендік жоспарында қарастырылған іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы есеп ұсынылады.

         2017 жылытірек ауылдық елді мекендердің кешендік жоспарында қарастырылған 65 іс-шараны іске асыру жоспарланды. Жалпы 1 870,7 млн. теңге сомаға, одан ағымдағы жылғы 1 тамызға 1 233,5 млн. теңге бөлінді және игерілді. 2017 жылға жоспар бойынша 261 жұмыс орны қарастырылған, одан бүгінгі таңда 198 құрылды. 65 іс-шарадан 1 тамызға 21 іс-шаралар орындалды.

         Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен бірлесіп, тірек ауылдар бойынша Дамытудың кешендік жоспарының 5 бағыты бойынша2014 жылдан 2017 жылға дейін ауылдарды дамыту туралы көрсету материалдарымен іс-шараларды, сондай-ақ ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша орындалмау қаупі бар іс-шараларды қарастыратын брошюра әзірленді.

         Жоспарланған іс-шараларға қол жеткізу мақсатында ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 4 тоқсанда Тірек ауылдардың кешендік жоспарына түзету жүргізу жоспарланады, онда орындалмау қаупі бар 10 іс-шараны басқа іс-шараларға ауыстыру мүмкіндігі бар болады.

         Бірақ-та, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша ауыстыруға мүмкін емес 9 іс-шараның орындалмау қаупі бар, ол іс-шаралар “Алтын асық”, “Сыбаға”, “Құлан” бағдарламалары бойынша, пайыздық мөлшерлеме 7%-дан 14% дейін көтерілуіне байланысты, кредит алушы үміткерлер жоқ.

         2017 жылдың соңында тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешендік жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

         2017 жылдың бірінші жартыжылдығында: экономика, сумен жабдықтау, демография және жұмыспен қамту, жолдар, денсаулық сақтау, жер ресурстары, мәдениет және спорт, білім беру, байланыс, электрмен жабдықтау, экология сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша ауылдардың экономикалық әлеуетін анықтау үшін, 2016 жылдың қорытындысы бойынша 32 ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамытудың мониторингі өткізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша ағымдағы жылы тағы бір ауыл – Үштерек, дамытудың жоғары әлеуметімен ауыл ретінде анықталды. Қорытындысында бүгінгі таңда 32 ауылдан 30 ауыл орташа әлеует және 2 ауыл жоғары әлеует ол Евгеньевка ауылы және Үштерек ауылы бар.

         Ақсу қаласы әкімімен бекітілген жобалардың тізімі бойынша, “Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау” басымдығы бойынша Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы шеңберінде айсайынғы есеп қалыптастырылды.

         Осы бағытта ағымдағы жылы жалпы 22,2 млн. теңге сомаға 10 іс-шараны іске асыру қарастырылды, одан 1 тамызға 3,6 млн. теңге сомаға 1 іс-шара орындалды (М. Омаров атындағы с/о Құркөл ауылында және Путь-Ильича ауылының Даңқ ескерткішін ағымдағы жөндеу), қалған 9 іс-шара ағымдағы жылғы қыркүйектің соңына дейін орындалатын болады.

         Селолық округтердің орталықтарын дамытудың Облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша монитроинг өткізілді және тоқсансайынғы есебі қалыптастырылды. 28 іс-шарадан ағымдағы жылғы 1 тамызға 9 іс-шара орындалды, жылдың қорытындысы бойынша “Алтын асық”, “Сыбаға”, “Құлан” бағдарламалары бойынша 3 іс-шаралардың орындалмау қаупі бар.

         2017 жылы білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 12 бюджеттік кредит төлеуге40,8 млн. теңге қарастырылды. Бюджеттік кредит беруге құжаттарды қабылдау 2017 жылғы 1 наурыздан басталды. Наурыз айынан бюджеттік кредит алуға мамандармен барлығы 21 өтініш түсті, одан 12 өтініш оң қарастырылды, бюджеттік қаражаттың тапшылығына байланысты 6 бас тартылды, әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидасына сәйкеспеуіне байланысты 3 бас тартылды.

         Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 5 маманға бюджеттік кредит төлеуге 16,3 млн. теңге сомада қосымша қаржыландыру қажеттілігі туралы хат жолданды.

         Ағымдағы жылдың басынан қаржыландыру жоспарына сәйкес, 4 бюджеттік кредит төленді, қалған 5 рәсімдеу сатысында тұр және 3 бюджеттік кредит ағымдағы жылғы тамыздан қазанға дейінгі кезеңде берілетін болады.

         15 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге ағымдағы жылы 2,4 млн. теңге қарастырылды. Көтерме жәрдемақы беруге құжаттарды қабылдау 1 тамыздың басында басталды, бүгінгі таңда 7 өтініш берілді, олар қарастырылуда.

         Бюджеттік жоспарлау секторы:

         2017 жылғы 7 ай ішінде Ақсу қаласы бюджетін 2 нақтылау және 4 түзету жүргізілді. Нақтылау және түзету деректерінің нәтижесінде 87,0 млн. теңге сомасында бұдан бұрын бөлінген бюджеттік ақшалай қаражатты қайта бөлінді, ол ағымдағы жылғы 1 тамызға қала бюджетінің түзетілген көлемінен 0,6 % құрайды. Қаражатты қайта бөлудің негізгі сомасы “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ бағдарламаларына келеді. Қаражатты қайта бөлу көлемі бюджеттік қаражатты жоспарлау бөлігінің тиімділігін бағалауға әсер ететінін айта кету керек. Бекітілген бюджетпен салыстырғанда жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің сомасы 695,8 млн. теңгеге ұлғайды.

         Қағидаға сәйкес 2018-2020 жылдарға арналған шығыстардың лимиті әзірленді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жолданды.

         Бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша әзірленген қорытынды негізінде жеткізілген лимиттер бойынша 2018-2020 жылдарға бюджеттік өтінімдерді жинау жүзеге асырылды.

         Айта кетерлігі, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен жүйелі түрде ҚР Бюджет кодексінің бюджеттік өтінімдерді құрастыру және ұсыну бөлігінің 66-бабы 2-тармағының, 67-бабы 6-тармағының орындалуы қадағаланбайды. 2018-2020 жылдарға бюджеттік өтінімдер барлық әкімшілермен мерзімін бұзумен ұсынылды (НПА сәйкес бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімі ағымдағы жылғы 15 мамыр), және Евгеньевка селолық округі әкімінің аппаратымен 2018-2020 жылдарға бюджеттік өтінімқазіргі уақытқа дейін ұсынылған жоқ.

         Бюджетті кезекті нақтылауға бюджеттік өтінімдер уақытылы, сапаға сайұсынылмайды, нақтылайтын құжаттары және қосымшалары жоқ.

         Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары келісу үшін нормативтік-құқықтық базада көрсетілген мерзімінен кешіктіріліп ұсынылады (НПА сәйкес бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту мерзімі – бюджетті нақтылаған және түзеткеннен кейін 10 жұмыс күн ішінде). Соңғы нәтижелердің көрсеткіші болып табылатын іс-шараларды аяқтау мерзімі дұрыс анықталмайды.

         Соған байланысты, қала әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалау блогының бірі бюджеттік бағдарламалардың мақсатына және көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады. Тікелей және соңғы нәтижелерді жоспарлау бөлігіндегі бюджеттік бағдарламалардың Паспорттарын сапасыз толтыру, сондай-ақ оларды жоғары тұрған басқармаға келісу үшін уақытылы ұсынбау Ақсу қаласы әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалаудың төмендеу мүмкіндігін ұлғайтады.

         Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына мерзімдерге сәйкес жартыжылдық, тоқсансайынғы және айсайынғы есептер ұсынылды.

         Сондай-ақ, 2017 жылғы тамызда қала бюджетінің кезекті нақтылауын өткізу жоспарланады. Қазіргі сәтте Ақсу қалалық мәслихатының шешім жобасы әзірленді және Электрондық үкімет порталында орналастырылды.

         Жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке бюджеті және коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау үшін Ақсу қаласы бойынша кірістер басқармасымен, селолық округтермен және “Ақсу қаласының қаржы бөлімі” ММ-мен жұмыстар жалғасуда. Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жергілікті өзін-өзі басқарудың2015-2016 жылдар ішіндегі кірістердің нақты түсімдері мен 2017 жылғы жоспары және селолық округтердің қимасында 2018 жылға болжамы бойынша ақпарат ұсынылды. Салыстыруды жүзеге асыру үшін селолық округтерге салық төлеушілердің тізімі жолданды.

         2018 жылға селолық округтердің бюджеттерінің болжанатын сомасы селолық округ әкімдерінің аппараттарына дейін жеткізілді.

         Жоғарыда аталған Іс-шаралар жоспарының 24-тармағына сәйкес, селолық округтердің әкімдері ағымдағы жылғы 1 қыркүйекке дейін жергілікті қоғаммен бюджеттердің жобаларын келісулері қажет. Бірақ-та, бүгінгі таңда, осы тармақты орындау бойынша алдын ала жұмыстар туралы ақпарат селолық округтермен ұсынылған жоқ.

         Бүгінгі таңда Павлодар облысы әкімінің алдында ағымдағы шығыстарды және қосымша қажеттіліктерді қорғау үшін 2018 жылға арналған қала бюджетінің жобасы әзірленді.

         МЖӘ жобаларын жылжыту бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен әзірлеушіден бастап салалық басқармаға дейін кеңестік көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

 

 

 

2017 ж 28.08


2017-08-28 17:15:38

Сондай-ақ оқыңыз