Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының қаржы бөлімі

2017 жылғы 7 ай ішіндегі жұмысы туралы есебі

“Ақсу қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзінің құзіреті шегінде қалалық бюджеттің атқарылуы, бюджеттік есепті және есеп берушілікті жүргізу, қаланың коммуналдық меншігін басқаруды және мемлекеттік сатып алу мониторингі бойынша үдеріс қызметін жүзеге асырады.

    2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақсу қаласы бюджетінің кіріс бөлігін атқару жоспарда 8 513,4 млн. теңге болғанда, 100,4 % немесе 8 546,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде:

1) жоғары тұрған бюджеттен трансферттер мен несиелер бойынша түсімдер 4 890,0 млн. теңге болғанда, 100 % немесе 4890,0 млн. теңге;

2) жергілікті бюджеттен кірістер3 616,6 млн. теңге болғанда, 100,8 % немесе 3 645,5 млн. теңге;

3) өзге түсімдер 6,8 млн. теңге болғанда, 166,2 % немесе 11,3 млн. теңге.

2017 жылғы 1 тамызға бюджеттің шығыс бөлігі жоспарда 8 615,8 млн. теңге болғанда, 93,4 % немесе 8 048,3 млн. теңгеге атқарылды.

Бюджеттік қаражатты игермеу 567,5 млн. теңге сомасында қалыптасты.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу веб-порталында Ақсу қаласының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен тапсырыс берушілері 2017 жылға арналған тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарларын уақытында орналастыруына бақылау жүргізіледі.

         Болмаған мемлекеттік сатып алулар бойынша күн сайын мониторинг жүргізіледі.

         Тауарлар, жұмыстар және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырғанда және өткізгенде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әдістемелік көмек көрсетіледі.

         Жекешелендірудің кешенді жоспарларының шегінде “Ақсу қаласының “Достық” стадионы” МКҚК және “Ақсу-Коммунсервис” ЖШС іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (Жол картасы) дайындалды.

         “Ақсу-Коммунсервис” ЖШС бойынша:

         Қазіргі уақытта Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жарғы капиталдан активтерді шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

         Одан басқа, ағымдағы жылғы 3 шілдеде қаржы бөлімі объектіні бағалау бойынша мемлекеттік сатып алуды жариялады. Бүгінгі күнге өтінімдерді қарау жүріп жатыр, қорытындыларын шығарудың жоспарланған мерзімі  2017 жылғы 10 тамыз.

         “Ақсу қаласының “Достық” стадионы” МКҚК бойынша:

         2017 жылғы 18 шілдеде № 54 заңды тұлғаны тарату туралы басылым жарияланды (ҚР АК 50-бабының 3-тармағына сәйкес талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауы тиіс). Одан кейін қолданыстағы заңнама шеңберінде аталған кәсіпорында тарату ресімі өткізілетін болады.

         Коммуналдық меншікті тиімді пайдалану мақсатында, қаржы бөлімі мемлекеттік органдардың және ведомствоның қарамағындағы коммуналдық заңды тұлғалардың баланстарында тұрған жылжымайтын коммуналдық мүлікке түгендеу өткізіп жатыр.

         Өткізілген түгендеудің нәтижесінде жалпы алаңы 1336,2 шаршы метр, құқық орнатушы және сәйкестендіруші құжаттарысыз 5 пайдаланылмайтын бос үй-жай анықталды.

         Аталған объектілер бойынша мынадай жұмыс атқарылды:

         - Қалқаман селолық округі, Қалқаман ауылы, Кутузов көшесі, 1/1 бойынша орналасқан, жалпы алаңы 609,5 шаршы метр бұрынғы спорт залының ғимараты.

         Қазіргі уақытта “Ақсу қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі” ММ аталған объектіні “Қалқаман селолық округі әкімінің аппараты” ММ балансына табыстау жөніндегі қаулы жобасын дайындады және ол қала әкімдігінде келісуде жатыр. Қабылдау-табыстау актісіне қол қойғаннан кейін объект мүліктік жалдауға берілетін болады.

         - Алғабас селолық округі, Айнакөл ауылы, Строителей көшесі, 13А бойынша орналасқан, жалпы алаңы 188,5 шаршы метр тұрғын емес ғимарат(бұрынғы монша).

         - Достық селолық округі, Достық ауылы, 6 Линия көшесі, 1А бойынша орналасқан, жалпы алаңы 255,2 шаршы метр өрт сөндіру депосы.

         - Достық селолық округі, Парамоновка ауылы, Крестьянская көшесі, 17/1 бойынша орналасқан, жалпы алаңы 243,2 шаршы метр тұрғын емес ғимарат (бұрынғы өрт сөндіру депосы).

         2017 жылғы 3 шілдеде қаржы бөлімі аталған объектіні бағалау бойынша мемлекеттік сатып алу жарияланды, қорытындылары 2017 жылғы 16 тамызда жасалатын болады.

         Одан кейін қолданыстағы заңнама шегінде объектіні кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға табыстау бойынша тендер өткізілетін болады.

         - Достық селолық округі, Парамоновка ауылы, Крестьянская көшесі, 17/2 бойынша орналасқан, жалпы алаңы 30 шаршы метр қазандық.

         Аталған объектіге ағымдағы жылғы 27 маусымдағы бұзу туралы қорытынды бар, ол әділет органдарында 2017 жылғы 1 шілдеде тіркелді.

         Қорытындының негізінде жоғарыда көрсетілген объект мемлекеттік коммуналдық мүлік тізілімінен шығарылды және алынды.

         49 объект тексерілді, ЖМММҚ базасына енгізілді және “иесіз” мүлік ретінде есепке қойылды:

         - электр желілері – 43 объект;

         - жылу желілері – 2 объект;

         - су желілері – 1 объект;

         - өзгелері – 3 объект (шамамен 300 м. Ақсу кентіндегі дамба, 2,6 км Үштерек ауылынан Евгеньевка ауылына дейін автомобиль жолы; шамамен 10 км Путь Ильича ауылындағы жазғы су құбыры).

         Жол карталары дайындалды:

         - Қалқаман ауылы, Степная көшесі, 2, 3, 4, 5 көп пәтерлі тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша;

         - Ақсу қаласы коммуналдық меншігінің 5 бос объектілері бойынша;

         - ШЖҚ “Ақсу су арнасы” КМК шығынсыз қызметке шығару бойынша, 2016 жылдың қорытындылары бойынша шығынға ұшыраған кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша.

         Сыйға тарту шарты бойынша өтеусіз 2 объект қабылданды, атап айтқанда:

         - “Уштерек и К” ЖШС коммуналдық меншікке Ақсу қаласы, Евгеньевка селолық округі, Үштерек ауылы, Ленин көшесі, 23, 1-корпус мекенжайы бойынша орналасқан әкімшілік ғимарат;

         - Избасар Каймулдинович Усиновтен Ақсу қаласы, Евгеньевка селолық округі, Евгеньевка ауылы, Мир көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараты.

         2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүліктік жалдаудың 25 шарты және тұрғын емес үй-жайларды өтеусіз пайдалануға 53 шарт жасалды.

         Мүліктің мемлекеттік тізілімі базасына 25 мүліктік жалдау шарты енгізілді.

         Ағымдағы жылғы ақпан айында коммуналдық меншік объектісіне (ұзындығы 3,2 км электрмен қамтамасыз ету желілері және маркасы КТПБ-3200-6/0,4 трансформаторлық блок-модуль кіші станциясы) “Производственная торгово-строительная фирма “ДАНиЕР” ЖШС сенімгерлік басқару шарты жасалды.

         Ағымдағы жылғы сәуір айында Ақсу қаласының коммуналдық меншігінде тұрған 38 лифтті кейін сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға табыстау бойынша тендер өткізілді. Тендердің жеңімпазы “Иртыш-Лифт” ЖШС болып табылады.

         Сонымен қатар, қаржы бөлімікоммуналдық меншікте тұрған келесі объектілерді сату бойынша тендер өткізді, атап айтқанда:

         - ұзындығы 1977,4 м., бастапқы құны 2,7 млн. теңге М. Омаров ауылының жазғы су құбыры, тендер 2017 жылғы 17 мамырда өтті, жеңімпаз “Ақжол-Агро” ШҚ 3 610,0 млн. теңгеге сатылды;

         - ВАЗ 2106 автокөлігі, аукцион 2017 жылғы 15 маусымда өтті, жеңімпаз К.А. Тукубаевқа 0,1 млн. теңгеге сатылды.

         Одан басқа, “Ақсу қаласының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі” ММ қаржы бөлімінің балансына 413 мемлекеттік пәтер және 1 МЖД табыстады.

         Қазіргі уақытта қаржы бөлімі мынадай жұмыс атқарып жатыр:

         - Ақсу қаласының тұрғын үй қорын түгендеу;

         - тұрғын үйді жалдау шарттарын қайта жасау;

         - тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын жасау;

         - мемлекеттік пәтерлерде заңсыз тұрып жатқан тұлғаларды анықтау.

         Ақсу қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 214/5 қаулысымен Парамоновка суару алқабы (№ 1 сорғы станциясы, № 1, 2 шаруашылық аралық канал, канал арқылы ковш; аванкамера; су жібергіш құрылғы) Ақсу қаласының коммуналдық меншігінен кейін республикалық меншікке табыстаумен облыстық коммуналдық меншікке табысталды. Қазіргі уақытта мүлікті қабылдау-табыстау актісі “КазВодХоз” РМК келісуде жатыр.

         Сондай-ақ, қаржы бөлімі табыстау бойынша мынадай жұмыстар жүргізіліп жатыр:

         - Ақсу қаласындағы дамба Ақсу қаласының коммуналдық меншігінен кейін республикалық меншікке табыстауменоблыстық коммуналдық меншікке;

         - “Ақсу қаласының ақпараттық орталығы” ЖШС Ақсу қаласының коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж18.08


2017-08-23 14:54:08

Сондай-ақ оқыңыз