Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Ақсу қаласында «ZeroTolerance» мобильдік қосымша енгізу жоспарлануда, ол азаматтарға смартфон арқылы әртүрлі құқық бұзушылықтар және басқа да толғандыратын мәселелер туралы хабарландыру (фото-бейне) жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде адамдар бұзушылықтарды жаза отырып, ол туралы хабарлап қана қоймайды, өздерін де тәртіпке үйретеді. Осы қосымшаны енгізуді қолдайсыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

 2017 жылғы 7 айға атқарылған жұмыс туралы есебі

 азаматтық хал актілерін тіркеу саласында мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

  1. Тууды мемлекеттік тіркеу;
  2. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу;
  3. Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу;
  4. Неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу;
  5. Ұлы (қыз) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу;
  6. Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу;
  7. Есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу;
  8. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді мемлекеттік тіркеу;
  9. Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруді мемлекеттік тіркеу;
  10. Азаматтық хал актілері жазбаларын жоюды мемлекеттік тіркеу;
  11. Қазақстан Республикасы аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазулары көшірмелері мен қайталама куәліктер немесе анықтамалар беруді мемлекеттік тіркеу.

 

Бөлім электронды түрде 9 (тоғыз) және баламалы түрде 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді (оның ішінде шет елдермен). Сонымен қатар Павлодар облысының өңірі, Қазақстан, шет елдер бойынша күн сайын шамамен 30-дан астам сұрау салуды жолдап, қабылдаймыз.

Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 2017 жылдың 7 айында 1693 ( бір мың алтыжүз тоқсан үш) мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

Туу туралы акт жазбалары –618;

Қайтыс болу туралы акт жазбалары –445;

Неке қию акт жазбалары – 273;

Некені бұзу акт жазбалары – 194;

Ұл (қыз) бала асырап алу туралы акт жазбалары –9;

Әке болуды анықтау акт жазбалары – 130;

Есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыру туралы акт жазбалары –24;

Қайталама кәулік және анықтама беру туралы акт жазбалары –940.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 822 сұрау салу орындалды.

Қазіргі уақытта бөлімде 75 (жетпіс бес) жыл тұрақты сақтау мерзімімен 203481 (екі жүз мың төрт жүз сексен бір) актілік жазбалар бар.

Бөлім есеп беру кезеңінде мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер стандарты мен регламенттері талаптарының бұзушылығын жіберген жоқ.

Бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бөлім басшысы түрлі мәселелер бойынша азаматтардың жеке қабылдауын күн сайын жүргізеді.

 

 

 

 

2017 ж 08.02


2017-08-04 14:48:40

Сондай-ақ оқыңыз