Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысы Ақсу қаласы бойынша «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде АҚПАРАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ақсу өңірінде келесі іс-шаралар өткізілді:

         Әзірленген тұжырымдамаға сәйкес қала әкімімен бекітілген іс-шаралар жоспары  құралып желілік кесте әзірленді. Аталмыш жоспар әр түрлі мақсатты топтарға арналған түрлі форматтағы іс-шараларды құрайды.

2017 жылдың 17 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша қалалық алқа жиналыстары өтті.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан қазан айы аралық кезеңде  Ақсу өңірінде 115 мыңнан астам адамды қамтыған 235 –тен астам іс-шаралар өткізілді.

Өңірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс 6 бағытта жүргізілді:

 - «Туған жер»;

- «Қазақстанның рухани байлығы»;

- «Қазақ тілінен латын әліпбиіне ауысуы»;

- «Жаһандық әлемдегі Қазақстанның заманауи мәдениеті»

- «Қазақстаннын 100 жаңа есімі»

- «Гуманитарлық жаңа білім. Қазақ тілінде 100 жаңа кітап».

  1. 1.      «Туған жер» арнайы жоба аясында:

 

«Туған жер» бағдарламасы Отанға деген ұтымды және эмоционалды қатынасты біріктіруге шақырады. Отанға, оның мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына және дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігімен көрсетілген патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізі болып табылады.

Аталмыш бағдарлама 4 кіші бағдарлама арқылы жүзеге асады: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны». Осы кіші бағдарламалар аясында бізде, Павлодар облысының киелі орындарына бару арқылы ақпараттық қолдау көрсету мақсатында келесі ірі жобалар  әзірледі: «Туған жерім – Ақсу», «Жас ұрпақ», «Жасыл ел - Атамекен», «Тіл Керуені», «Ақсуbook», «Мәдени тәрбие», «Мәңгілік ел», «Жомарт жүрек», «Культурный меридиан».

 «Тәрбие және білім» кіші бағдарлама аясында,  «Өлкетану» базалық жобасын жүзеге асыру жүргізіліп жатыр. Ақсу өңірінің барлық білім орындарында өз мәдениетін және ұлттық мәдени-генетикалық кодексін сақтау мәселелеріндегі балалардың рухани құндылығы мен практикалық бағдарларына үлес қосу  мақсатында өлкетану үйірмелері ашылып, іс-шаралар әзірленген.

Білім басқармасының жүзеге асырудағы «Тарих толқынында» жобасы шеңберінде, Ақсу қаласының және ауылдық округтердің 11 мектебінде мектеп мұражайы ашылды, қалған 13 мектепте мектеп және сынып бұрыштары ашылған.

2017 жылдың 25 мамырда бастау алған  «Мектебіме тағзым» акциясы аясында, 15 қарашадағы жағдай бойынша 89 бітіруші түлектерге қайырымдылық көмек көрсетілді, Ақсу өңірінің 22 мектебіне 10 612 210 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

 «Ақсуbook» жобасына сәйкес білім беру мекемелерінде «Читающая нация» іс-шарасы орын алды, сонымен қатар мобильді кітап көрмесі ұйымдастырылды

31 мамырда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаланың жастарын шоғырландыру , ынтымақтастықтың жаңа нысандарын іздестіру, қаладағы ең маңызды рухани, моральдық және әлеуметтік құндылықтар ретінде азаматтықты, патриотизмді дамыту мақсатында «Біріккен жастар - Біріккен Қазақстан» форумы өтті.

1 маусымда «На парусах мечты летит планета Детство» бенефис-мерекесі өтті.

4 маусымда Ақсу қаласының ауылдық аймақтарында Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналған «Менің Туым! Менің Елтанбам! Менің әнураным!»  флешмоб акциясы өтті.

 

14 қазанда  барлық білім беру мекемелерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірыңғай сабақтары өтті.

 

27 қазаннан 31 қазан аралығында өзге ұлт оқушыларынан құралған 1-11 аралығында барлық мектеп оқушылары «Ұлы дала поэзиясы» облыстық эстафетаға қатысты.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында:

26 сәуірде қалалық орталықтандырылған кітапханада «Деятельность политических партий «Алаш» в начале 20 века» атты тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.

27 сәуірде ҮЕҰ, этномәдени бірлестік өкілдерінің, қалалық Құрметті азаматтардың, студент жастардың қатысуымен «Живем в семье единой» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

3 мамырда туған жердің мәдениетін, тарихын және дәстүрін құрметтеуге тұрғындардың ой –санасын ояту мақсатында «Мың бала» қалалық сайысы өтті.

22 маусымда қалалық саябақта «Тіл керуені» жобасын жүзеге асыру шеңберінде этноауылдың салтанатты ашылуы өтті.Жобаның мақсаты жастар және тұрғындар арасында қазақ халқының әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, мемлекеттік тілін насихаттау болды, сонымен қатар қазақ тілін үйренем деген тұлғаларға сабақ жүргізілді.

4 қазанда Павлодар облысының 80-жылдығына және Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының 75-жылдығына арналып «Павлодарское Прииртыше в потоке историй» жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті.

«Атамекен» кіші бағдарлама аясында:

Ақсу өңірінде «Жасыл ел - Атамекен» жобасы жүзеге асырылады. Жазғы кезеңде Ақсу қаласында «Жасыл ел» жобасы бойынша 7 жұмыс жасағы қызмет атқарды. , бірлік жұмыс істеді . 3 миллион 815 мың теңге көлеміндегі сома бөлініп, қаланы көгалдандыру және абаттандыру бойынша студенттер мен жоғарғы сынып оқушылары қызмет атқарды.

«Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық жобасын жүзеге асыру аясында, өңірдің нақты қажеттіліктерін анықтауға және азаматтық бастамаларды ынталандыруға, қаладағы шаруа қожалықтарын, кәсіпкерлерді, ірі шаруа қожалықтары басшыларын кең ауқымды әлеуметтік жобаларға тарту, әлеуметтік және қайырымдылық іс-шараларға белсенді тарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

2. «Қазақстанның рухани байлығы» арнайы бағдарлама аясында:

 

Жоба ұлттық сипатқа ие еліміздің рухани жағдайларға бағытталған.

Ақсу қаласының «Қазақстанның қасиетті географиясы» картасын құру үшін Ақсу өңірінің 3 тарихи-мәдени оъектілерден құралған тізім ішкі саясат басқармасына жіберілді. Оның бірі «Қазанғап бидің зираты» (Жолқұдық ауылы).

 

- ағымдағы жылдың 8 қыркүйекте Қызылжар ауылдық округінің Сарышығанақ ауылында журналист А. Молдаш Ақсу орталық мешітінің өкілдерімен және ауыл тұрғындарымен бірлесіп Тастеке әулиенің жерленген орнына барып тастан қашалған ескерткіш орнатты, сонымен қатар ас берілді;

- қыркүйек айында Павлодар облысының қасиетті жерлерін аралау айлығы шеңберінде, Ақсу қаласының білім мекемелерінің жас өлкетанушылары Баянауыл ауылындағы Сарыадыр бұлағына барып қайтты. Сонымен қатар 22-24 қыркүйек аралығында Баянауыл ауданының қасиетті орындарын аралау бойынша турга Ақсу қаласының журналистері ат салысып қатысты.

 

3. «Қазақ тілінен латын әліпбиіне ауысуы» арнайы жобасы аясында:

 

         Латын жазуына көшу Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктерін, қазіргі заманғы технологиялық ортаны және заманауи әлемдегі коммуникацияның, XXI ғасырдағы ғылыми және оқу үдерісі үшін маңызы бар ерекшеліктерін көрсетеді.       

         Ағымдағы жылдың 2 қазанда Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасында  латын жазуына ауысу бойынша тыңдалым өтті. Іс-шараға қатысушылар жалпы мемлекеттік тілдің латын жазуына көшу маңыздылығы мен рөлін талқылады.

         Ағымдағы жылдың 11 қазанда орыс тілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттау аясында тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар Комитетінің өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның болашағы– қазақ тіліде» атты дөңгелек үстел өткізді.

Сонымен қатар, барлық білім беру мекемелерінде латын графикасына өту мәселесі жөнінде дөңгелек үстелдер, сынып сағаттары өткізілді. Әрбір өткізілген іс-шара кең ауқымда БАҚ беттеріне жарияланып отырды.

 

4. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы бағдарлама аясында:

 

«100 жаңа есім» жобасы жаңа ұрпақтың жекелігіне бағытталған. Аиалмыш жоба қазақстанға әр саладағы түрлі жас ерекшелігіндегі адамдарды айқындайды, себебі қарапайым адамдарға көмек қолын созып, қайырымдылық шараларымен айналықан тұлғалар.

-  - әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінде, еңбек ұжымдарында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлерді іріктеу бойынша пікірталас өткізілді;

-   Павлодар облысының ішкі саясат басқармасына 30 кандидатура тізімі әзірленіп жіберілді.

-  «El.kz» ресми порталына й100 жаңа есім» айдарында Ақсу қаласынан 14 кандидатура тіркеліп орналастырылған.

-  2017 жылдың 18 қазаннан 10 қараша аралығында 100esim.el.kz  сайтында кандидатураларды жалпы халық болып сайлау бастау алды, республикалық дауыс беру кезеңіне Ақсу өңірінен 3 кандидатура қатысты.

Бухара Тишханбай – Павлодар облысы Ақсу қаласының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны (Парамоновка ауылындағы өртке оранған үйдің ішінен 2 адамды құтқарып өрт ортасынан алып шыққан).

Дәулет Мұхамедсалықов – Павлодар облысы Ақсу қаласының ішкі істер бөлімінің жол-патруль қызметінің қызметкері, полиция старшинасы (5 метр тереңдікті құдықтан 8 жастағы баланы құтқарған).

Максим Александрович Споткай – жастар көшбасшысы, Павлодар облысы бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан кәсіподақ федерациясының Жастар Кеңесінің төрағасы.

Ақсу қаласының ішкі саясат бөлімімен  Ақсу өңірінің кандидаттарында дауыс берілуіне күнделікті мониторинг жүргізіліп отырды.

«Ақсу жолы» және «Новый путь» қалалық газеттерінде «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы үшін ұсынызтарды іздеу және жинау бойынша жарнамалар жарияланған. Сонымен қатар аталмыш жоба туралы ақпарат Facebook, Аксу-шанырагы,Instagram әлеуметтік желілерінде орнатылған.

 

5. «Жаһандық әлемде қазақстанның заманауи мәдениеті» бағыты бойынша

 

Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең сыртқы саяси бастамалармен байланысты брендтерді емес, жетістіктер мен қазақстандық мәдениеттің үздік үлгілерін позициялау жолымен елдің танылу деңгейін кеңейтуді көздейді.

 

Қазақстанның мәдениетін насихаттау мақсатында, 11 миллион теңге көлемінде қалалық бюджеттен қаржыландырылып ағымдағы жылдың маусым айында «Айгөлек» және «Русские узоры» балалар би ансамблдері Ресей елінің Сочи және Казань қалаларында өткен халықаралық фестиваль-конкурске қатысып, Гран-При иегери атанып қайтты.

Республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, интернет-ресурстары арқылы, әлеуметтік жарнамалар объектілері арқылы, ақпараттық стендтер арқылы бағдарламалық мақалаларды насихаттау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең ауқымда жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылдың 15 қарашадағы жағдай бойынша Ақсу қаласында әлеуметтік жарнаманың 10 объектісі орнатылды. 3 билборд – қаланың кіре берісінде және шыға берісінде, 3 билборд – қаланың орталық көшелерінде (Әуезов көшесі, Ленина көшесі және Пушкина-М. Мәметова көшелерінің қиылысында), 1 брандмауэр(Әуезова көшесі 55) , 3 төсем – «ЕЭК» АҚ жанындағы су құбырының аркасы бойында орнатылған.

36 білім беру мекемелерінде бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстарын қалыптастыру үшін медиацентрлер, медиаүйірмелердің ашылуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар сыртқы жарнамалық өнімдерді ортану жұмыстары қарқынды дамуда. Әрбір мектептің тарих кабинеттерінде, мектеп фойесінде, кітапханаларда баннерлер, стендтер, тақырыптық бұрыштамалыр орнатылған.

«Ақсу жолы» және «Новый путь» қалалық газеттерінің беттерінде 130 астам мақалар жарияланған «Рухани жаңғыру» тақырыптық айдары ашық, сонымен қатар радиожаңалықтар топтамасына 38 жаңалық жарық көрді.

Республикалық және облыстық телеарналарына 25 сюжет жарык көрді.

Бағдарламаны жетілдіру мақсатында әлеуметтік желілерде #руханижаңғырупавлодар, #руханижангырупавлодар хэштегтері бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы айтқанда, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жылдан бері 67 млн 660310 теңге сомасында қаражат жұмсалды, сонымен қатар демеушілік қаражат 36 млн 165210 теңгені құрады.

Ақсу аумағында өткізілген іс-шаралар сараптамасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламаларының орындалуы бойынша жұмыстар мемлекеттік және азаматтық секторларды қамтығанда, жалпы барлық сала тартылды. Басым көпшілік іс-шаралар «Туған жер» арнайы жобасы аясында өтуде. Бұл мәселе «Туған жер» жобасының «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен»,«Ақпарат толқыны» атты кіші бағдарламалар жобаларының қамтуы.

         Бағдарламалардың мақсаттыр мен міндеттеріне сәйкес өткізілетін іс-шаралар мәселелері қала әкімі орынбасарының жеке бақылауыда.

        

         2018 жылда Ақсу өңірі бойынша жобалар саны 13 құрады.

 «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде:

өңірдің білім бөлімдері «Мектебіме тағзым», «Асық ойнайық», «Тарих толқынында», «Ұлы дала поэзиясы» атты облыстық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып қатысады. Сонымен қатар қалалық білім бөлімімен 3 аудандық жоба әзірленген:

«Тоғызқұмалақ» жобасы – «Өрле,Қазақстан!» қалалық сайысын өткізу. Осындай іс-шаралар нәтижесінде өңірдік мектеп оқушыларында ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтары артады, бұл ұлтымыздың құңдылықтарын сақтауда үлкен рөл атқарады.

Жобаның мақсаты – Ақсу қаласының және ауылдық округтердің оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша аудандық лига өткізу, сонымен қатар көптеген мектептерде «Тоғызқұмалақ» секциялары ашылған.

Индикаторлар: аталмыш үйірмелерге қатысушылар санын 2192 адамнан 2020 жылға дейін 3500 адамға дейін арттыру.

 «Достық шеберханасы» жобасы – «Шеберлер қаласы» қалалық іс-шарасы (Ақсу қаласының және ауылдық округ мектері оқушыларының сәндік-қоданбалық және музыкалық шығармашылығы бойынша). Бұл жоба 3 кезеңнен қамтылған.

Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақты Отанына деген махаббатқа, патриотизмге және ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарға тәрбиелеу, талантты балаларды, балалар шығармашылығын дамыту және жаңғырту.

Индикаторлар: жобаға қатысушылар санын 9648 адамнан 2020 жылға дейін 9850 қатысушыға арттыру.

«ЭКОАЛЕМ» жобасы – ауқымды іс-шаралар мен акциялар өткізу: «Экоселфи» - акциясы Ертіс өзенінің тазалау бойынша; «Экологический серпантин»- станционды квест-ойыны; «Золотая миля»- интеллектуальды станциялармен марафон; «Счастливый путешественник»- туристік, экскурсиялық түрде; «Зоопати»- сүйкімді үй жауанрларының мега-фестивалі

Жобаның мақсаты – оқушыларды өз туған жеріне, мектебіне деген махаббатынқа тәрбиелеу, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу, экологиялық-танымдық қызығушылықтарын арттыру және денсаулықтарын нығайтуға дағдыландыру.

Индикаторлар: қоршаған ортаны қорғау және жергілікті туризм қызметіне қамтылған оқушылардың санын 1400-ден 2020 жылға дейін 5000-ға жеткізу.

 

«СПОРТ – БАРЛЫҒЫ ҮШІН» жобасы- проведение таких мероприятий «Спорт в каждый двор», «Знак равенства», «Сұңқар» спорттық фестивалін т.б. іс-шараларын өткізу (қаржыландыру сомасы  2,5 млн.теңгені қамтиды).

Жобаның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, халықтың әртүрлі жас топтары үшін бос уақыттарын өткізу шараларын қалыптастыру, ұлттық спорт түрлерін  Қазақстанның ең бай тарихи мұрасы ретінде насихаттау және жаңғырту, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі  адамдар үшін спортқа кедергі келтіретін жағдайлармен кең ауқымда күресу.

Индикаторлар: 2019 жылға дейін Ақсу қаласында ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтар санын 13900 адамға дейін өсіру, әлеуметтік бейімделу орталығындағы адамдарға және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қатыстыру арқылы 35 астап спорттық іс-шаралар өткізу.

 

«ЖАСТАР ҚЫЗМЕТІ»жобасы – қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі мен кәсіпкерлік және туризм бөлімімен бірлесіп тоқсан сайын бос орындар жәрмеңкесін өткізу, жұмыспен қамту бөлімі арқылы жеке бағыттары бойынша жастарды оқыту, екінші мамандықты игеру мақсатында қайта оқыту (жоба қаржыландыруды талап етпейді).

Жобаның мақсаты - Ақсу өңірінде еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және дамыту, жұмыспен қамту мәселелерін шешу.

Индикаторлар: жастардың жұмысқа орналасу деңгейін арттыру, жобаға тартылғандар саны 2018 жылы – 1000 адамды құрады, 2019 жылы – 2000 адады, 2020 жылы – 3000 адамды тарды жобаланып отыр.

«АСАР»әлеуметтік волоньерлар жобасы- жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу мақсатында арнайы бағдарламамен Ақсу өңірінде және ауылдық округтерде волонтерлық қозғалыстар жүйесін құру.

Жобаның мақсатыАқсу өңірінде және ауылдық округтерде волонтерлық қозғалыстарды қолдау және дамыту, мұқтаж адамдарға ерікті түрде әлеуметтік көмек көрсету.

Жоба индикаторы: жобаға тартылған жастар саны 2018 жылы 3000 адамды қамтыды, 2019 жылы  - 5000 адамды қамтуды жоспарлап отыр.  

«КОМАНДА АСМ - КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ» жобасы Жастар Кеңесі мүшелерінің негізгі кəсіби басқарушылық құзыреттерін дамыту, жастар Кеңесі базасында жастар үшін кәсіби және жеке жетістіктерін жетілдіру институтын құру. Жастар кеңесі жұмысын сапалы және дәлелді қызметкерлермен қамтамасыз ету арқылы тұрақты дамытуды қамтамасыз ету.

Жобаның мақсаты - іріктеу жүйесін құру, Ақсу қаласының Жастар кеңесі ұйымдық құрылымы арқылы мемлекеттік басқару және бизнес саласында одан әрі жұмыс істеу үшін әлеуметтік белсенді жастарды дайындау және насихаттау.

Индикаторлар:

 «ШВЕЙНОЕ КАФЕ»шеберханасыжобасы-ұлттық нақыштағы өнімдердің түрлерін көбейту, кәсіпкерлік қызметтерді дамыту, ауылдық округтерде жастардың жұмысқа орналасуын жетілдіру, киім тігуге арналған үйірмелер санын арттыру (қаржыландыру сомасы 1,5 млн.теңге).

Жобаның мақсаты - ауылдық деңгейде әйелдер мен жастар, ауыл тұрғындарының мәселелерін шешу және  жергілікті қоғамда әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігін, прагматизмін, халықтың әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Индикаторлар: 2018 жылы "Пошив одежды" үйірмесіне 500 астам жастар қатысты, 2019 жылы 1000 адам, 2020 жылы 2500 адам қатыстыруды жоспарлап отыр. 2018 жылы 30 адам жұмыспен қамтылды. 2019 жылы 100 адам, 2020 жылы 200 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

«Жауқазын шақ – Время подснежников» жобасы – ауылдық жерлерде әйелдер комитетін құру(қаржыландыру сомасы 650000 теңге).

Жобаның мақсаты ауылдық деңгейде ауылдықтардың, жастардың, әйелдердің мәселелерін шешу, ауылдық округтерде қолөнер шеберханаларын құру, барлық 6 ауылдық округте көрме-тұсаукесерлер ұйымдастыру, киіз бұйымдарын сату, белсенді әйелдерге және ауыл тұрғындарына ауылдың қоғамдық өміріне қосылуға көмектесу.

         Индикаторлар: әйелдер, жастар мен ауыл тұрғындарының қоғамға бейімделуіне, әлеуметтенуіне және жеке дамуына қажет жеке көшбасшылық дағдыларын дамыту.

 

         «Азаматтық бастамалар картасы»  базалық жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында:

«Жайнай бер, Ақсуым»  жобасы – елордамыз Астананың мерейтойына қарсы 16 аулалық алаңға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. СОнымен қатар балалар алаңдары, жаттығу құралдары орнатылады (қаржыландыру сомасы  320 млн теңгені қамтиды).

Жобаның мақсаты – Ақсу қаласының ішкі ауданының сыртқы көрінісін жақсарту, қаланың шағын аудандарын абаттандыру.

Индикаторлар: Балалар алаңдары, тренажерлар орнатылған 16 аула аумағы.

«Ақсу қаласындағы сауда-ойынсауық орталығының құрылысы» жобасы – сауда-ойынсауық орталығында кинотеатрдың, кафе-ресторандардың,  балалар ойын-сауық кешені мен сауда алаңдарының ашылуы (қаржыландыру сомасы  800 млн.теңгені қамтиды, демеушілер қаражы).

Жобаның мақсаты Ақсу қаласының тұрғындары үшін бос уақыттарын ұйымдастыру.

         Индикаторлар: сауда- ойынсауық комплексінің берілуі, 20 астам жастардың жұмысқа орналасуы.

 

 «Қазақстанның киелі жерлерінің георафиясы» арнайы жобас шеңберінде:

 «Шығу тегімізге оралу» жобасы- Ақсу аумағындағы қасиетті және тарихи ескертіштері болып саналатын жерлерді анықтау, жобаны жүзеге асыруда ҮЕҰ, жастар ұйымдарын, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, тұрғындарды қатыстыру, киелі жерлерге экскурсия өткізу, қасиетті жерлер туралы дөңгелек үстелдер, семинарлар, әлеуметтік зерттеулер жүргізу (қаржыландыру сомасы 7660,5 мың теңгені қамтиды).

Жобаның мақсаты - Ақсу өңіріндегі киелі орындардың сақталуына жәрдемдесу, жұртшылыққа ақпарат беру ( интернет, БАҚ арқылы), жас ұрпақтың туған өлкесінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, тарихи дереккөздер мен туған жердің ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи оқиғаларының,  шынайы деректерді қалпына келтіру.

«Туған өлке – тұнған тарих қазынам» «Родная земля - сокровище истории» жобасымұражай қорын өңірдің қасиетті жерлері туралы журналдармен, буклеттермен, жол нұсқаушы кітапшаларымен, туған өлке туралы материалдармен, ақпараттармен толтыру (қаржыландыру сомасы 5 млн.теңгені құрайды).

Жоба мақсаты - өскелең ұрпақтың туған жерінің тарихына қызығушылығын арттыру,заманауи қазақстандық мәдениеттің үздік жетістіктерін және тарихи-мәдени мұрасын  насихаттау, сақтау, дамыту және танымал ету.

Индикаторлар: жобаға қатысушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту, тарихи құндылықтарды сақтау, туған жердің тарихына деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар тұрғындардыңөлкетану мәдениеті деңгейін арттыру.  

 

«Жаһандық әлемде қазіргі Қазақстанның мәдениеті» бағыты бойынша.

«Мәдени тәрбие» жобасы - өңірде мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу, мәдениет қызметкерлері күніне орай жыл сайын кәмелеттік жасқа толмағандар балалалар мен ата-аналар, жастар, мәдениет саласының қызметкерлері үшін мастер-класстар, семинарлар өткізу (қаржыландыру сомасы 500000 мың теңгені құрайды

Жоба мақсаты – балалар мен ересектердің рухани-адамгершілік дамуының аспектілерінің бірі-эстетикалық және мәдени тәрбиелеу болып табылады.

Индикаторлар: бұқаралық іс-шаралар қалыпты іске асу үшін жағдай жасау, шығармашылық ұжымдардың қабілеттерін іске асыру үшін оңтайлы жағдайлармен  қамтамасыз ету, Ақсу қаласының мәдениет және ұйымдастыру бөлімдерімен бірлесіп өңір тұрғындары мен қонақтарын тарту.

           «Аksu live» жобасы – қалалық жағажайда бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізу. 10 мыңнан астам тұрғындар қатысады деп күтіліп отыр (қаржыландыру сомасы 15 млн теңгені құрайды).

Жобаның мақсаты – тұрғындадың мәдени іс-шараларға атсалысып қатысуына жағдай жасау, аймақтағы мәдениет саласын жаңғырту және насихаттау.

Индикаторлар: Ақсу қаласының мәдениет және ұйымдастыру бөлімдерімен бірлесіп өңір тұрғындары мен қонақтарын тарту.


2018-05-31 18:48:35

Сондай-ақ оқыңыз