Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды.

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды

   «Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.

   «Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
      1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды (2 күн);
      2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды (оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады); 
     3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді (жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады). 
   Оқыту барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздері бойынша оқу материалдары, құжаттардың стандартты пакеті, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржыландыруды алуға арналған құжаттардың үлгілері, маркетингтік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласындағы халықаралық тәжірибе, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті құру идеяларының анықтамалықтары беріледі.

     «Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық Павлодар облысы КҚКО, КҚО береді.

    Оқыту өтеусіз негізде ұсынылады;

`   Өтініштер Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады: Аксу, қаласы, К.Маркса,1 к-сі, байланыс телефоны 8(71837)33166

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 24.01

 


2017-01-24 09:46:04

Сондай-ақ оқыңыз