Ақсу қаласының әкімдігі

АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ САЙТЫ

Біздің телефон 8 (71837) 50187
WHATSAPP+7 (747) 912-63-16
Загрузка...

Сұрақ

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба?

Сұрақтар мұрағаты

Стартаптарды қаржыландырудың жаңа тәсілі

Стартаптарды қаржыландырудың жаңа тәсілі

            Павлодар кәсіпкерлеріне инновациялық жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдері туралы ақпарат берілді

 

Ат

        Кәсіпкерлер палатасының алаңында бизнес, жоғары оқу орындары мен өңірдегі ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қызметкерлерімен кездесті.

     «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Марат Омартың айтуынша, 2017 жылдың 2 тамызы мен 2 қазан аралығында инновациялық грантқа өтінім қабылданады. Грант бөлу талаптары жетілдірілген.

     «Біз бизнес процестерді қайта инжинирингтеу жұмысын жіүргіздік, грант бөлу талаптарын жетілдірдік. Егер бұған дейін бизнеске қолайсыз әрі соңында өнім шығаруды қарастырмайтын гранттың 9 түрі болса, бүгінде олар 3 топқа біріктіріліп, қаржыландыру лимиті өсірілді», – деп хабарлады Марат Омаров.

     Мысалы жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның технологиялық дамуына грант берудің жаңа ережесі бойынша гран сомасы лицензиялық келісімшарт бойынша негізделген шығын 70%-ға дейін немесе жабдық алуға негізделген шығын 50%-ға дейін болады. Қаражат түрінде бұл 400 млн теңгеге дейін. Марат Омаровтың айтуынша, бұл грант кәсіпорынның технологиялық деңгейін отандық және халықаралық озық технологияларымен трансферттеу арқылы жүргізуге бағытталған.

     Тағы бір инновациялық грант – бұл салаларды технологиялық дамыту. Мұнда лицензиялық келісімшарт бойынша негізделген шығын 70%-ға дейін, жабдық алуға негізделген шығын 50%-ға дейін және технологиялық біліктілікті арттыруға жұмсалатын негіздлеген шығынды 85%-ға дейін, сомасы 500 млн теңгеге дейін болады. Бұл грант негізінен жұмыс істеп тұрған салаларды шет елдің озық технологиялар, тәжірибе, білімі мен білікті трансферт арқылы дамытуға бағытталған. Технологияларды коммерцализациялауға бөлінетін гранттың көлемі белгіленген шығынның 50%-на дейін, ақшалай алғанда 200 млн теңгеге дейін қарастырылған. Бұл грант өндірісте ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтің енгізілуіне арналған  Инновациялық гранттар қайтарылмайтын және бірлесіп қаржыландыру ұстанымы негізінде беріледі. 2011–2016 жыл аралығында жалпы сомасы 12,2 млрд теңгеге 328 келісімшарт жасалды, оның ішінде 1,9 млрд теңге сомасындағы 66 келісімшарт 2016 жылы жасалған. Жалпы алғанда, гранттық қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру оң әлеуметтік-экономикалық серпінді көрсетіп отыр. Грант алушылардың ақпаратына сүйенсек, 2014 жылдың 1-жартыжылдығы мен 2017 жыл аралығында инновациялық грантты іске асыру нәтижесінде 2 773 жұмыс орны ашылып, 7,6 млрд теңгеден астам сомада салық төленген, сондай-ақ 131,4 млрд теңге сомасында өнім шығарылған. Өтінімді 2017 жылдың 2 тамызы мен 2 қазаны аралығында электронды түрде www.digital.baiterek.gov.kz порталына жолдауға немесе Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, «Нұржол» гүлзарындағы Бизнес орталыққа қағаз түрінде жеткізуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж 08.08


2016-11-08 11:28:15

Сондай-ақ оқыңыз